Ustazdyq

Құқық негіздері: Тоқсандық бақылау

254 сұрақ · 5-бет, барлығы 6 бет

  1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заң қабылданды:

    Дұрыс жауап: 2015 ж. 18 қараша

  2. Еңбекті қорғау саласында, жұмс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайларында қосымша кепілдіктерді пайдаданады:

    Дұрыс жауап: 18 жасқа толмаған жұмыскерлер

  3. Неке мен отбасын қорғаудың юрисдикциялық түрі:

    Дұрыс жауап: Сот

  4. Исключите лишнее из традиций и обычаев казахов, связанных с приемом гостей:

    Дұрыс жауап: асар

  5. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі қағида қайсысы?

    Дұрыс жауап: Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін басым қорғау

  6. Ата – аналардың кәмелет жасына толмаған балаларын тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін оларды қылмыстық жауапқа тартуды қарастырған Қ Р-ның Қылмыстық кодексіндегі бап:

    Дұрыс жауап: 140 – бап

  7. Кейбір қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін жауаптылық басталады:

    Дұрыс жауап: 14 жастан

  8. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі қабылданды:

    Дұрыс жауап: 2014 жылы 15 шілдеде

  9. Баланың мектептегі міндеттеріне жатпайды:

    Дұрыс жауап: отбасы мүшелерінің құқығын сақтау

  10. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Республикасында қол қойылды:

    Дұрыс жауап: 1994 жылы 16 ақпанда

  11. Міндеттеме талаптарына сәйкес өзге жақтың пайдасы үшін белгілі бір іс-әрекет жасауға немесе әлдебір әрекет жасаудан тежеліп қалуға міндетті тарап:

    Дұрыс жауап: Борышкер

  12. Азаматтық құқықтық қатынастардың барынша кең тараған және көпқырлы түрлерінің бірі:

    Дұрыс жауап: Міндеттемелер

  13. Жеке тұлғалардың тыныштығын бұзуға болмайтын қалыпты түнгі демалыс уақыты:

    Дұрыс жауап: 23-тен таңғы 6-ға дейін

  14. Еңбек құқығының ұжымдық субъектісіне жатады:

    Дұрыс жауап: Кәсіподақ

  15. Борышкер несие берушіге міндеттемесін орындамағаны үшін төлеуге міндетті қаражат:

    Дұрыс жауап: Айыппұл

  16. Әрекет қабілеттілік ұғымы нені білдіреді?

    Дұрыс жауап: Тұлғаның өз әрекеті арқылы құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра алуы

  17. Құқық қабілеттілігі дегеніміз не?

    Дұрыс жауап: Тұлғаның құқықтар мен міндеттерге ие бола алу мүмкіндігі

  18. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы нені білдіреді?

    Дұрыс жауап: Адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденгенге дейін ол кінәсіз деп танылады

  19. Құқықтық мемлекет ұғымының негізгі белгілерінің бірі қайсысы?

    Дұрыс жауап: Заңның үстемдігі және азамат құқықтарының қорғалуы

  20. Тұрғын үйді жалға беруші міндеттеріне жатпайды:

    Дұрыс жауап: коммуналдық қызмет үшін уақтылы ақы төлеуге

  21. Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтірген жағдайда,сотта сыйға тартудың күшін жоюды талап етуге құқылы:

    Дұрыс жауап: мұрагерлері

  22. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 601-бабы:

    Дұрыс жауап: Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi

  23. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы қабылданды:

    Дұрыс жауап: 1996 жылғы 10 маусымда

  24. Қазақстан Республикасында сатып алу-сатуға байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін ережелер қамтылады:

    Дұрыс жауап: Азаматтық кодексте

  25. Мүлік иесінің өз мүлкін басқа адамға өзара келісім бойынша ақылы түрде уақытша иеленуге және пайдалануға беруі:

    Дұрыс жауап: жалға беру

  26. Айырбас шартының басты ерекшелігі:

    Дұрыс жауап: тауар алмасу

  27. Баланың өзіндік құқықтары: 1.Балалар ата-аналарын сыйлап қадірлеуі қажет 2.Әр баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге 3.Жекетұлғалық даралығын сақтау құқығы 4.Балалар басқа адамдардың құқықтары мен еркіндіктерін…

    Дұрыс жауап: II,III

  28. Алимент санау тәртібін бекітеді:

    Дұрыс жауап: сот

  29. Бір тұлғаның оны қабылдауға құқығы бар басқа тұлғаны ақшалай немесе материалдық тұрғыдан асырауы:

    Дұрыс жауап: алимент

  30. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар:

    Дұрыс жауап: Денсаулық

  31. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң қабылданды:

    Дұрыс жауап: 2010 жылғы 4 мамырда

  32. «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» деп көрсетілген ҚР. Конституциясының бабы:

    Дұрыс жауап: 27 бап

  33. Еңбек бостандығы, мамандық пен жұмыс түрін еркін таңдау құқығы бекітілген бап:

    Дұрыс жауап: 24- бап

  34. Материалдық және рухани құндылықтарға ие адамның өмір сүруінің қажетті шарты:

    Дұрыс жауап: меншік

  35. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына аспауға тиіс:

    Дұрыс жауап: 40 сағаттан

  36. Некеге отыратын адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім:

    Дұрыс жауап: неке шарты

  37. Мерзімі көрсетілген мәмілелер:

    Дұрыс жауап: Шұғыл

  38. Қазақ қоғамындағы ұрпақтар арасында жақын туыстық байланыс созылады:

    Дұрыс жауап: 7 атаға дейін

  39. Заңды, рұқсат етілген, көп реттерде заң қолдап отыратын іс-әрекет:

    Дұрыс жауап: Мәміле

  40. Тұтынушылардың құқығы бар: І. Тауар туралы ақпарат алуға ІІ. Кепілдік пен өтемақы алу ІІІ. Міндетті әлеуметтік сақтандыру IV. Моральдық зиянды өтетуге

    Дұрыс жауап: І,IV

  41. Табиғи жағдайда кездесетін немесе адам еңбегімен жасалған сыртқы әлемдегі нәрсе:

    Дұрыс жауап: зат

  42. Бірінші тарап бір нәрсені екінші тарапқа ақысыз немесе басқалай сыйақысыз беруге міндеттенеді:

    Дұрыс жауап: ақысыз мәміле

  43. Нотариалды куәландырусыз жүзеге асырылатын мәміле:

    Дұрыс жауап: қарапайым мәміле

  44. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының уақыты кем болмауы керек:

    Дұрыс жауап: 24 күннен

  45. Шартты мәмілелер:

    Дұрыс жауап: шарт бойынша жасалған мәмілелер

  46. Сатушының міндеттеріне жатады:

    Дұрыс жауап: Тауар туралы толық ақпарат беруге

  47. Біртекті мәмілелерді жасау үшін немесе ұзақ уақыт бойы белгілі бір іс-әрекеттерді аяқтау үшін берілетін сенімхат:

    Дұрыс жауап: Арнайы

  48. Еңбек ету үдерісінде қоғамдық қатынастарды реттеп отыратын құқықтық нормалар жиынтығы:

    Дұрыс жауап: Еңбек құқығы

  49. Құқық бұзушылық жасағаны үшін меншік иесінен мүлікті сот тәртібімен ақысыз алу:

    Дұрыс жауап: Тәркілеу

  50. Азаматтық құқық субъектілері жасаған және міндеттемелер негізінде туындайтын мәмілелердің жиынтығы:

    Дұрыс жауап: азаматтық айналым