Қазақ тілі / Орыс тілі: Нөлдік срез
233 сұрақ · 3-бет, барлығы 5 бет
Бастауыш қандай сөз табынан жасалған? Оқыған жетер мұратқа, оқымаған қалар ұятқа.
Дұрыс жауап: Есімше тұлғалы етістік
Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады? Мұндайды күтпеп едім
Дұрыс жауап: Леп белгісі, көп нүкте
Сөздік қорға қандай сөздер енеді?
Дұрыс жауап: Байырғы төл сөздер
Тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем түрі
Дұрыс жауап: Жалаң
Айқындауыш мүше қай сөз табынан екенін анықтаңыз: Әрине, адам баласы жер-ананы қадірлейді.
Дұрыс жауап: Есімдік
Орыс тілінен енген сөзді тап
Дұрыс жауап: Жәрмеңке
Кең тараған руникалық жазудың VІІІ–ІХ ғасырларда қағазға жазылған нұсқалары Шығыс Түркістаннан қай уақытта табылған?
Дұрыс жауап: ХХ ғасырдың басында
Жалқы есімді тап:
Дұрыс жауап: Айару
Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың тыныс белгісін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Үтір, сызықша
Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз:
Дұрыс жауап: Біздерге, 8-сынып оқушыларына, аса үлкен міндет жүктелді.
Ізетті бала сөз тіркесінің сызбасын анықтаңыз.
Дұрыс жауап: сын есім+зат есім
«Ұлы Қытай қорғаны – әлемдегі ең ұзын қорған» деген сөйлемде сызықша интонацияның қай түріне сүйеніп қойылғанын тап
Дұрыс жауап: Ұзақ кідіріс
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Күн сайын жер бетінде төтенше жағдай болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.
Әдебиеттің интернационалдық терминдері
Дұрыс жауап: эпитет, метафора
Интонацияның құрамдас бөліктеріне жатпайтын қатарды тап
Дұрыс жауап: Ән
Күрделі сөзді көрсет.
Дұрыс жауап: Алтай өлкесі
Бірыңғай тұрлаулы мүшелер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Көргендер де, көре алмағандар да бар
Белгілі бір аймақта жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер
Дұрыс жауап: диалект сөздер
Матаса байланысқан сөз тіркесін табыңыз:
Дұрыс жауап: кішінің әрекеті
Қосарлы айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз:
Дұрыс жауап: Әйелді аттандырған бойы түрегеп тұрған Жалпақ балуан гүрс құлады.
Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың тыныс белгісін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Үтір, сызықша
Пысықтауыштың мағыналық түрлері:
Дұрыс жауап: Мезгіл, мекен, мақсат
Бірге жазылатын сөзді көрсет
Дұрыс жауап: Көк(құтан), көк(жиек)
Анықтауыш негізінен қай сөз табынан жасалатынын табыңыз:
Дұрыс жауап: Сын есім
Дұрыс қысқартылған сөзді көрсет:
Дұрыс жауап: ҚазҰПУ
Тыныс белгісі қабаттаса қойылмайтын сөйлемді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Ақыл жастан, асыл тастан шығады
Үйірлі бастауышты табыңыз:
Дұрыс жауап: Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.
Сөйлем түрін көрсетіңіз. Мөлдір, мені күтіп алшы.
Дұрыс жауап: Бұйрықты сөйлем
Құндылық дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Кез келген заттың басты сипаты
Сөйлемді хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті етіп жеткізу үшін қолданатын интонацияның құрамдас бөлігін анықтаңыз.
Дұрыс жауап: әуен
Берілген жалаң сөйлемнің жайылма сөйлемге айналған нұсқасын белгілеңіз. Қар жауды.
Дұрыс жауап: Қар қалың жауды.
Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз. Осы жерден Алматы – Астана бағытында автобус қатынайды.
Дұрыс жауап: Жер, уақыт мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін
Жіктеу есімдігі мен жіктік жалғау арқылы байланысқан тіркесті көрсет.
Дұрыс жауап: Сен көмектестің
Тарихқа қатысты интернационалдық терминдер
Дұрыс жауап: неолит, палеолит
Интонацияның компоненттеріне жатпайтын қатарды тап.
Дұрыс жауап: Ән, үн
Лепті сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Күшейткіш мәнді сөздер арқылы
Қазақстанның ең басты құндылығы не?
Дұрыс жауап: Тәуелсіздігі
Етістікті тіркесті көрсетіңіз
Дұрыс жауап: Жүйелеп айту
«Ұлттық құндылықтың ең бастысы – ана тілі, сол арқылы өз тілін сүйеді, төл әдебиеті мұраларын сүйіп оқиды, өз халқының тарихын, өткені мен бүгінгісін ойлайды, тарихы жайлы толғанады» деген пікірдің иесі кім?
Дұрыс жауап: Мұстафа Шоқай
Белгілі бір аймақта жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер
Дұрыс жауап: диалект сөздер
Мақалдың жүйесі бойынша, қандай адам мәңгүрт болып саналады?
Дұрыс жауап: Ана тілін білгісі келмейтін
Термин сөздерді табыңыз
Дұрыс жауап: бастауыш, сын есім
Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін анықтаңыз. Есіктен төрге шейін қызыл кілем.
Дұрыс жауап: төрге шейін кілем
Сөйлемде қанша тіркес бар екенін анықта: Қыстан сақтап шыққан сүрлерін әкеледі.
Дұрыс жауап: 4
Бас әріппен жазылмайтын сөзді көрсет
Дұрыс жауап: Мектеп Директоры
Ізетті бала сөз тіркесінің сызбасын анықтаңыз.
Дұрыс жауап: сын есім+зат есім
Жаңа сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
Дұрыс жауап: Талғат Мұсабаев ғарышқа бірнеше рет ұшқан.
Біріккен жалқы есімдер жасалатын тәсілдердің бірін көрсет
Дұрыс жауап: Аффикстік тәсіл
Берілген жалаң сөйлемнің жайылма сөйлемге айналған нұсқасын белгілеңіз. Қар жауды.
Дұрыс жауап: Қар қалың жауды.
Қосалқы айқындауыш –
Дұрыс жауап: Райымбек батыр