Ustazdyq

Қазақ тілі: ҰБТ

1 165 сұрақ · 18-бет, барлығы 24 бет

  1. Тура мағынада қолданылып тұрған қатар:

    Дұрыс жауап: Арзан бұйым

  2. Біріккен сөз болатын қатар:

    Дұрыс жауап: Аш(ішек)

  3. Полемикалық (дауласу) сөз тән стиль:

    Дұрыс жауап: Ауызекі стиль

  4. Термин сөз қатысқан сөйлем:

    Дұрыс жауап: Алғашқы көне карталарда Австралия мен Антарктида көрінбейді.

  5. «Ә» әрпі жазылмайтын сөздер:

    Дұрыс жауап: К...же, л...йық

  6. Фонетика саласында қарастырылатын мәселелер:

    Дұрыс жауап: Тасымал, буын үндестігі

  7. Сын-қимыл үстеуі:

    Дұрыс жауап: Емін-еркін

  8. Оқшау сөзге жатпайтын қатар:

    Дұрыс жауап: Қою

  9. Хабарлы сөйлем:

    Дұрыс жауап: Ең ежелгі адам Маңғыстау жерінен табылып отыр

  10. Мәтінде кездесетін қос сөздер ішінен қосарлама қос сөзге жатпайтын қатар:

    Дұрыс жауап: бір-біріне

  11. Жалпылауыш сөз жасалып тұрған сөз табы: «Жұмағұл, Дарқан, Тәкежан – үшеуі де көз алмай молданың бар қимылын бағып тұр».

    Дұрыс жауап: Сан есім

  12. Үйірлі анықтауыш:

    Дұрыс жауап: Талабы бар жігіт жерде қалмайды.

  13. Түбірлес сөздер:

    Дұрыс жауап: Өнім, өндіріс, өндір

  14. Бірнеше орындаушысы бар етістің түрі:

    Дұрыс жауап: Ортақ етіс

  15. Омоним бола алмайтын сөз:

    Дұрыс жауап: Баяу

  16. Жуан қосымша жалғанатын сөз:

    Дұрыс жауап: Жұмабаев

  17. Киізден, иленген теріден жасаған қамыт:

    Дұрыс жауап: Жабазы

  18. Мәтін бойынша баланың жекетұлға болып қалыптасуына ықпал етпейтін қатар:

    Дұрыс жауап: фильм

  19. Мақсатты келер шақ:

    Дұрыс жауап: Оның жаңа қасиеттерін ашып, мүмкіндігінің мол екенін танытпақшы.

  20. Үтір дұрыс қойылған сөйлем:

    Дұрыс жауап: – Сірә, бес отардан бір отарға жетер-жетпес қана мал аман қалған шығар.

  21. Кәсіби сөз қатысқан сөйлем:

    Дұрыс жауап: Торламаның қабығы жұқа, іші қызғылт болады.

  22. Тұйық буын кездесетін сөйлем:

    Дұрыс жауап: Айтыс – көне заманнан үзілмей келе жатқан өнер түрі.

  23. Сөз тіркестері бола алмайтын қатар:

    Дұрыс жауап: Жұлдызы жану

  24. Мәтінде курсивпен жазылған құрмалас сөйлемнің түрі:

    Дұрыс жауап: Себеп-салдар салалас

  25. Мәтінде кездесетін «бауыр» сөзі:

    Дұрыс жауап: Омоним

  26. Мәтінде қарамен жазылған сөз тіркесінің байланысу түрі:

    Дұрыс жауап: Меңгеру

  27. Айқындауыштың түрлері:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Қосалқы айқындауышАмангелді батыр
    Қосарлы айқындауышӘйел-ана
  28. Сөзжасам тәсілдеріне мысал:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    синтетикалықкуәгер
    лексика-семантикалықбүлдірген
  29. Салалас құрмалас сөйлем(дер)дің түр(лер)і:

    Дұрыс жауап: Түсіндірмелі; Ыңғайлас; Кезектес

  30. Ойдың аражігін ажырату қызметін атқаратын тыныс белгі(лер):

    Дұрыс жауап: Нүктелі үтір; Үтірлі сызықша; Қос нүкте

  31. Шектік (тежеу) демеулік шылауы бар сөйлем(дер):

    Дұрыс жауап: Сапар ғана өз ойын дәлелдеді.; Бәрінің ішінде Досым-ақ ұтысқа ие болды.

  32. Сан есімдер:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Дара есептік сан есімОктиллион
    Күрделі топтау сан есімБір-бірден
  33. Жатыс септігінің көнеленуі арқылы жасалған үстеу(лер):

    Дұрыс жауап: Өткенде; Байқаусызда; Қапыда

  34. Түбір сөз(дер):

    Дұрыс жауап: Сиыр, жұрт, тамаша; Мөлдір, таны, маса

  35. Септеулік шылау

    Дұрыс жауап: Бірге

  36. Қатыстық сын есім

    Дұрыс жауап: Тарихи

  37. Буынға бөлінетін, бірақ тасымалданбайтын сөз

    Дұрыс жауап: Емен

  38. Үстеуден болған синоним сөздер

    Дұрыс жауап: Шапшаң, жылдам

  39. Езулік және еріндік дауысты дыбыстар араласып келген сөйлем

    Дұрыс жауап: Көлге аққу қонса, елге бақ қонады.

  40. Тасымалданбайтын сөз

    Дұрыс жауап: Үлес

  41. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер

    Дұрыс жауап: Сулы – құрғақ

  42. Салт-дәстүрге байланысты туған табу сөз

    Дұрыс жауап: Шырайлым

  43. Жаңа сөз тудырудың тәсілі бола алмайтын қатар

    Дұрыс жауап: Талапты бала

  44. Жинақтық сан есім қатысқан мақал-мәтел

    Дұрыс жауап: Ағайын – алтау, ана – біреу.

  45. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылау

    Дұрыс жауап: Кейін

  46. Жақты сөйлем

    Дұрыс жауап: Жаман мінез-құлық – рухани кесел.

  47. Орфографиялық норма бойынша жазылған сөз

    Дұрыс жауап: Өзгеріс

  48. Баяндауыштың қызметін атқарып тұрған сын есім

    Дұрыс жауап: Кісі айыбын ашқаннан жапқан жақсы.

  49. Дара, болымсыздық есімдігі

    Дұрыс жауап: Дәнеңе

  50. «Үйдің қабырғасы» сөз тіркесі құрылған қатынас

    Дұрыс жауап: Анықтауыштық қатынас