Ustazdyq

Құқық негіздері: ҰБТ

520 сұрақ · 7-бет, барлығы 11 бет

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы V бөлімде баяндалған:

    Дұрыс жауап: Үкіметтің сайлану және тағайындалу мерзімдері; Үкіметі құрамдарының жасақталуы

  2. Президенттік республикаға тән белгілер

    Дұрыс жауап: Президент Парламент алдында жауап бермейді; Заң шығарушы және атқарушы биліктер қатаң бөлінеді

  3. Огюст Конттың қоғамда позитивті білім алу үшін қолданған позитивті әдістері:

    Дұрыс жауап: Эксперимент; Бақылау; Салыстыру

  4. Интерәлеуметтік проблемалар-халықаралық қатынас мәселесі(-лері):

    Дұрыс жауап: Белгілі бір елдердің артта қалуына тосқауыл қою; Соғыс пен бейбітшілік; Әлемдік әлеуметтік-экономикалық даму келешектері

  5. Несиенің негізі формасы (-лары):

    Дұрыс жауап: Коммерциялық; Банктік; Халықаралық

  6. Сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық таным тәжірибеге сүйенеді дейтін философиялық бағыт

    Дұрыс жауап: Эмпиризм

  7. Басқару негізінде адамдардың әлеуметтік іс-әрекетттерін ұйымдастыруға және оған бағыт-бағдар беруге арналған қоғамдық құрылыс қалай аталады?

    Дұрыс жауап: Әлеуметтік институт

  8. Нормативтік жүйеше дегеніміз:

    Дұрыс жауап: Құқықтық, саяси, этикалық-моральдік нормалар мен құндылықтарды, салт-дәстүрлерді қамтитын саяси жүйенің бөлігі

  9. Авторитарлық саяси жүйенің белгісі:

    Дұрыс жауап: Бір адамның шексіз билігіне негізделеді

  10. Бірлескен қызмет және ортақ мақсаттар негізінде бірігетін адамдар қауымдастығы:

    Дұрыс жауап: Әлеуметтік топ

  11. Ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасатын фактор:

    Дұрыс жауап: Нарықтық баға

  12. Адамзат мекендейтін кеңістік адам зердесінің белсенді әрекетінің ортасы:

    Дұрыс жауап: Ноосфера

  13. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексі қашан қабылданды?

    Дұрыс жауап: 2001 ж.

  14. Экологиялық құқықпен қорғалатын нысандарға қол сұғатын заңға қайшы әрекеттер:

    Дұрыс жауап: Экологиялық құқықбұзушылық

  15. Жетісу өлкесінде «Мамания» мектебін ашқан тұлғалардың бірі

    Дұрыс жауап: Е.Маманов

  16. Кәмелетке толмаған адамды әрекет қабілетті деп тану үшін қандай жағдайлар қажет?

    Дұрыс жауап: Қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі

  17. Дүниежүзі халықтарының шығу тегін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін зерттейтін ғылым:

    Дұрыс жауап: Этнология

  18. Капитал нарығы анықтамасы:

    Дұрыс жауап: Ақша қаражатының қаржы нарығында бір жылдам астам мерзімде айналымға түсетін бөлігі

  19. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз

    Дұрыс жауап: Нәресте жарық дүниеге келген кезде оның ата-анасы ҚР-ның азаматтығында тұрған болса, онда сәби қай жерде туғанына қарамастан республика азаматы болады.

  20. Жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталды және басқа активтерді алу, билеу, пайдалану, сату және мұраға қалдыру құқығы:

    Дұрыс жауап: Жеке меншік

  21. Францияның адам және азамат құқықтары декларациясы кай жылы бекітілді?

    Дұрыс жауап: 1789 ж.

  22. Бодандық саяси мәдениетке тән белгі

    Дұрыс жауап: Қоғам мүшелері саяси өмірге енжар араласады

  23. Әлеуметтік қоғамда адамдардың сандық мөлшеріне қарай бөлінетін тобы:

    Дұрыс жауап: Макротоп

  24. 2012 жылы Парламент Мәжілісінде сайлауда өткен партия:

    Дұрыс жауап: «Нұр Отан»

  25. Жеке тұлғаның тиісті әрекеттерінде, тәртібінде, көңіл-күйінде іске асырылатын маңызды моральдық сапасы:

    Дұрыс жауап: Жауапкершілік

  26. ХХ ғасырың соңында ЮНЕСКО-ның қолдауымен дүниежүзілік ауқымда аталып өткен мерейтойлар

    Дұрыс жауап: А.Құнанбаев пен Ж.Жабаев

  27. Кейсті оқып, жауабын таңдаңыз.

    Дұрыс жауап: Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері некені мемлекеттік тіркеген күннен бастап туындайды

  28. Құқықтық қатынастар құрылымына қатысты дұрыс емес дәйектерді анықтаңыз

    Дұрыс жауап: II, IV

  29. Тәжірибе мен дағдыны жалғастырады:

    Дұрыс жауап: мәдени құрылым

  30. Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығы:

    Дұрыс жауап: әлеуметтік нормалар

  31. Азамат жұмысқа орналасу үшін еңбек шартын жасайды:

    Дұрыс жауап: Кәсіпорынмен

  32. Конституция бойынша биліктің қайнар көзі:

    Дұрыс жауап: Халық

  33. Қылмыстық құқықбұзушылық терминдерін сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Конститутциялық құрылысәлеуметтік, экономикалық және саяси-құқықтық жүйе.
    В) Терроризмадамдарға қарсы қатыгездік жолмен күш қолдану.
  34. Заң түрлерін сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) Ағымдағы заң түрлеріне жатадыЗаң күші бар ҚР Президентінің жарлықтары
    2) Шоғырландырылған заң түрлеріне жатадыҚоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар
  35. Адамға тән қажеттіліктердің бөлінуі(-лері):

    Дұрыс жауап: ұзақ мерзімдік; ағымдық

  36. Адам мәселесімен айналысатын ғылым саласы(-лары):

    Дұрыс жауап: ұзақ мерзімдік; ағымдық

  37. Құқықтық тәртіпті қорғау үшін заңды бұзушыларды жауапқа тартатын арнаулы орган (-дар):

    Дұрыс жауап: Сот; Прокуратура

  38. Заңның жетекші орны мынадай белгілер арқылы анықталады

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) Заңды тек мемлекеттік биліктің заң шығару органдары немесе ____ тәртібінде тікелей халық қабылдайдыРеферендум
    2) Заң айрықша _______ тәртібінде қабылданадыІс жүргізу
  39. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге қатысты сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер түрлеріне жататын актілерЖабық нормативтік актілер
    2) Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер деңгейі бөлінедіНормалар
  40. Құқықтық қатынас белгілері

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) Құқықтық қатынас белгілеріне жатпайтын артығын алып тастаңызтараптар өзара міндеттер арқылы байланысады
    2) Құқықтық қатынас туындауы үшін маңызсызерікті және саналы сипатта болады
  41. Американдық ғалым А. Маслоудың пікірінше тұлға ретінде танылу қажеттілігіне жатады:

    Дұрыс жауап: мәртебе; бедел

  42. Дұрыс сәйкестікке келтіріңіз: 1. Жергілікті өкілді орган; 2. Ең жоғары өкілді орган; 3. Алқалы орган А. Үкімет; Б. Парламент; В. Мәслихат

    Дұрыс жауап: 1-B; 2-Б; 3-А.

  43. Өмірдің мәні туралы «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырған ғұлама:

    Дұрыс жауап: Абай Құнанбайұлы

  44. Біртекті нәрселерді олардың жалпы белгілері негізінде ойша біріктіру

    Дұрыс жауап: Жалпылау

  45. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот кеңесінің кепілдемесі бойынша қызметке тағайындайды:

    Дұрыс жауап: Президент

  46. Саяси элитаны сұрыптаудың антрепренерлік жүйесін қолданатын елдер

    Дұрыс жауап: Дамыған демократиялық елдер

  47. Адам дүниетанымын зерттеудегі тарихи тип:

    Дұрыс жауап: Философия

  48. Құндылықты туралы «Егер әлдебір нысанға ерекше қызығушылық туындаса, оны құнды деп атауға болады» деп анықтама берген америкалық аксиолог:

    Дұрыс жауап: Т. Шибутани

  49. Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган

    Дұрыс жауап: Парламент

  50. Бір жылдың ішіндегі экономикалық белсенділік деңгейіндегі өзгерістерге байланысты жұмыссыздық

    Дұрыс жауап: Циклдік