Қазақстан тарихы: Тоқсандық бақылау
546 сұрақ · 9-бет, барлығы 11 бет
Бүкіл Қазақстан аумағы Моңғол империясының құрамына кірді:
Дұрыс жауап: 1224 ж.
"Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді, көп өсіретіні-тары, ал тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады"-деп жазған саяхатшы:
Дұрыс жауап: Әл-Омари.
Ақ Орда мемлекетінің жалғасы, «Көшпелі өзбектер» деген атпен белгілі болған мемлекет:
Дұрыс жауап: Әбілхайыр хандығы
Ерте темір кезеңінде Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа:
Дұрыс жауап: Исседондар
1999 жылы Берелдегі № 11 обаны зерттеген археолог:
Дұрыс жауап: З.Самашев
Бұзылмай сақталған 13 жирен жылқы табылған сақ қорғаны:
Дұрыс жауап: Берел
Қаңлылардың металл өндірісінің орталығы:
Дұрыс жауап: Шаш-Илақ
Парсылармен болған шайқаста ІІ Кирге тұтқынға түскен Томиристің ұлы:
Дұрыс жауап: Спаргапис
Жетісу жерінде 31 обадан тұратын қорым:
Дұрыс жауап: Бесшатыр
Қаңлыларда қытаймен сауда қатынасының болғандығын білдіретін қытайлық ақшалар табылған қорым:
Дұрыс жауап: Мардан
Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері:
Дұрыс жауап: Қауыншы, Жетіасар, Отырар-Қаратау
Үйсіндер мемлекеті алғаш тәуелді болған ел:
Дұрыс жауап: Ғұн
ХІХ ғ. тұз өндірілген Батыс Қазақстандағы кәсіпшіліктер:
Дұрыс жауап: Соколов, Сарыбай
1822-1824 жылдарғы реформаның XIX ғасырдың 60 - жылдары қарсаңында қорытындысы:
Дұрыс жауап: Жарамсыз болып қалды
1848 жылы Ресей әскері Сырдария өзенінің бойына салған бекініс:
Дұрыс жауап: Қазалы
1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерді:
Дұрыс жауап: Рукин отрядының талқандалуы
Патша үкіметі сұлтандар билігін әлсіретіп, билер сотын тарата бастады:
Дұрыс жауап: ХІХ ғасырдың 20–90-жылдары
1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер:
Дұрыс жауап: Ұзынағаш
Ертiс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет ашқан:
Дұрыс жауап: Қосым Пiшенбаев
Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттеген «Үш қиян» өлеңінің авторы, Зар заман ақыны.
Дұрыс жауап: М.Мөңкеұлы
1867ж.11 шілдеде ІІ Александр патша бекіткен ереже:
Дұрыс жауап: «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже»
1867-1868 жылдардағы реформаның ауыртпалығына байланысты көтерілістер болған жерлер:
Дұрыс жауап: Орал, Торғай, Маңғыстау
Первоначально тюркское слово «қазақ» (казах) имело значение
Дұрыс жауап: свободный
1938 жылы "буржуазиялық ұлтшыл" ретінде тұтқындалып, атылған, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған бірінші қазақ жазушысы:
Дұрыс жауап: С.Сейфуллин
Қазақ халық ағарту институтының бірінші ректоры болып тағайындалды:
Дұрыс жауап: Т. Жүргенов
Академик-ғалым Қ.Сатбаев аты берілген жоғарғы оқу орны:
Дұрыс жауап: Қазақ ұлттық техникалық университеті
1950ж. басындағы қуғын-сүргін кезінде "Маған сенім артқан ғылыми мекеменің қызметкерлерін мен басқарып тұрғанда, ешқайсысын себепсіз жазалануына келісім бермеймін" деп өзі де қуғын-сүргінге ұшыраған ғалым:
Дұрыс жауап: Қ. Сәтпаев
Ұжымдастырудан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы қалған малдың саны:
Дұрыс жауап: 5 млн.
1925 ж. Индустрияландыруды бастау туралы шешім қабылдаған съезд:
Дұрыс жауап: БК (б) П XIV съезі
1926 жылы aлғашқы жоғары оқу орны - Қазақ халық ағарту институты ашылған қала
Дұрыс жауап: Ташкент
Күштеп ұжымдастыруға , Қазақстанды Ресейдің шикізат аймағына айналдыруға қарсы болып, сол үшін қуғын-сүргінге ұшыратылды:
Дұрыс жауап: С.Садуақасов
А.Байтұрсынұлы редакторы болған апталық газет:
Дұрыс жауап: «Қазақ»
Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн. малдың,1933 жылғы мал саны:
Дұрыс жауап: 4,5 млн мал қалған еді
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқын ілім-білімге, әрі мәдениетті қоғам құруға шақырған өлеңдер жинағы:
Дұрыс жауап: «Маса»
1933 жылы Воронежде жұмыс істеп жүріп, іш сүзегінен қаза тапқан қайраткер:
Дұрыс жауап: С.Сәдуақасов
Индустрияландыру жылдары Қаныш Сәтбаевтың сіңірген еңбегі:
Дұрыс жауап: Жезқазған ауданындағы мыс кенін зерттеді
1927 жылы желтоқсанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялаған съезд:
Дұрыс жауап: XV съезд
А.Байтұрсынұлы құрастырған әліпби атауы:
Дұрыс жауап: Төте жазу
Қазақ тілі ғылымының негізін салушы, қоғам қайраткері:
Дұрыс жауап: Ахмет Байтұрсынұлы
101 мың Қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті,олардың ішінде атылғандары:
Дұрыс жауап: 27 мыңнан астамы
Қазақстанда «Жалпыға ортақ міндетті бастауыш білімі жөнінде» қаулы шықты:
Дұрыс жауап: 1930 жылы
1932 БК (б) П өлкелік комитетіне аштық , оның ауыр зардаптары туралы қазақ зиялылары жолдаған хат:
Дұрыс жауап: "Бесеудің хаты"
1930 жылы 7 ақпанда басталған көтеріліс:
Дұрыс жауап: Созақ
Индустрияландыру кезеңінде 1927-1931 жылдары салынған құрылыс:
Дұрыс жауап: Түркісіб теміржолы
Сауатсыздықты жою мен ағартудың негізгі ошағы:
Дұрыс жауап: Қызыл отау
Орынборда оқып жүрген кезінде Ы. Алтынсарин жақын таныс болған шығыстанушы-ғалым:
Дұрыс жауап: В.В. Григорьев
Түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған орта ғасырлық энциклопедист ғалым:
Дұрыс жауап: Махмұд Қашғари
Қазақ жерінің бастысында XV ғасырдың орта кезінде өмір сүрген мемлекет:
Дұрыс жауап: Ноғай Ордасы
Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, саяси қайраткер:
Дұрыс жауап: Күлтегін
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының жаңа нұсқасы ұсынылды:
Дұрыс жауап: 2014 жылы