Ustazdyq

Құқық негіздері: ҰБТ

520 сұрақ · 5-бет, барлығы 11 бет

  1. Адамдар арасындағы өзара әрекеттесуінің ой, ақпарат, идеялар алмасуының жүзеге асырылу қарым-қатынасы:

    Дұрыс жауап: коммуникативті

  2. Жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қызметтің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығы:

    Дұрыс жауап: Дарын

  3. Екіжақты, біржақты немесе жанама байланыс түрінде жүзеге асатын қарым-қатынас:

    Дұрыс жауап: делдалдық

  4. Өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған, адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен өндіріс құралдарының жиынтығы:

    Дұрыс жауап: капитал

  5. «Үй шаруашылығын жүргізу туралы заң» деген мағынаны білдіретін ұғым:

    Дұрыс жауап: экономика

  6. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы ұғымына жататын құрал:

    Дұрыс жауап: пікірлесу, тәрбиелеу

  7. Ой, ақпарат, идея атты түсініктер тән қарым-қатынастың жағы:

    Дұрыс жауап: коммуникативті

  8. Адам қажеттіліктерінің құрылымын анықтап берген америкалық ғалым:

    Дұрыс жауап: А. Маслоу

  9. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі» екендігі көрініс тапқан Конституцияның бабын анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: 7-бап

  10. Тұлғаның қызмет жағдайларын белгілі бір қабылдауға және бұл жағдайларда белгілі бір мінез-құлық танытуға бейімділігі:

    Дұрыс жауап: Тұлғаның диспозициясы

  11. Шығармашылықты түйсіктің көрінісі ретінде бағалаған ғалым:

    Дұрыс жауап: 3. Фрейд

  12. Құқықтық қатынастар құрылымындағы объектілерді табыңыз

    Дұрыс жауап: ресми құжаттар

  13. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қолданылуы мүмкін әкімшілік жазалар қатарына жатпайды:

    Дұрыс жауап: он екі жылдам астам мерзімге бас бостандығынан айыру

  14. Қылмыстық құқықбұзушылық белгілеріне жатпайды:

    Дұрыс жауап: ескерту жасау

  15. Белгілі бір әрекеттерді мемлекеттің белгілі бір мерзімге тоқтата тұруы:

    Дұрыс жауап: мораторий

  16. Туылу жеріне орай азаматтық алу:

    Дұрыс жауап: филиация

  17. Заңнамамен бекітілмеген шарт:

    Дұрыс жауап: аталмаған шарт

  18. «Бұзақылық» қылмыстық құқықбұзушылық құрамының (ҚР ҚК-нің 293-бабы) элементтерін сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Обьективті жағы -Қоғамды құрметтемеуден, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзудан тұратын қоғамдық қауіпті әрекеттерді жасау.
    Субьективті жағы -Тікелей ниет түріндегі қасқана кінәлілікпен жасалады. Кінәлі адам қоғамдық тәртіпті қатаң бұзатындығын түсінеді, қоғамға айқын құрметсіздік көрсетеді және оны қалайды.
  19. Сәйкестендіру

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Жер құқығының әдістеріжер құқық қатынастары қатысушыларына әсер ету тәсілдерін білдіреді
    Жер құқығының қағидаларыжер қатынастарынқұқықтық реттеудің негізі болатын басты идеялар мен бастаулар. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 4-бабында бекітілген
  20. Құқықтық функциялардың анықтамасын сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Реттеушілікдұрыс мінез-құлық ережелерінің қалыптасуына бағытталған.
    Тәрбиеліқұқықтық ережелерді орындауға адамның санасына ықпал ете отырып, дұрыс ұстанымдарды қалыптастырады.
  21. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық нысандарын (форма) сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Фаворитизміске кесірін тигізе отырып, қызмет барысында белгілі бір адамға іш тартып, оған әділетсіздікке жол беру, қамқорлық көрсету.
    Непотизкәсіби деңгейіне қарамастан туыстарына немесе достарына артықшылық беру.
  22. Қылмыстық іс жүргізулерді сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Сарапшықылмыстық істегі арнайы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес зерттеу жүргізуге уәкілетті тәуелсіз тұлға.
    Анықтаушықылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттігі бар лауазымды тұлға.
  23. Мәжіліспен байланысты анықтама(-лар):

    Дұрыс жауап: Жасы жиырма беске толуы тиіс; Парламенттің төменгі палатасы

  24. Қазақстан Республикасы Конституциясының І бөлімінде қарастырылған түсінік(-тер):

    Дұрыс жауап: Адам және адамның өмірі; Президенттік басқару нысаны

  25. Тұлғаның материалдық мәдени санаттарындағы игіліктерді құрайды:

    Дұрыс жауап: мұрағат; мұражай; кітапхана

  26. Қоғамдық өмірдің мәдени аясына жататын ұғым(-дар):

    Дұрыс жауап: білім; сезім

  27. Адамның мәдениеттілік деңгейінің көріністері:

    Дұрыс жауап: рухани ізденісі; шығармашылығы; даналығы, адамгершілік нышандары

  28. Азаматтық құқықтық шарт терминдер анықтамасын сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    шартоферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы.
    мәмілеазаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.
  29. Балаға генетикалық ақпарат қорлары берілетін қасиет (-тер):

    Дұрыс жауап: жүйке жүйесі; ми құрылымы; ататегі

  30. Конституцияға сәйкес Республика қызметінің түбегейлі принципі (-тері):

    Дұрыс жауап: қазақстандық патриотизм; қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық

  31. Ауқымды мәселелер мен оларды қарастыратын халықаралық ұйымды сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    ұлттық мамандарды даярлау мен ұлттық мәдениетті зерделеуЮНЕСКО
    жұмыскерлер мен жұмыссыздарды қайта дайындауға қолдау көрсетуXEX
  32. Мемлекеттің қоғамдық ортаны мәдени-рухани жағынан дамыту шарасы (-лары):

    Дұрыс жауап: тікелей; үзіліссіз

  33. б.д.д. 551-479 жж. өмір сүрген философ:

    Дұрыс жауап: Конфуций

  34. Конституциялық құқықтың қайнар көзіне не жатпайды?

    Дұрыс жауап: Қоғамдық ұйымдардың шешімі

  35. Әртүрлі топтардың құндылықтарды сақтауға және олардың төңірегіне топтасуына бағытталған саяси мәдениет қызметі

    Дұрыс жауап: Интегративтік қызмет

  36. Қоғамтану ғылымында әлеуметтік жүйенің сандық тұрғыда өзгере отырып, өзінің негізгі сапасын сақтайтын даму кезеңі:

    Дұрыс жауап: Әлеуметтік эволюция

  37. Әлеуметтік қоғамда адамдардың сандық мөлшеріне қарай бөлінетін тобы:

    Дұрыс жауап: Макротоп

  38. Жалпықұқықтық қағидаттар

    Дұрыс жауап: Демократия, ізгілік, теңдік, әділеттілік

  39. Адамдардың табиғатта және ежелгі дүние қоғамында болып жататын кұбылыстарды тануға және түсіндіруге тырысудың алғашқы қадамы болған

    Дұрыс жауап: Мифтер

  40. Кұқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін арнайы орган:

    Дұрыс жауап: Прокуратура

  41. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдігі

    Дұрыс жауап: Мәслихат

  42. «Өзіңді таны», – деп айтқан ежелгі ұлы грек философы

    Дұрыс жауап: Сократ

  43. Кез келген жұмыс түріне қабылдау үшін ең төменгі жас мөлшері қанша жастан кем болмауы керек?

    Дұрыс жауап: 18 жастан кем болмауы керек

  44. Қоғам мүшелерінің саяси тәжірбиесін реттеп, саяси мінез-құлықты жөнге салып отыратын саяси өмірдің баршаға ортақ нормалары не деп аталады?

    Дұрыс жауап: Саяси мәдениет

  45. Адамды ғарыштың бір бөлшегі деп есептейтін көне философия

    Дұрыс жауап: Үнді философиясы

  46. Ұқсас алмастырушысы жоқ тауарды нарыққа жалғыз жеткізуші болатын және өз тауарының бағасына әсер ете алатын нарықтың құрылымы

    Дұрыс жауап: Монополия

  47. Сұраныс заңы былай тұжырымдалады

    Дұрыс жауап: баға жоғары болған сайын адамдар сатып алатын тауардың саны азая береді

  48. Капитал нарығы анықтамасы:

    Дұрыс жауап: Ақша қаражатының қаржы нарығында бір жылдан астам мерзімде айналымға түсетін бөлігі

  49. Барлық бастаманы идеялармен түсіндірген ежелгі грек философы

    Дұрыс жауап: Платон

  50. Жасөспірімнің ішінара әрекет қабілеттілігі пайда болатын және өзіне алған міндетті орындау қабілеті де көрініс беретін жасы:

    Дұрыс жауап: 14 жастан бастап