Ustazdyq

Қазақ тілі: ҰБТ

1 165 сұрақ · 15-бет, барлығы 24 бет

  1. Ауыспалы мағыналы сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Істің ақ-қарасына көз жеткізу үшін келді.

  2. Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері

    Дұрыс жауап: Ғарыш айлақтың бірі

  3. Қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануынан жасалаған қос сөзді тіркесті табыңыз.

    Дұрыс жауап: Алпамсадай-алпамсадай жігіттер.

  4. Күрделі сөздер қатары

    Дұрыс жауап: Қолөнер, биік-биік, аула клубы

  5. Шылау арқылы байланысқан сөйлемді белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Бейбітшілік үшін күресеміз.

  6. Бітеу буынды сөзден басталған сөйлем

    Дұрыс жауап: Төрт адамнан тұратын бұл отбасы өте бақытты.

  7. Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды.

  8. Жалпыхалықтық сипат алмаған сөздер қай қатарға жататынын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Диалект сөздер

  9. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Сұраулы сөйлем

  10. Бірыңғай есімді сөз тіркестер қатары

    Дұрыс жауап: Мөлдір су, оқуға ынталы

  11. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөзді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Жердің жасанды серігі

  12. Тек дауыссыз дыбыстардан тұратын қатарды табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ц, ш, ң, б.

  13. Ортақ етісті анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Екеуі де өздеріне қатысты көп нәрсені айтысты.

  14. Мәтінді мұқият оқы. Мәтін конспектісін жазу үшін қандай ақпарат іріктеліп алынғанын тап.

    Дұрыс жауап: тұжырым мен пікірлер

  15. Ашылып, жабылып сөздері

    Дұрыс жауап: Көсемше

  16. Омоним бола алатын сөз қатысқан нұсқа

    Дұрыс жауап: Мен кітап оқыдым.

  17. Көнерген сөзі бар сөйлем

    Дұрыс жауап: Жазылы, алтын, қол кескен, алдаспаным өзіңсің…

  18. Берілген сөйлемдегі зат есімнің қызметі Бұл роман маған қатты ұнады.

    Дұрыс жауап: Бастауыш

  19. Күшейтпелі шырайлы сөйлем

    Дұрыс жауап: Жолды кесіп өтерде жан-жағыңа қара.

  20. Сөздердің мағынасына қарай түрлерін сөз тіркестерімен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Тура мағыналы есімді тіркесАласа үй
    Б) Ауыспалы мағыналы етістікті тіркесҚұлақ түру
  21. Етістік түрлерін сөйлемдермен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Көсемше“Көре-көре көсем боласың…”
    Б) Есімше“Ақылмен тура айтылған сөз…”
  22. Жаңа сөздер(неологизмдер) қатысқан қатар

    Дұрыс жауап: Пернетақта, зертхана

  23. Мысалдар мен ондағы сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Малды қарауға шықты.баяндауыш
    Б) Бүгін күн ашық екен.баяндауыш
  24. Салалас құрмалас сөйлемдер мен олардың түрлерін сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Сырыңды досыңа айтпа: оның да сыр айтар адамы болады.қарсылықты салалас
    Б) Жоспарланған шара өтті, - мақсатына жетпеді.себеп-салдар салалас
  25. Салалас құрмалас сөйлем (-дер)

    Дұрыс жауап: Мені жұмсаған жоқ, өзім кеттім.; Ауылы алыс емес екен, екеуіміз әңгімелесіп жылдам жеттік.; Не өзің айт, не мен сөйлеймін.

  26. Сабақтас құрмаластың түрлерін берілген сөйлеммен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Көсемше арқылы жасалған мезгіл бағыныңқылыМұрат шығып үлгермей жатып, вагонға Ержан кірді.
    Б) Көсемше арқылы жасалған себеп бағыныңқылыҮш-төрт күннен бері тапсырма жасалмаған себепті, денеміз ауырлап қалыпты
  27. Болжалдық сан есім қатары

    Дұрыс жауап: Жүз шақты, отыздай; Бір-екі, сексендерде; Сегізге таман, жүз қаралы

  28. Ононимдес сөздері бар тіркес(-тер)

    Дұрыс жауап: Дәптерді сана; Адамның санасы

  29. Анықтауыш қызметінде тұрған жалқы есімді сөйлем(-дер)

    Дұрыс жауап: Омардың бұл шешімін оқушылар да қостады.; Бір белеске шығып, Құлагердің басын тартып, жан-жаққа қарап тұрдым.

  30. Күрделі зат есім (-дер)

    Дұрыс жауап: дос-жаран; баспасөз

  31. Будан сөзді тап

    Дұрыс жауап: Бортсерік

  32. Полемика сөзі қай тілден енген термин:

    Дұрыс жауап: Грек

  33. Келер шақта тұрған сөйлем(дер)

    Дұрыс жауап: Бір жолым түскенде барармын; Сен ертең кетпекшісің

  34. Қолөнершілікте қолданылатын бұрап тесетін құрал атауы

    Дұрыс жауап: Тышуыр

  35. Жуан дауысты дыбыстардан ғана құралған сөзді тап

    Дұрыс жауап: Бақыт

  36. Сан есімнің мағыналық түрі нешеу?

    Дұрыс жауап: 6

  37. Болжалдық сан есім кездескен қатар

    Дұрыс жауап: Сағат жетілер шамасында кездесейік

  38. «Мекенжай» сөзі қай қатарға жатады?

    Дұрыс жауап: Күрделі,біріккен

  39. Тіл білімінің дыбыстық жағын, оның жүйесін,өзгеру жолдарын зерттейтін сала

    Дұрыс жауап: Фонетика

  40. Емлеге сай қатесіз жазылған сөзді белгіле

    Дұрыс жауап: Журналиске

  41. Аналитикалық тәсіл бойынша жасалған сөзді тап

    Дұрыс жауап: Сыйақы

  42. Мәтелді көрсет

    Дұрыс жауап: Тисе-терекке,тимесе-бұтаққа

  43. Омоним бола алатын қатар

    Дұрыс жауап: Ұста

  44. «Саба,мес» сөздері қандай сөздер тобына жатады?

    Дұрыс жауап: Көнерген сөз

  45. Белгілі бір ғылыми мектеп өкілдері немесе ұжым ғана қолданатын термин

    Дұрыс жауап: Метадиалектілі термин

  46. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» сөйлемдегі есімдіктің қызметі

    Дұрыс жауап: Бастауыш

  47. «Үйдегі бес-алты малымыз жоғалып кетті» сөйлемдегі сан есімнің қызметі

    Дұрыс жауап: Анықтауыш

  48. Тура мағынада айтылып тұрған сөйлем

    Дұрыс жауап: Бүгін ауылға жол тартатын болғандықтан, анам ерте оятты

  49. Күшейтпелі шырайда тұрған сөзі бар қатар

    Дұрыс жауап: Аппақ қар жапалақтап жаууда

  50. Мекен үстеуді тап

    Дұрыс жауап: Жоғары,ілгері