Қазақстан тарихы: Тоқсандық бақылау
546 сұрақ · 8-бет, барлығы 11 бет
Орынбор губерниясы Қазақ автономиясы құрамынан шығарылды:
Дұрыс жауап: 1925 жылы
1941 жылдың аяғына дейін Қазақстанға жер аударылған неміс ұлтының саны:
Дұрыс жауап: 420 мың
КСРО ХКК қаулысымен 1940 жылы Қазақстанға поляктарды қоныс аударды:
Дұрыс жауап: Украинадан
Түркиялық Халифа Алтай:
Дұрыс жауап: Құранды араб тілінен қазақ тіліне алғаш рет аударды
Тәуелсіздік жылдары республикаға қайтып оралған қазақтардың саны:
Дұрыс жауап: 1,5 млн-ға жуық
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға күштеп қоныс аударылған ұлттардың саны:
Дұрыс жауап: 60-тан астам
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды:
Дұрыс жауап: Орынбор қаласында.
1939 жылғы санақ бойынша республикадағы қазақтардың саны:
Дұрыс жауап: 2,3 млн
2003 жылы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының I съезі өткен қала:
Дұрыс жауап: Астана қаласы
Ұйғыр, дүнгендер қоныстанған Жетісу жеріндегі аймақ:
Дұрыс жауап: Верный,Жаркент
1897 жылы Қазақстандағы және онымен шегаралас қалалардағы немістердің жалпы саны жуықтады:
Дұрыс жауап: 7 мыңға
Қазақстанға Украинаның бастыс аудандарынан 15 мың поляк және неміс отбасылары жер аударылды:
Дұрыс жауап: 1936 жылы
1995 жылы наурызда құрылған қоғамдық ұйым:
Дұрыс жауап: Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қиыр Шығыстан корей халқы жаппай күштеп қоныс аударылды:
Дұрыс жауап: 1937 жылы
1868 жылы «Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады:
Дұрыс жауап: Колпаковский
2014 жылдан бастап бала туу деңгейі төмен және жұмыс күшінің тапшылығы бар өңірлердегі кадр мәселесін шешуде сәтті жүргізіліп келе жатқан бағдарлама:
Дұрыс жауап: «Серпін»
Моңғолиядан шыққан ғалым-түрколог, көне түркі жазбаларын еркін оқитын санаулы зерттеушілердің бірі:
Дұрыс жауап: Қаржаубай Сартқожаұлы
Бір халықтың екінші халықпен араласып, ұлт ретінде сіңісіп кетуі:
Дұрыс жауап: ассимиляция
2008 жылы көші-қонды басқару жөнінде қабылданған бағдарлама:
Дұрыс жауап: «Нұрлы көш»
756 жылы әлсіреген Түргеш қағанатын құлатты
Дұрыс жауап: Қарлұқтар
Оғыз мемлекетінің әлсіреу себептері
Дұрыс жауап: Салжұқтармен ұзақ жылдарға созылған соғыстар
Ашина әулетінің өмір сүруін тоқтатты
Дұрыс жауап: Шығыс Түрік қағанатының ыдырауы
1893 жылы ежелгі түркі руналық қолжазбаларының құпиясын ашқан ғалым:
Дұрыс жауап: В. Томсен
Түріктерде мал шаруашылығынан кейін маңызды рөл атқарады:
Дұрыс жауап: Аңшылық
Қимақ мемлекетінің құлауына жеткізген себептер
Дұрыс жауап: Қыпшақ көсемдері дербестік үшін күресті
Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан билеуші:
Дұрыс жауап: Шахмәлік
Алғашқы түркі қағандарының ерлік істері жазылған құлпытас:
Дұрыс жауап: Бұғыты
630 жылы Жетісу өңірінде болған будда монахы өз жазбаларында «Бұл қаланың ауқымы 6 – 7 ли. Онда түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады. Бұл қаланың тура батысында ондаған жеке қалалар орналасқан...» деп айтқан қала
Дұрыс жауап: Суяб
Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мәлімет кездеседі:
Дұрыс жауап: 542 ж.
«Қыпшақтар қышқыл сусын ұсынды»-деп жазған саяхатшы:
Дұрыс жауап: В. Рубрук
Ақ Орда аумағындағы билік Шайбани ұрпағы Әбілқайырдың қолына өтті:
Дұрыс жауап: 1428ж.
«Қазандық» деп аталатын орталық залда қойылған Тайқазан жасалды:
Дұрыс жауап: 1399 ж.
Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы жазылған еңбек:
Дұрыс жауап: «Тарих-и Рашиди»
Сығанаққа жақын Көккесене жерінде Әбілқайыр әскерімен ойраттар арасындағы шайқас болды:
Дұрыс жауап: 1457ж.
XIV-XV ғасырлардағы Әмір Темір салдырған ең маңызды ғимарат:
Дұрыс жауап: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Ақ Орданың күш-қуатын нығайтқан хан:
Дұрыс жауап: Ұрыс хан
Моғолстан мемлекетіндегі ханнан кейінгі ірі лауазым:
Дұрыс жауап: Ұлысбегі
Қазақстандағы этникалық үдерістердің екінші кезеңіне әсер еткен тайпа:
Дұрыс жауап: түркілер
Әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін заттай жиналатын салық:
Дұрыс жауап: Тағар
XIV-XV ғасырларда қала өмірі және егіншілік дамыған өңір:
Дұрыс жауап: Оңтүстік Қазақстан
Қыпшақтар мен ирандықтардың арасындағы соғыстарға байланысты туған батырлық жыр:
Дұрыс жауап: Қобыланды батыр
Әмір Полатшы басқарған дулат тайпасының қолдауымен 1348 жылы Жетісу жерінде билікке келді:
Дұрыс жауап: Тоғылық Темір
«Адамдар бұрынғы ғасырларда, жойылған мемлекеттер заманында да құлақ естіп, көз көрмеген апаттардың куәсі болды» деп сипатталған дәуір:
Дұрыс жауап: Моңғол шапқыншылығы
XVI ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақ хандығын билеген хандар:
Дұрыс жауап: Бұрындық, Қасым
Теміршынды Шыңғыс деген атпен түркі-моңғол халықтарының Ұлы қағаны деп жариялаған Ұлы Құрылтай өткен жыл:
Дұрыс жауап: 1206 ж.
Дешті Қыпшақ аумағы қараған ұлыс:
Дұрыс жауап: Жошы ұлысы
Сығанаққа жақын Көккесене жерінде Әбілқайыр әскерімен ойраттар арасындағы шайқас болды:
Дұрыс жауап: 1457ж
Қаңлы биші қыздары туралы «Биші бикеш» өлеңін жазған қытай ақыны:
Дұрыс жауап: Бэй Жүй
Моңғолдар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін жариялады:
Дұрыс жауап: Дін еркіндігін беретіндігін
Орта ғасырлық автор Муин ад-Дин Натанзидың еңбегінде Жошы ұлысының сол қанатының атауы:
Дұрыс жауап: Ақ Орда