География: Тоқсандық бақылау
392 сұрақ · 2-бет, барлығы 8 бет
Қазақстанның дала зонасындағы Ертіс орманы, Семей орманы, Наурызым сияқты "аралдық" қарағайлы ормандардың сақталып қалуы ненің куәсі болып табылады?
Дұрыс жауап: Бұл аймақтардың бұрын орманды даланың негізгі зонасы болғандығының (биосфера реликтілері).
"Табиғат ескерткіштері" ЕҚТА түрінің негізгі мақсаты не және олардың аумағында қандай режим қолданылады?
Дұрыс жауап: Сирек кездесетін немесе ерекше табиғи нысандарды (мысалы, Шарын шаған тоғайы) қорғау; қорықтық режим.
В.И. Вернадский ноосфераның қалыптасу шарттарының бірі ретінде "жаңа байланыс құралдарының" пайда болуын атап өткен. Бұл қазіргі заманда немен байланысты болуы мүмкін?
Дұрыс жауап: Интернет, мобильді байланыс, ғаламдық ақпараттық желілердің дамуымен.
Қазақстанның қай ірі табиғи ауданының тектоникалық негізін қазақстандық геологтар "Қазақ қалқаны" деп атайтын каледон және герцин қатпарлану облысы құрайды?
Дұрыс жауап: Сарыарқа
Ауылшаруашылықтық жерлердің су және жел эрозиясына (мүжілуіне) ұшырауының негізгі себептерінің бірін атаңыз.
Дұрыс жауап: Жерді терең жырту, табиғи өсімдік жамылғысын жою және дұрыс егіс айналымын сақтамау.
Қазіргі заманғы халықаралық көші-қондағы "интеллектуалды миграция" (немесе "мидың кетуі") дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Білімі төмен жұмысшылардың жаппай қоныс аударуы.
Қазақстандағы халықтың табиғи өсіміне әсер ететін негізгі демографиялық көрсеткіштер қайсысы?
Дұрыс жауап: Туу коэффициенті мен өлім-жітім коэффициенті.
Экономиканың бірінші секторына қандай шаруашылық салалары жатады?
Дұрыс жауап: Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, тау-кен өнеркәсібі.
Қазақстандағы қалалық қоныстанудың қазіргі заманғы ерекшеліктерінің бірі болып табылмайтынын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Ауыл халқы санының қала халқынан жылдам өсуі және урбандалу деңгейінің төмендеуі.
Шаруашылық қызметінің әсерімен өзгерген, бірақ әлі де табиғи компоненттері сақталған ландшафттар қалай аталады?
Дұрыс жауап: Антропогендік ландшафттар
Уран кен орындары.
Дұрыс жауап: Созақ, Мыңқұдық
Теңіздер республика аумағының тек қиыр батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде сақталған эра
Дұрыс жауап: мезозой
Қазақстанда кездесетін кенсіз пайдалы қазбалар қатарын анықта
Дұрыс жауап: күкірт, фосфорит
Құрлықтық жер бедеріндегі сандық сипатта бейнеленетін нысандар
Дұрыс жауап: Шыңдар, ойыстар
Алтай тауының ең биік нүктесі орналасқан жота
Дұрыс жауап: Қатын жотасы
Мұғалжар тауы мен Тянь-Шаньның батыс жоталары қалыптасқан қатпарлық
Дұрыс жауап: герцин
Ш.Уәлихановтың Орыс география қоғамының мүшесі болып сайланған жыл
Дұрыс жауап: 1857
Жерді қашықтықтан әрі байланысқа түспей лазерлік зерделеу әдісі бұл зерттеудің
Дұрыс жауап: активті әдісі
Еліміздегі қоңыр көмір өндіретін көмір кен орындары
Дұрыс жауап: Майкөбен, Торғай алабы
Таулардың атауларын білдіретін топоним түрі
Дұрыс жауап: ороним
Еліміздегі мыс кендері кездесетін негізгі аймақтар
Дұрыс жауап: Орталық және Шығыс Қазақстан
Зерттеу нәтижелерін макеттер мен модельдер түрінде таныстыру жататын ұсынудың формасы
Дұрыс жауап: заттық-шолу
Географиялық атауларды зерттейтін ғылым
Дұрыс жауап: топонимика
Қашықтықтан зерделеу дегеніміз –
Дұрыс жауап: Жер беті мен ондағы нысандар жайлы қашықтықтан дәл ақпарат алу
Берілген атаулардың ішінен ойконимді анықта
Дұрыс жауап: Тараз
Республикамыздағы платформаның шөгінді жыныспен жабылған бетіндегі борпылдақ тау жыныстары қабаттарында кездесетін пайдалы қазбалар
Дұрыс жауап: жанғыш пайдалы қазбалар
Еліміздегі БҰҰ-ның Жер атмосферасы жай-күйі мен өзгерісі, олардың мұхиттармен әрекеттесуі, су ресурстарының таралуы мәселелері бойынша ақпарат көзі болып табылатын ғылыми мекеме
Дұрыс жауап: Қазгидромет
Қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі Рио-де-Жанейро Декларациясы қабылданған жыл.
Дұрыс жауап: 1992
Сандық әдістер –
Дұрыс жауап: деректерді талдауда қолданылатын математикалық және статистикалық әдістердің жиынтығы
Орманның ең алғашқы жойылуы жүрген аудан
Дұрыс жауап: Үндістан, Қытай, Жерорта теңіз жағалауы
Құбырлар мен құрал-жабдықтарды коррозиядан қорғау жұмыстарын жүргізуге бағытталған шаралар
Дұрыс жауап: химиялық
БҰҰ-ның қоршаған орта және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей, қазіргі адамның қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталып әзірленген тұжырымдамасы.
Дұрыс жауап: Тұрақты даму
Географиялық мониторнингтің деңгейлері
Дұрыс жауап: ғаламдық, аймақтық, жергілікті
Қоршаған ортаны табиғи жолмен ластаушы көздерді анықта
Дұрыс жауап: жанартаудың атқылауы
Географиялық мониторингтің аймақтық деңгейіне жататын нысан
Дұрыс жауап: қоршаған ортаның геоэкологиялық жағдайы
Бидайдың негізгі шыққан ошағы
Дұрыс жауап: Алдыңғы Азия
Ормандар мен бұталардың құрлықтағы үлесі.
Дұрыс жауап: 31%
Өзгермелі жүйелердегі кіріс пен шығыс арасындағы тәуелділіктерді есептеу арқылы талдау жасауға, болжауға мүмкіндік беретін әдіс.
Дұрыс жауап: теңгерім әдісі
Табиғатты пайдалану түрлерінің топтары
Дұрыс жауап: салалық, ресурстық, аумақтық
ГАЖ саласындағы ең үлкен сұранысқа ие болған сандық мәліметтермен жұмыс істеуге арналған компьютерлік бағдарлама.
Дұрыс жауап: Microsoft Excel
Ғылымды көп қажет ететін салалары басым және өндірістік емес сала дамыған аудандар
Дұрыс жауап: Жоғары дамыған аудандар
Экономикалық және әлеуметтік географияда аудандастыру кезінде қолданылатын әдістер:
Дұрыс жауап: сапалық талдау, сандық тәсілдеме
Қазақстандағы ең көп қоқыс қалдығын шығаратын қала
Дұрыс жауап: Алматы
«Жалпы салыстырмалы география» еңбегінің авторы
Дұрыс жауап: Риттер
Белгілі бір аймақта болып тұратын атмосфераның жай-күйі
Дұрыс жауап: ауа райы
Мұхит суының қасиеттері:
Дұрыс жауап: тұздылығы, температурасы
Атмосфераның аргон, азот және оттегінің зарядталған атомдары мен молекулаларынан тұратын өте сұйытылған ауасы қабаты
Дұрыс жауап: ионосфера
Гидросфераның құрамдас бөліктері:
Дұрыс жауап: теңіздер, мұхиттар, өзендер, көлдер
Бұқтырма су электр стансысы салынған өзен
Дұрыс жауап: Ертіс
Таудың етегіндегі қысым 750 мм сынып бағанысына тең болған кездегі 2200 м биіктігіндегі қысымды анықта
Дұрыс жауап: 530 мм