Қазақстан тарихы: Тоқсандық бақылау
546 сұрақ · 2-бет, барлығы 11 бет
«Қайта құру» саясатына дейінгі КСРО-дағы басқару жүйесінің басты сипаты қандай болды?
Дұрыс жауап: Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі
Желтоқсан оқиғасының кеңестік үгіт-насихаттағы ресми бағасы қандай болды?
Дұрыс жауап: Ұлтшыл жастардың тәртіпсіздігі
Желтоқсан оқиғасының халықаралық деңгейдегі маңызы:
Дұрыс жауап: Кеңес үкіметінің адам құқығын бұзуы әлемдік қауымдастықта сынға ұшырады
Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алғаш болып мойындаған Азия елі:
Дұрыс жауап: Түркия
Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі:
Дұрыс жауап: Көрші елдермен теңгерімді қарым-қатынас орнату
Жекешелендіру процесінің экономикаға теріс әсері:
Дұрыс жауап: Өндірістің тоқтауы және тауар тапшылығы
Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуінің бір көрінісі:
Дұрыс жауап: Шетел инвестицияларын тарту және биржалық қатынас орнату
Қазақстан халқының 1990-жылдардағы әлеуметтік жағдайы:
Дұрыс жауап: Жұмыссыздық, инфляция, өмір сүру деңгейінің төмендеуі
1990-жылдары демографиялық өсімге әсер еткен фактор:
Дұрыс жауап: Көші-қон және туу көрсеткіштерінің төмендеуі
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы басты тарихи міндеттердің бірі:
Дұрыс жауап: Жаңа мемлекеттік институттар құру және саяси құрылымды қайта жасау
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мақсаты:
Дұрыс жауап: Астық өндірісін күрт арттыру
Ұлы Отан соғысынан кейін, 1950 жылы салынған ұзындығы 483км болатын теміржол желісі:
Дұрыс жауап: Мойынты-Шу
“Хрущевтік жылымық” деп аталған кезең:
Дұрыс жауап: 1953-1964 жж.
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды:
Дұрыс жауап: 1954 ж.
Соғыстан кейінгі жылдары карточка жүйесі жойылып, ақша реформасы жүргізілді:
Дұрыс жауап: 1947 ж.
1960 жж. басында Қазақ КСР-інің солтүстік облыстарын Ресейге беру туралы одақтық бастамаға қарсы шығып, республика жерінің тұтастығын қорғаған мемлекет және қоғам қайраткері:
Дұрыс жауап: Ж. Ташенов
«Едіге батыр» жырына алғы сөз жазғаны үшін «ұлтшыл» атанған ғалым:
Дұрыс жауап: Қ. Сәтбаев
1950 жылдардың басында әділетсіз айыптауға ұшыраған сазгер:
Дұрыс жауап: А. Жұбанов
Республика ауылдарының электрлендірілуі:
Дұрыс жауап: 1948 жылы
Семей полигонында алғашқы атомдық жарылыс болды:
Дұрыс жауап: 1949 жылы 29 тамыз
1960 жылы республикада алғашқы шойын өндірген зауыт:
Дұрыс жауап: Қарағанды металлургия зауыты
ХХ ғ. 60-80 жылдарында Қазақстанда кеңінен игеріле бастаған сала:
Дұрыс жауап: Мұнай өндіру
1943 жылы Е. Бекмахановтың ғылыми зерттеу тақырыбы:
Дұрыс жауап: «Қазақтардың Кенесары Қасымов басқарған азаттық күресі»
XX ғасырдың 50 жылдары Қазақстанда бактериологиялық қаруды сынау жұмыстары жүргізілген «Возрождение» аралы орналасты:
Дұрыс жауап: Арал теңізінде
1954 жылы Қазақстан кеңшарлары мен ұжымшарларына тың жерлерді игеруге берілген жер үлесі:
Дұрыс жауап: 6,5 млн. га
Ж.Шаяхметовты қызметінен алу себебі:
Дұрыс жауап: Тың жерлерді игеру идеясын қолдамады
1947 жылы Өскеменде алғашқы өнімін берді:
Дұрыс жауап: қорғасын-мырыш комбинаты
1959 жылы 1-3 тамызда Теміртауда болған толқудың себебі:
Дұрыс жауап: Әлеуметтік-тұрмыстық мәселерден туындауы
Кеңес Одағындағы торпедо шығаратын ірі кәсіпорын:
Дұрыс жауап: Луганск ауыр машина жасау зауыты
XX ғ. 50 жж. әлеуметтік жағдайға байланысты жұмысшылардың наразылығы өткен жер:
Дұрыс жауап: Теміртау
Ежелгі Арқайым қаласындағы қақпалар саны:
Дұрыс жауап: төрт
Алтай қорғанындағы мәңгілік тоңның арасынан табылған зат:
Дұрыс жауап: пазырық кілемі
Орталық Азияның оңтүстік-батыс өлкелерін қоныстанған алғаш егіншілікпен айналысқан тайпа:
Дұрыс жауап: жейтундықтар
Орталық Азия терминін алғаш рет қолданған зертеушілер:
Дұрыс жауап: К. Риттер, А. Гумбольдт
Дәстүрлі өркениеттің белгілерінің бірі:
Дұрыс жауап: Табиғатпен тығыз байланыста болу
Қола дәуіріне жататын алғашқы қала деп атауға болатын қоныс:
Дұрыс жауап: Арқайым
Орталық Азия туралы ежелгі түркі деректері:
Дұрыс жауап: Орхон-Енисей
Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында Маргуш мәдениетінде пайда болған қала:
Дұрыс жауап: Мерв
Б.з.б. 3600-2300 жылдары өмір сүрген мәдени-тарихи қауымдастық:
Дұрыс жауап: Көнешұңқыр
X-XVII ғасырлардағы Қара теңіз бен Каспий аралығының Қазақстан тарих ғылымында қалыптасқан атауы:
Дұрыс жауап: Батыс Дешті Қыпшақ
Александр Македонскийдің жорықтары туралы жазылды:
Дұрыс жауап: антикалық деректерде
Еділ мен Жайық өзендері аралығын мекендеген тайпалар:
Дұрыс жауап: сарматтар
Ұлы Дала белдеуінің ұзындығы:
Дұрыс жауап: алты мың шақырым
Балқаш көлі мен Ыстықкөлдің арасындағы тарихи-мәдени аймақ
Дұрыс жауап: Жетісу
Б.з.б. ІІ мыңжылдықта маргуштықтардың астанасы болған қала:
Дұрыс жауап: Гонур
Белгілі ғалым В.Ф. Зайберт Ботай мәдениетінің батыс нұсқасы деп есептеген мәдениет:
Дұрыс жауап: Терсек
Тасмола мәдениетінің ерекшелігі:
Дұрыс жауап: мұртты қорғандар
Ең алғашқы екі доңғалақты әскери арба табылған қорым:
Дұрыс жауап: Сынтас
Орталық Азияның саяси географиялық аймағына кірмейтін мемлекет:
Дұрыс жауап: Үндістан
Әмударияның төменгі сағасында орналасқан ірі аймақ
Дұрыс жауап: Хорезм