Ustazdyq

Қазақ тілі: ҰБТ

1 165 сұрақ · 8-бет, барлығы 24 бет

  1. Қос нүкте қойылған салалас құрмалас сөйлем(-дер)

    Дұрыс жауап: Ұсыныс сол: сөз өздеріне берілсін.; Малшы сырын білем мен: қасында өскем жасымнан.; Апамдар үйде жоқ: олар орман ішіне серуенге кеткен еді.

  2. Бастауыш қызметіндегі мезгіл үстеуі

    Дұрыс жауап: Елдің ертеңі жастар.

  3. Анықтауыш қызметіндегі зат есім

    Дұрыс жауап: Құйылған шайдың түсі де дәмі де керемет.

  4. Туынды түбір етістік

    Дұрыс жауап: ойна

  5. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар қатары

    Дұрыс жауап: -шама, -шеме; -ша, -ше; -дай, -дей

  6. Күрделі мезгіл пысықтауыш қатысқан сөйлем

    Дұрыс жауап: Жаз бойы қара жұмыс істедім.

  7. Тасымалдауға болмайтын сөздер қатары

    Дұрыс жауап: ҚазҰУ, 15 см, төрт

  8. Бастауышқа тән белгі

    Дұрыс жауап: атау тұлғада тұрып, сөйлемдегі негізгі ойдың иесі болады

  9. Берілген үзіндіге қатысты нұсқа Белоктарға құрамында азоты бар органикалық заттар жатады.

    Дұрыс жауап: ғылыми стиль

  10. Бастауыш қызметіндегі етістік(-тер)

    Дұрыс жауап: Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады.; Түркістан бұрын «Ясы» деп аталған.

  11. Қатыстық сын есімді сөйлем

    Дұрыс жауап: Сапалы, қайырлы еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді.

  12. Мәтел берілген нұсқа

    Дұрыс жауап: Сабақты ине сәтімен.

  13. Кейінгі ықпал байқалатын сөз тіркес(-тер):

    Дұрыс жауап: ақ кағаз; Ақ Орда; ақ қасқыр

  14. Сөздің барлық буынында жазылатын дауысты дыбыстар қатары

    Дұрыс жауап: a, e

  15. Қыстырма сөз қатысқан сөйлем

    Дұрыс жауап: А, олай болса, Добрыймен қандай байланысы бар мұның?

  16. Қимыл-әрекеттің иесі айтылмай, тек әрекеттің орындалғаны ғана көрінетін етіс түріне сәйкес қатар

    Дұрыс жауап: бала киінді, қыздар таранды

  17. Айқындауыш мүшеге байланысты қойылған сызықта

    Дұрыс жауап: Қалың көпшілік - арбалылар да, салттылар да, жаяулар да - саның соңынан шұбал барады.

  18. Диалект сөз қатысқан қатар

    Дұрыс жауап: Колхозшылар жауынгерлерге арнап 15 пар сым берді.

  19. Пысықтауыш қызметіндегі қимыл-сын үстеу

    Дұрыс жауап: Асан екеуміз ақырын әңгімелесіп келеміз.

  20. Қыстырма сөзге байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлем

    Дұрыс жауап: Амал не, кітапты қойныма тықтым да, жатаққа келдім.

  21. Бірыңғай есімді сөз тіркестер қатары

    Дұрыс жауап: мөлдір су, оқуға ынталы

  22. Сөз бен қосымша аралығындағы кейінді ықпал

    Дұрыс жауап: Менің қазақ тілін үйренгім келеді.

  23. Асты сызылған сөйлемдегі шылаулардың түрі

    Дұрыс жауап: жалғаулық, септеулік, жалғаулық

  24. Мәтіннің жанры

    Дұрыс жауап: мақала

  25. Орфографиялық нормаға сай бірге жазылған сөз қатысқан сөйлем

    Дұрыс жауап: Бала бақшада ертеңгілік өтетінін хабарлады.

  26. Түбір мен қосымшаның арасындағы кейінді ықпалы бар сөйлем

    Дұрыс жауап: Қолынан күрегі түспеді

  27. Көп мағыналы сөзі бар тіркес

    Дұрыс жауап: өкпесі тарады

  28. Омоним бола алатын сөз қатысқан нұсқа

    Дұрыс жауап: Біз үйге қайттық.

  29. Сөйлем соңына қойылмайтын тыныс белгі

    Дұрыс жауап: қос нүкте

  30. Сөздердің мағынасына қарай түрлерін сөз тіркестерімен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Тура мағыналы есімді тіркесАласа үй
    Ауыспалы мағыналы етістікті тіркесҚұлақ түру
  31. Тура мағынада тұрған сөйлем

    Дұрыс жауап: Ілияс - белгілі ақын, қазақ поэзиясының құлагері.

  32. Етістік түрлерін сөйлемдермен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Көсемше“Көре-көре көсем боласың…”
    Есімше“Ақылмен тура айтылған сөз…”
  33. Бітеу буынды сөздер қатар(-лар)ы

    Дұрыс жауап: шөл, кең; қант, кең; төрт, жар

  34. Мысалдар мен ондағы сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Малды қарауға шықты.толықтауыш
    Бүгін күн ашық екен.баяндауыш
  35. Салалас құрмалас сөйлемдер мен олардың түрлерін сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Сырыңды досыңа айтпа: оның да сыр айтар адамы болады.қарсылықты салалас
    Жоспарланған шара-өтті, - мақсатына жетпеді.қарсылықты салалас
  36. Сабақтас құрмаластың түрлерін берілген сөйлеммен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Көсемше арқылы жасалған мезгіл бағыныңқылыМұрат шығып үлгермей жатып вагонға Ержан кірді.
    Көсемше арқылы жасалған себеп бағыныңқылыҮш-төрт күннен бері тапсырма жасалмаған себепті, денеміз ауырлап қалыпты.
  37. Сөз аралығындағы кейінді ықпал

    Дұрыс жауап: Мен бұл өлеңді газеттен жазып алдым.

  38. Тұлғасы өзгеріп біріккен сөзі бар нұсқа

    Дұрыс жауап: Биыл Жастар жылы деп тағайындалды.

  39. Қолөнершілікке қатысты кәсіби сөз(-дер)

    Дұрыс жауап: тышуыр; ыңғыру

  40. Қатыстық сын есім қатысқан сөйлем

    Дұрыс жауап: Еріншек егіншіден елгезек масақшы озыпты

  41. Салалас құрмаластың мағыналық түрі Ол мейлінше қайырымды болыпты: жылағанды жұбатыпты, қысылғанға жәрдем беріпті.

    Дұрыс жауап: түсіндірмелі

  42. Ыңғайлас салалас құрмаластың жай сөйлемдері арасына сызықша қойылатын кез

    Дұрыс жауап: жай сөйлемдердегі оқиға бір сәтте, бір мезетте орындалғанда

  43. Тарыдан істелетін тағамның көне атауы

    Дұрыс жауап: қағұт

  44. Сөз бен сөздің аралығындағы кейінді ықпал қатысқан сөйлем

    Дұрыс жауап: Кітап оқу арқылы өмірді әр қырынан танимын.

  45. Сөйлемдегі туынды етістіктің қызметі Доп ойнаған тозар.

    Дұрыс жауап: бастауыш

  46. Бұйрықты сөйлемнің хабарлы сөйлемге жуық интонациямен айтылуына тән тыныс белгісі

    Дұрыс жауап: Леп белгісі не нүкте

  47. Оқшау сөз қатысқан сөйлем

    Дұрыс жауап: Шынында, бұл – ойланатын шаруа екені рас.

  48. Тоғыспалы ықпалдың айтылуы бойынша жазылған сөз(-дер)

    Дұрыс жауап: Допшан; Сәңгелді

  49. Демеулік шылау қатысқан сөйлем

    Дұрыс жауап: Ертең емес, бүгін-ақ, қазір-ақ кетейікші!

  50. Қосарланған күрделі сан есімді сөйлем(-дер)

    Дұрыс жауап: Автобусқа бір-бірден санап кіргізді.; Жоғалған қойды екі-екіден бөлініп іздедік.