География: Тоқсандық бақылау
392 сұрақ · 5-бет, барлығы 8 бет
Тәуліктік циклге жататын ырғақтылық
Дұрыс жауап: түнгі және күндізгі бриз
Геоэкологиялық болжам жасаудың алғашқы кезеңі
Дұрыс жауап: Аймақтың табиғи және ресурстық жағдайын талдау
Ғалымдардың болжамы бойынша Жер ғаламшарында температура 2050 жылға қарай қазіргі уақытпен салыстырғанда артуы мүмкін
Дұрыс жауап: 4°С-қа
Мемлекеттегі табиғат қорғау заңнамасы мен оған негізделген мақсатты әрекеттер жиынтығы
Дұрыс жауап: экологиялық саясат
Рекреациялық әлеуетті бағалауға қатысты зерттеулер бағытталады:
Дұрыс жауап: қоршаған ортаның геоэкологиялық жағдайына
Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған академик
Дұрыс жауап: В.И.Вернадский
БҰҰ-ның Тұрақты даму концепциясы қабылданған жыл.
Дұрыс жауап: 1992
«Геоэкология» терминін алғаш ұсынған ғалым.
Дұрыс жауап: К.Тролл
Қазақстанда «Жасыл» экономика тұжырымдамасын жүргізуді жоспарлаудың І кезеңі
Дұрыс жауап: 2022 жылға дейінгі кезең
Аумақтардың тиімсіз пайдаланылуы әсерінен тұтас өсімдік жамылғысынан айрылуы
Дұрыс жауап: шөлейттену
Географиялық қабықтағы циклдік ырғақтылық
Дұрыс жауап: жанартау атқылауы
«Жасыл» экономика тұжырымдарын және экологиялық инновацияларды жаппай қолданысқа енгізуде жетекші орында тұрған ел
Дұрыс жауап: Бразилия
Қазақстан аумағын экологиялық шиеленіс деңгейі бойынша 5 деңгей мен 47 провинцияға бөлуді ұсынған ғалым
Дұрыс жауап: А.В.Чигаркин
Жер ресурстарын пайдаланудағы басты мәселе -
Дұрыс жауап: топырақ деградациясы
«Жасыл» экономика тұжырымдамасының 2030 жылға дейінгі кезеңі бағытталады:
Дұрыс жауап: жасалынған инфрақұрылымды негізге ала отырып, Қазақстан ұлттық экономикасын қайта құруға
Жер бетіндегі ауа температурасының арту себебі:
Дұрыс жауап: атмосферадағы жылыжай газдары мөлшерінің көбеюі
Геосфералық ластану түрлерін орналасуы бойынша топтастыру
Дұрыс жауап: тұрақты, мобильді
Геосфераны физикалық ластаушы көздеріне жатады
Дұрыс жауап: шу, жылу
Арал теңізі, Семей ядролық полигоны, Кенді Алтайдың өндірістік ареалы кіретін экологиялық шиеленістің деңгейі
Дұрыс жауап: апатты деңгей
Экологиялық шиеленістің қауіпті деңгейінен жататын қалалар:
Дұрыс жауап: Алматы, Қарағанды
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап, 1973 жылы шырқау шегіне жеткен шөлейттену жүрген аймақ
Дұрыс жауап: Сахель зонасы
Ақпараттық модельді анықта
Дұрыс жауап: карта
Жануарлар мен өсімдіктердің таралу заңдылықтарын зерттейтін физикалық географияның саласы
Дұрыс жауап: Биогеография
Салыстырмалы-географиялық әдісті ғылыми тұрғыда негізін қалаған ғалым
Дұрыс жауап: А.Гумбольдт
Ең ежелгі тау қатпарлығы
Дұрыс жауап: Байкал
Шыңдары үшкір, тік беткейлі, терең шатқалды болып келетін жер бедері пішіні
Дұрыс жауап: альпілік
Магманың жер қыртысының белгілі бір тереңдігінде қалып қойған бөлігінен түзілетін магмалық тау жыныстары
Дұрыс жауап: интрузивті
Үдеріске немесе құбылысқа ауызша немесе жазбаша сипаттама беретін ақпараттық модельдің түрі
Дұрыс жауап: Вербалды
Қоғамдық географиялық ғылым салалары.
Дұрыс жауап: саяси география
Физикалық картада (жер бедері) қою қоңыр түстермен бейнеленетін нысандар
Дұрыс жауап: биік таулар
Қатпарлану кезінде жер қыртысының майысып төмен түскен бөлігі
Дұрыс жауап: синклиналь
Сандық деректерді өңдеуді жүзеге асырудың алғашқы жолдары
Дұрыс жауап: топтастыру, реттеу
Халықтың ежелден тығыз қоныстанатын аймақтары
Дұрыс жауап: өзен аңғарлары мен тау алды жазық жерлері
Минералдардың жарықөткізгіштік қасиеті
Дұрыс жауап: мөлдірлігі
Зерттеу нәтижелерін ұсынудың мәтіндік формасына жататын жұмысты анықта
Дұрыс жауап: баяндама
Жер элипсоидін белгілі бір математикалық тәсілмен жазықтық бетіне көшіру
Дұрыс жауап: картографиялық проекция
Географиядағы ғылыми негіздегі алғашқы модельді жасаған адам
Дұрыс жауап: И.Тюнен
Картаның көмекші көркемделуіне жататындар
Дұрыс жауап: шартты белгілер, диаграмма
Зерттеудің нәтижесін ауызша баяндауды қажет етпейтін, тек көрнекі, әрі қысқа түрде ұсыну формасы
Дұрыс жауап: қабырғалық баяндама
Зерттеу жұмыстары ғылыми лабараториялар, орталықтар негізінде жүргізілетін далалық әдістің түрі
Дұрыс жауап: стационарлық
География ғылымының геоглобалистика саласының зерттейтін нысаны
Дұрыс жауап: адамзаттың ғаламдық проблемалары мен оларды шешудің жолдары
1992 ж.ХХІ ғ күн тәртібі құжатын қабылдаған БҰҰ конференциясы өткен қала:
Дұрыс жауап: Рио-де Жанейро
ЮНФПА болжамымен,болашақта халқы азайып, 30 млн. ғана қалатын ел:
Дұрыс жауап: Жапония
«Су тіршілік үшін» атты халықаралық онжылдық жарияланған уақыт:
Дұрыс жауап: 2005-2015 ж.
Қазіргі уақытта судан зардап шегіп отырған қала халқының үлесі:
Дұрыс жауап: 20%
Дүниежүзілік су ресурстары күні:
Дұрыс жауап: 22 наурыз
Экосфераға әлеуметтік-экономикалық үдерістердің әсеріне сүйенген негізгі факторлар саны:
Дұрыс жауап: 3
Экологиялық жағдайы нашар елдердің рейтінгінде ең соңғы ел:
Дұрыс жауап: Қытай
Альфред Нобель ... өнеркәсібінің негізін салушылардың бірі:
Дұрыс жауап: мұнай
Қазақстандағы миллионер қалалардың саны:
Дұрыс жауап: 3