Ustazdyq

Орыс тілі: Нөлдік срез

294 сұрақ · 3-бет, барлығы 6 бет

  1. Кезектес салалас құрмаласты табыңыз.

    Дұрыс жауап: Қазанаспанның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды.

  2. Үсен жақын жерде көл бар кенін сезді, өйткені қаз сулы жерде ғана мекен етеді. Сөйлем түрін анықта.

    Дұрыс жауап: Себеп-салдар салалас

  3. Сабақтастың қай түрі екенін анықтаңыз. Таңертең жағалауға келсе, өзен тасып кеткен екен.

    Дұрыс жауап: Мезгіл

  4. Берілген аралас құрмалас сөйлемнің сызбасын көрсетіңіз. Жасын өлең оқып тұр екен, жанары жарқ-жұрқ етіп, тыңдағанды баурап барады.

    Дұрыс жауап: Басыңқы – бағыныңқы – басыңқы

  5. Шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышының жасалу жолын анықтаңыз: Театрға кешікпей барғанда, қойылымға үлгерер едің.

    Дұрыс жауап: Жатыс септік тұлғасындағы есімше

  6. Ыңғайлас салаласты көрсет.

    Дұрыс жауап: Жаңбыр басылды, көкжиектен кемпірқосақ көрінді.

  7. Мезгіл кешкіріп кетті, амалсыз қонуға тура келді. Сөйлем түрін анықта.

    Дұрыс жауап: Себеп-салдар салалас

  8. Ауызекі сөйлеу стилінде қолданылатын сөздер

    Дұрыс жауап: Жүдә, беймарал, бәдірен

  9. Аралас құрмалас сөйлемге тән ерекшелігін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.

  10. Қарсылықты сабақтастың бағыныңқы сөйлем баяндауышының тұлғасын көрсетіңіз. Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

    Дұрыс жауап: Көмектес септік тұлғасындағы есімше

  11. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласты табыңыз.

    Дұрыс жауап: Апасы оралып келгенше, үй шаруасын аяқтап қойған еді.

  12. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай анықталады?

    Дұрыс жауап: Бағыныңқы, басыңқы

  13. Үтір қойылатын салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Әрі досына серік болып барып қайтуды көздеді әрі өз туыстарын кездестірсем деп ойлады

  14. Жай сөйлемдер тек жалғаулықты шылаулар арқылы байланысатын салаласты көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Талғаулы салалас

  15. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Кешеден бері біресе жаңбыр жауды, біресе қар жауды.

  16. Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалатын сабақтасты табыңыз.

    Дұрыс жауап: Себеп

  17. Сабақтас құрмаластың қай түрі? Әжей егде тартқан жасына қарамастан, үй шаруасын өзі-ақ атқарып отыр.

    Дұрыс жауап: Қарсылықты

  18. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз. Айттым – айтқанымды істедім, көрдің – көңіліңдегіні таптың.

    Дұрыс жауап: Бір сөйлемдегі оқиға екіншісіне қарсы қойылып айтылғанда

  19. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. Ат арбасы бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.

    Дұрыс жауап: Кезектес салалас

  20. Талғаулы салаластың жалғаулықтарын белгілеңіз:

    Дұрыс жауап: Не, немес, яки, әлде

  21. Етістіктің шартты рай тұлғалы етістік пен деп көмекші етістік тіркесінен жасалынатын сабақтасты табыңыз.

    Дұрыс жауап: Мақсат

  22. -са/-се формалы қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Мен қанша қарасам да, ол мені байқамады.

  23. -а,-е,-й тұлғалы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Ол үйге кіре бере, сәбидің даусы естілді.

  24. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Сызықша

  25. Радио, теледидардан берілетін хабарлау қай стильге тән

    Дұрыс жауап: Публицистикалық стиль

  26. Ғылыми стилді көрсет

    Дұрыс жауап: Алюминий тез балқиды

  27. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз:

    Дұрыс жауап: Жаңбырдың астында жаурап тұрғанша, үйге кіріп шай іш.

  28. Салалас құрмалас сөйлемді көрсет.

    Дұрыс жауап: Күн батты да, тау бөктерін қара көлеңке басты.

  29. Бірде жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: Кезектес салалас

  30. Түсіндірмелі салаластың жасалу жолын анықтаңыз: Болашақта демография саласында мынадай өгерістер болуы мүмкін: дүниеге сәби келу көбейеді.

    Дұрыс жауап: Жалпылауыш сөзге бол етістігі тіркескен

  31. Кезектес салаласты табыңыз:

    Дұрыс жауап: Жұмыс бабымен бірде отбасымен қауышады, бірде қоштасып іссапармен жолға шығады.

  32. Аралас құрмаластың құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса, қандай тыныс белгі арқылы ажыратылады?

    Дұрыс жауап: Үтір, сызықша

  33. Ол театрға асыңып келсе, қойылым басталып кетіпті. Сабақтастың түрін ажыратыңыз:

    Дұрыс жауап: Мезгіл

  34. Пікірталасқа бастайтын пікірлесудің қарапайым түрін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Әңгіме

  35. Экспрессивті, бағалауыш сөздер жиі қолданылатын стиль түрі

    Дұрыс жауап: публицистикалық стиль

  36. Ойталқыға қатысатын адам саны:

    Дұрыс жауап: 3-15 адам

  37. Қарсылас топтың ой-пікірін жоққа шығара отырып, өз көзқарастарын дәйектеу арқылы жеңіске жету:

    Дұрыс жауап: Дебат

  38. Белгіленген тақырып, талқыланатын жоба, құжат бойынша арнайы маман шақырылып, жоспар бойынша жүргізілетін пікірталас түрін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: Дөңгелеу үстел

  39. Дипломатиялық шағын ресми стильге жататын нұсқа

    Дұрыс жауап: нота, меморандум

  40. Көркем әдебиет стиліне тән лексикалық тұлғаларды табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ауыспалы мағынадағы сөз, тұрақты тіркес

  41. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Қаршадайымнан қозы бақтым және қабырғам қата қой бақтым, соның бәрінде осы бозторғай серігім болды.

  42. Публицистикалық стильге тән нұсқа

    Дұрыс жауап: эмоционалды-экспрессивті сөздер қолданылады

  43. Бір-бір ауыз өлеңмен қысқа, шапшаң жауаптасып отыратын, жалпы көпшілік қолданатын айтыс түрін белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Түре айтыс

  44. Қандай жерде нүкте қойылмайтынын белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Кітаптағы тақырып атынан соң

  45. Шешендік сөздердің әсерлілік сипатына қарай эмоционалды-экспрессивті элементтер өте сирек қолданылатын түрі

    Дұрыс жауап: рационалды

  46. Қандай тыныс белгісі жетпей тұрғанын белгілеңіз. Дайындалып келдім, айта алмадым.

    Дұрыс жауап: Сызықша

  47. Дискуссия сөзінің мағынасы:

    Дұрыс жауап: Зерттеу

  48. Сөйлем мүшелері деген не?

    Дұрыс жауап: Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздер

  49. Зат есімнің сұрағын анықта.

    Дұрыс жауап: кім?

  50. Сан есімнің қандай түрлері бар?

    Дұрыс жауап: есептік,реттік