Қазақстан тарихы: Тоқсандық бақылау
546 сұрақ · 4-бет, барлығы 11 бет
Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі:
Дұрыс жауап: Наурыз мейрамы
Герадот жазбаларындағы сақтардың қыс кезіндегі мекені:
Дұрыс жауап: Ағаш үйлер
Бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі болып саналатын ежелден бері тойланып келе жатқан дәстүрлі мереке
Дұрыс жауап: Наурыз
Көшпелілер арасында кең таралмаған түлік түрі
Дұрыс жауап: Сиыр
Антропологтардың анықтауынша Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы:
Дұрыс жауап: 17-18
Металл жиектерін балқыту арқылы қыздырып, біртұтас етіп біріктіру:
Дұрыс жауап: Дәнекерлеу
Б.з.б. VІІ ғасырдан бастап далалы аймақтарда пайда болған өнер стилі:
Дұрыс жауап: Аңдық
Есік обасынан табылған алтын бұйымдар саны:
Дұрыс жауап: 4000-ға жуық
Киіз үйдің негізгі бөліктерінің саны
Дұрыс жауап: 3
VII ғасырдағы Қытай деректерінде Ақ өзендегі қала деп аталады:
Дұрыс жауап: Испиджаб
XІ ғасырдың 30-жылдарының соңындағы Қарахан мемлекеті екі бөлігінің арасындағы шегаралық өзен:
Дұрыс жауап: Сырдария
Қарахан мемлекетінде дінбасылардың иелігіне берілген жердің атауы:
Дұрыс жауап: уақф
XIX ғасырда Ұлы Жібек жолы атауын ұсынған неміс ғалымы
Дұрыс жауап: Рихтгофен
Қыпшақтардың әскери басқару жүйесі бөлінді:
Дұрыс жауап: Батыс және Шығыс
Б.з.б.II ғ. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандануының себебі:
Дұрыс жауап: Б.з.б. 138 ж. Қытайдан батысқа елшілік керуен шығуы
Исламдағы түркі танымының негізін қалаушы Ахмет Иассауидің алғашқы ұстазы
Дұрыс жауап: Арыстан баб
Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дін ретінде жарияланды:
Дұрыс жауап: Х ғ.
Қыпшақтар тарихындағы VIII-XI ғасырлар:
Дұрыс жауап: Қимақ қағанаты құрамындағы кезең
Қыпшақтардың күшеюінен қауіптеніп өзіне тәуелді етуге ұмтылған мемлекет:
Дұрыс жауап: Хорезм
ХІІ ғасырларда қалалардағы тұрғын үйлерде қолданылған суды сыртқа шығаратын құбыр:
Дұрыс жауап: Ташнау
Қарахан мемлекетінде 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған билеуші:
Дұрыс жауап: Мұса
Өзін гурхан деп жариялап қысқа мерзімге Жалайырлар мемлекетін құрған тұлға:
Дұрыс жауап: Жамұқа
VІІІ ғасырда Қарлұқ, Қимақ қағанаттары дәуірінде кең тараған, киіз үйге ұқсас діни құрылыс жүйесі:
Дұрыс жауап: Дың
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды екінші атымен сәйкестендіріңіз: 1) Испиджаб, 2) Отырар, 3) Түркістан; А) Йасы, Ә)Фараб, Б) Сайрам
Дұрыс жауап: 1-Б, 2-Ә, 3-А
Орта ғасырда қазіргі Моңғолия жерінде мемлекет құрған тайпалар:
Дұрыс жауап: Керейіттер мен наймандар
942-1212 жылдары өмір сүрген мемлекет:
Дұрыс жауап: Қарахан
960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қарахан билеушісі:
Дұрыс жауап: Мұса
Қыпшақтар мен Хорезм арасындағы соғыстың тоқтау себебі:
Дұрыс жауап: Монғолдардың жаулап алуы
Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмыс істеуінің бастауы деп саналады
Дұрыс жауап: Б.з.б II ғ
Алашорда үкіметін тарату туралы жарлық шықты:
Дұрыс жауап: 1920 жылы наурыз
Алашорда үкіметінің Торғай бөлімшесін басқарды:
Дұрыс жауап: А. Байтұрсынұлы
Жаңа экономикалық саясат барысында көптеген кәсіпорындар көшірілді:
Дұрыс жауап: Шаруашылық есепке
М. Шоқай мен М. Тынышбаев жетекшілік етті
Дұрыс жауап: Түркістан автономиясы
Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты рұқсат етілді:
Дұрыс жауап: Жалдама еңбекті қолдануға
Кедейлердің жағдайын қарастырған, 1921 жылы құрылған ұйым:
Дұрыс жауап: «Қосшы»
Қазақ АКСР-нің тұңғыш астанасы:
Дұрыс жауап: Орынбор
Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеті құрылды:
Дұрыс жауап: 1919 жылы 10-шілде.
Қостанай облысын Қазақ АКСР-і құрамына қосу қажеттігін дәлелдеп берген қайраткерлер:
Дұрыс жауап: А. Байтұрсынов, М. Сералин
1918 жылы атаман А.Дутов басып алған қалалар:
Дұрыс жауап: Орынбор, Орал
1917 жылы құрылған Түркістан автономиясының алғашқы басшылары:
Дұрыс жауап: М. Тынышпаев, М. Шоқай
Қазақ халқының тарихи дұрыс «қазақ» атауын қалпына келтіру туралы қаулы қабылданды:
Дұрыс жауап: 1925 жылы
Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы:
Дұрыс жауап: В. Радус-Зенькович
Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы:
Дұрыс жауап: С. Меңдешев
Алашорда ұлттық кеңесінің төрағасы болып сайланды
Дұрыс жауап: Ә. Бөкейханов
Қазақ АКСР-н құру туралы декрет шықты:
Дұрыс жауап: 1920 жылы 26-тамыз
Жаңа экономикалық саясаттың экономикалық міндеті
Дұрыс жауап: Шаруашылықты қалпына келтіру
1918 жылы 25 мамырда Азамат соғысының басталуына әсер еткен бүлік болды:
Дұрыс жауап: Чехословак корпусында
1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған:
Дұрыс жауап: Алаш автономиясы
Жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды:
Дұрыс жауап: 1926 – 1927 жылдары
Азамат соғысы жылдары Дала өлкесінің төтенше комиссары:
Дұрыс жауап: Ә.Жангелдин