Құқық негіздері: ҰБТ
520 сұрақ · 9-бет, барлығы 11 бет
2-сызбадан құқықтық қатынас құрылымының субъектiсiндегi парламенттiң атқаратын кызметi
Дұрыс жауап: заң шығару
Өз атынан құқықтар мен мiндеттерге ие болып, сол мiндеттерге жауап беретiн субьектi
Дұрыс жауап: заңды тұлға
Құқықтық қатынастар құрылымына қатысты дұрыс емес дәйектердi анықтаңыз I. Pyxaни игiлiктер құқықтық қатынас объектiсiне жатады II. Азаматтар және шетелдіктер заңды тұлғаларға жатады III. Мемлекеттiк органдар құқықтық қат…
Дұрыс жауап: II, IV
НҚА (Нормативтік құқықтық акт) Түрлері
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1) Заңға тәуелді НҚА Актілер 2) Заңдар (НҚА) түріне жатады Ағымдағы Формалды әлеуметтік институттарға не жатады?
Дұрыс жауап: Армия; Мемлекет; Мектеп
Танымның негізгі құралы(-дары):
Дұрыс жауап: Интуиция; Тану; Ойлау
Қырық мың жыл бұрын пайда болған адам өкілі:
Дұрыс жауап: Саналы адам
Еңбек биржасының екінші атауы:
Дұрыс жауап: Жұмыспен қамту
Ежелгі грек философтары ретке келтірілмеген жай-күй ретіндегі хаосқа қарама-қарсы қойған ұғым:
Дұрыс жауап: космоцентризм
Прокурордың өкілетті қызметінің түрлері:
Дұрыс жауап: Анықталған тәртіп бұзушылықтарға заңды шешім қабылдайды; Мемлекеттік айыптауды қолдайды; Қылмыстық істі қозғау және жалпы тергеуді бақылау
Қарым-қатынас жақтарын анықтаңыз
Дұрыс жауап: Перцептивті; Коммуникативті; Интерактивті
Әлеуметтанудың негізін қалаушы(-лар):
Дұрыс жауап: О. Конт
Жад дегеніміз:
Дұрыс жауап: Қызмет барысында қайтадан пайдалану мүмкіндігін тудыратын, бұрынғы тәжірибені ұйымдастыру және сақтау үдерісі
Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот кеңесінің кепілдемесі бойынша қызметке тағайындайды:
Дұрыс жауап: Президент
Бірлескен қызмет және ортақ мақсаттар негізінде бірігетін адамдар қауымдастығы:
Дұрыс жауап: Әлеуметтік топ
Нәрсенің белгілі бір аса мәнді жақтарын екінші қатардағы мәнсіз белгілерінен бөліп алып қарастыру
Дұрыс жауап: Абстракциялау
Психологияда адамды қызметтің белгілі бір түріне итермелейтін қозғаушы күшті атайды
Дұрыс жауап: Мотив
Нарықтық экономика
Дұрыс жауап: тауар-ақша қатынастарына негізделген, жекеменшік пен өндірушілердің еркін бәсекелестігі үстемдігі орнаған экономикалық жүйе
Шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылатын экономикалық жүйе
Дұрыс жауап: Нарықтық
БҰҰ-ның Бала құқығы туралы Конвенциясы қай жылы қабылданды?
Дұрыс жауап: 1989 ж.
Жағдаятқа сәйкес міндеттеме субъектісі мен объектісін тап.
Дұрыс жауап: объект – автокөлік, субъект – Асқар мен Азамат
Қазақстан ЮНЕСКО мүшесі болған жыл
Дұрыс жауап: 1992 жылы
Азаматтық әрекетке қабілеттілік қай жастан бастап болады?
Дұрыс жауап: Кәмелеттік жасқа толғаннан бастап, яғни 18 жастан бастап
Құкық қорғау қызметін іске асыратын қоғамдық институт:
Дұрыс жауап: Нотариат
Бодандық саяси мәдениетке тән белгі
Дұрыс жауап: Қоғам мүшелері саяси өмірге енжар араласады
Нақты жалақы дегеніміз:
Дұрыс жауап: Номиналды жалақыға сатып алуға болатын тауарлар мен қызметтер саны
«Экология» терминін алғаш ғылымға енгізген ғалым:
Дұрыс жауап: Э. Геккель
ҚР Конституциясының 37-бабында не міндеттелген?
Дұрыс жауап: Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау міндеті
Адамның қажеттіліктерін анықтап, бес топқа бөлген американдық ғалым
Дұрыс жауап: А. Маслоу
Мемлекет заңнамалық тәртіпте тек жұмыс уақытының ең жоғарғы ұзақтығын аптасына қанша сағат деп белгілеген?
Дұрыс жауап: 40 сағат
Антика философиясы пайда болған кезең
Дұрыс жауап: Б.з.д. VI ғ.
Зерттеу объектісі – бүкіл әлем, тұтас универсум болып табылатын ғылым:
Дұрыс жауап: Философия
Өз атынан құқықтар мен міндеттерге ие болып, сол міндеттерге жауап беретін субъекті
Дұрыс жауап: Заңды тұлға
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жағдай (-лар):
Дұрыс жауап: шын ниетімен өкініп, айыбын өзі мойындап келуі
Қылмыс жасады деп танылған адамға қолданатын негізгі жаза (-лар):
Дұрыс жауап: қоғамдық жұмыстарға тарту
Формалды емес әлеуметтік институттарға қайсысы жатады?
Дұрыс жауап: Азаматтық қоғам
Қазақстан Республикасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданды
Дұрыс жауап: 2015 жыл 18 қараша
Қылмыстық құқықтың әділеттілік қағидаты (-тары):
Дұрыс жауап: бір ғана қылмысы үшін ешкім екінші рет жазаланбайды
Жергілікті атқарушы органдар атқаратын шара (-лар):
Дұрыс жауап: жергілікті коммуналдық меншікті басқарады
Құқықтың белгілерін сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1. Құқын нормалар мен мінез-құлық ережелерінен тұрады Нормативтілік 2. Құқық нормалары бұзылған жағдайда мемлекет мәжбүрлі түрде шара қолдана алады Мемлекеттің қамтамасыз етілуі Құқықтың белгілерін сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1. Құқық қоғаммен бірге дамиды Динамизм 2. Нормативті актілер ресми қалыпқа енеді Формальды анықтылық Еңбек құқығына қатысты қатынастарды сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1. Ақы төлеу, еңбек тәртібі Еңбек жағдайлары 2. Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына қатысты қауіп төнбеуін қамтамасыз ету жүйесі Еңбек қорғауы Барлық нормативтік-құқықтық актілер өз бастауын алатын құжат (-тар):
Дұрыс жауап: ҚР Конституциясы
Қазақстан Республикасы Конституциясының саяси қағидаты (-тары):
Дұрыс жауап: халықты билеу, демократия; азаматтардың тең құқығы; жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы
Экологиялық құқықбұзушылық түрі (-лері):
Дұрыс жауап: табиғи қорларды тиімсіз пайдану; қоршаған ортаның және жеке табиғи нысандардың ластануы; табиғат нысандарын бұзу және құрту
Кәмелетке толмағандарға қолданылатын мәжбүрлі тәрбиелеу шарасы (-лары):
Дұрыс жауап: тигізген зиянын қалпына келтіру міндетін арту; жәбірленушіден кешірім сұрау міндетін арту; пробациялық бақылау орнату
Конституциямен бекітілген құқық(-тар)
Дұрыс жауап: Білікті заң көмегін алу; Денсаулық сақтау; Орта білім алу
Төмендегі мысалдардың қайсысын қоғамдағы жүріс-тұрыстың әлеуметтік нормаларына жатқызуға болады?
Дұрыс жауап: Әлеуметтік артықшылықты насихаттауға тыйым салу
Саясаттануға Вильфредо Парето енгізген ұғым
Дұрыс жауап: Саяси элита
Нормативтік қаулыларды қабылдайтын орган:
Дұрыс жауап: Үкімет