Ustazdyq

Құқық негіздері: Тоқсандық бақылау

254 сұрақ · 4-бет, барлығы 6 бет

  1. Некеге отыратын адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім:

    Дұрыс жауап: неке шарты

  2. Тауарларды сатып алатын,қызметтерді пайдаланатын,белгілі бір жұмысқа нақты төлеммен тапсырыс беретін жеке тұлға:

    Дұрыс жауап: Тұтынушы

  3. Еңбек бостандығы, мамандық пен жұмыс түрін еркін таңдау құқығы бекітілген бап:

    Дұрыс жауап: 24-ші бап

  4. Қарыз берушінің құқықтарының бірі:

    Дұрыс жауап: борышқорға мүлік түрінде ақшаны беру үшін сыйақы алу

  5. Тұрғын үйді жалға беруші құқылы:

    Дұрыс жауап: коммуналдық қызметтер үшін уақтылы ақы төлеуді талап етуге

  6. Келісімшарт қарапайым жазбаша түрде жасалатын қарыз сомасы:

    Дұрыс жауап: 100 АЕК

  7. Сатып алу-сату келісімшарты:

    Дұрыс жауап: консенсуалды

  8. Тауар туралы ақпарат тізіміне жатпайды:

    Дұрыс жауап: тұтынушы құқығы

  9. Тұрғын үйді жалдау шартын реттейтін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің тарауы:

    Дұрыс жауап: 30-тарау

  10. Сақтандырудың міндеті: 1. тәртіппен және мерзімінде сақтандыру сыйлықтарын төлеу; 2. сақтандырудың құпиясын қамтамасыз ету; 3. заңға сәйкес шартты жазбаша жасау; 4. шарттың қолдану мерзімі;

    Дұрыс жауап: ІІ,ІІІ

  11. Тараптар өзара келісімге (сатып алу-сату, мердігерлік, лизинг) келген сәттен бастап шарт жасалған болып саналады:

    Дұрыс жауап: ақысыз шарт

  12. Бір тараптың екінші тараптың меншігіне немесе басқаруына ақша, бағалы қағаздар беруге міндеттелуі қарастырылатын шарт:

    Дұрыс жауап: қарыз

  13. Сот шешімі немесе тараптардың келісімі негізінде туындайтын құқықтық қатынастар:

    Дұрыс жауап: алименттік қатынастар

  14. Шығармашылық еңбегімен туындыны жасаған жеке тұлға:

    Дұрыс жауап: автор

  15. Бала асырап алу-

    Дұрыс жауап: сот шешімі негізінде баланы отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны

  16. Мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін оның мүлкіне қатысты құқықтар мен міндеттемелердің жиынтығын қабылдайтын жекетұлға:

    Дұрыс жауап: мұрагер

  17. Сатып алу-сату шарты бойынша екіжақты шартының тараптары:

    Дұрыс жауап: Сатушы мен сатып алушы

  18. ҚР Азматтық кодексінің 445-457 баптарында жеке қарастырылады:

    Дұрыс жауап: бөлшектеп сатып алу-сату шарты

  19. Сатып алушының тауарды алмастыру немесе қайтару туралы талаптары қанағаттандырылуға тиіс жағдайларға жатпайды:

    Дұрыс жауап: қолдану мерзімі белгіленген болса

  20. Сатып алушы тауар туралы қажетті және дұрыс ақпарат алуға құқылы екенін дәлелдейтін Заң:

    Дұрыс жауап: Тұтынушылар құқықтарын қорғау» туралы

  21. Тауар туралы ақпарат тізіміне жатпайды:

    Дұрыс жауап: сатып алушының құқықтары

  22. Жұмыс беруші мен ұжымдық еңбек дауында өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында қызметкерлердің жұмысты толық немесе ішінара тоқтатуы:

    Дұрыс жауап: ереуіл

  23. Тараптардың құқықтары мен міндеттері,яғни міндеттемені орындау талапты орындау құқығы:

    Дұрыс жауап: міндеттеме

  24. Айырбас шартының басты ерекшелігі:

    Дұрыс жауап: тауар алмасу

  25. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 601-бабы:

    Дұрыс жауап: Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi

  26. Субьектілер бойынша еңбек дауларының түрлері: Жеке еңбек даулары Әлеуметтік еңбек даулары Еңбек арбитражы Ұжымдық еңбек даулары

    Дұрыс жауап: I,IV

  27. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 454-бабы:

    Дұрыс жауап: Сатушыда алмастыруға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға қайтарып беруге және оған төленген ақша сомасын алуға құқылы

  28. Адам өмірі мен дамуының негізі:

    Дұрыс жауап: еңбек

  29. Отбасылық-некелік қатынастарды реттеп отыратын құқықтық нормалардың жиынтығы:

    Дұрыс жауап: Отбасылық құқық

  30. Қылмыстық жауапкершілікке тартылу басталатын жас мөлшері:

    Дұрыс жауап: 16 жас

  31. Алиментті жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығына бақылау жүргізеді:

    Дұрыс жауап: Сот орындаушы

  32. Қылмыстық қудалау органдарының құрамына кірмейді:

    Дұрыс жауап: Адвокат

  33. Уағдаласушы тараптардың шарт жасау мен орындауды немесе өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге беретін ақшалай сомасы:

    Дұрыс жауап: Кепілпұл

  34. Борышкер несие берушіге міндеттемесін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін төлеуге міндетті:

    Дұрыс жауап: Айыппұл

  35. Жеке адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады:

    Дұрыс жауап: 16 жастан

  36. Бала құқығы туралы Конвенция қабылданды:

    Дұрыс жауап: 1989 жылы

  37. Қазақстан Бала құқығы туралы Конвенцияны ратификациялады:

    Дұрыс жауап: 1994 жылы

  38. Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы жазбаша келісім:

    Дұрыс жауап: Еңбек шарты

  39. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар: І .Жәбірленушінің қылмыстық құқықбұзушылыққа түрткі болған заңға қайшы мінез-құлқы ІІ. Қылмыстық құқықбұзушылық салдарынан келген мүліктік залалды ерікті түрде өтеу…

    Дұрыс жауап: ІІІ, IV

  40. Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында тікелей келіспеушілктен пайда болатын заңды фактілер:

    Дұрыс жауап: Еңбек дауы

  41. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі қабылданды:

    Дұрыс жауап: 2015 жылы 23 қарашада

  42. Уәкілеттік берілген сот пен органдар әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы:

    Дұрыс жауап: әкімшілік жаза

  43. Қылмыстық жауапкершілікке тарту тәртібін қарастыратын «Қылмыстық – процестік кодекс» қабылданды:

    Дұрыс жауап: 2014 ж. 4 шілде

  44. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексі қабылданды:

    Дұрыс жауап: 2011 жылғы 26 желтоқсанда

  45. Өмірде адамдардың некені тіркемей-ақ бірге тұрып, шаруашылығын бірге жүргізуі:

    Дұрыс жауап: Азаматтық неке

  46. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексі бойынша «Отбасы – тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» туралы көрсетілген бап:

    Дұрыс жауап: 73 – бап

  47. Борышкер несие берушіге міндеттемесін орындаманы үшін төлеуге міндетті қаражат:

    Дұрыс жауап: Айыппұл

  48. Ұжымдық еңбек дауларын шешу жолдарының реттілігін сәйкестендіру: 1. Жұмыс беруші қарастырады; 2. Сот шешеді; 3. Бітістіру комиссиясы; 4. Еңбек арбитражы;

    Дұрыс жауап: 1 – 3 – 4 – 2

  49. Баланың отбасындағы міндеттеріне жатады:

    Дұрыс жауап: отбасы мүшелерінің құқығын сақтау

  50. Кәмелетке толмаған жасөспірімді арнайы құқықтан айыру аспау керек:

    Дұрыс жауап: 1 жылдан