Қазақстан тарихы: Тоқсандық бақылау
546 сұрақ · 6-бет, барлығы 11 бет
Семей ядролық сынақ алаңында КСРО да ең алғашқы атомдық жарылыс жүзеге асырылды:
Дұрыс жауап: 1949 ж.
XX ғасырдың 50-жылдары саяси қудалауға ұшыраған ғалымдар:
Дұрыс жауап: А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев
ХХ ғ. 60-80 жылдарында Қазақстанда кеңінен игеріле бастаған сала:
Дұрыс жауап: Мұнай өндіру
XX ғасырдың 80 жылдары Ембі сынақ алаңында сынақтан өткізілді:
Дұрыс жауап: лазерлік қарулар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері
1943 жылы Е. Бекмахановтың ғылыми зерттеу тақырыбы:
Дұрыс жауап: «Қазақтардың Кенесары Қасымов басқарған азаттық күресі»
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мақсаты:
Дұрыс жауап: Астық өндірісін күрт арттыру
“Хрущевтік жылымық” деп аталған кезең:
Дұрыс жауап: 1953-1964 жж.
«Тоқырау» кезеңінде Қазақстандағы экономикалық саясаттың негізгі ерекшелігі:
Дұрыс жауап: Өнеркәсіп өндірісінің баяулауы
XX ғасырдың 60-жылдары Қазақстанда ашылған боксит кен орны негізінде салынған зауыт:
Дұрыс жауап: Павлодар алюминий зауыты
Дөңгелекті арбалар жасала бастады:
Дұрыс жауап: Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңында
Ресейдегі Оңтүстік Орал жазығында шоғырланған сазбалшықтан дөңгелете немесе тікбұрышты пішінде тұрғызылған қоныстарымен, жерлеу орындарымен белгілі мәдениет:
Дұрыс жауап: Сынтасты
Орта ғасырлардағы Ұлы Даланың мұсылман жазба деректеріндегі атауы:
Дұрыс жауап: Дешті Қыпшақ
Әлемдік өркениетке Ұлы Дала көшпелілерінің қосқан үлесі:
Дұрыс жауап: жылқыны алғаш қолға үйрету
Орталық Азияның оңтүстік-батыс өлкелерін қоныстанған алғаш егіншілікпен айналысқан тайпа:
Дұрыс жауап: жейтундықтар
ХІХ ғасырдың ортасында «Орталық Азия» ұғымын алғаш рет қолданған неміс зерттеушілері
Дұрыс жауап: Риттер, Гумбольдт
1970 жылдары петроглифтерге зерттеу жұмысын жүргізген ғалым:
Дұрыс жауап: М. Қадырбаев
Б.з.б. 200 жылдары ғұндарға қарсы жорықта қоршауға түскен қытай императоры:
Дұрыс жауап: У-ди
Жылқыны қолға үйрету басталды:
Дұрыс жауап: Б.з.б. ІV мыңжылдықтың ортасында
Жаулап алушылар немесе отаршылардың жергілікті халықпен автохтондармен араласуы:
Дұрыс жауап: Ассимиляция
Этникалық тегінің құндылықтарын жоққа шығару, өз этносын төмен бағалау:
Дұрыс жауап: Нигилизм
Дәстүрлі қазақ қоғамында әлеуметтік сатының жоғары сатысында орналасып, өздеріне тән артықшылық жағдайды пайдаланған топ:
Дұрыс жауап: Ақсүйек
Әлеуметтік жағынан жоғарғы сатыда тұрғандар
Дұрыс жауап: Ақсүйек
Өз шығармасында «өзбек-қазақ» атауын қолданған «Тарихи-Рашиди» еңбегінің авторы
Дұрыс жауап: М.Х. Дулати
Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан би:
Дұрыс жауап: Әйтеке би
Әдеттік құқық бойынша жүргізілген сот:
Дұрыс жауап: Билер соты
Қазақ қоғамындағы еріксіз адамдарды атады:
Дұрыс жауап: Құл, күң
Ақсүйек адамдардың бірінші тобына жатты:
Дұрыс жауап: Төрелер
Андрондықтардың үндіирандық екендігі туралы болжам расталатын жазбаша дерек:
Дұрыс жауап: Авеста
Қазақ халқы этногенезі қалыптасуының аяқталуында маңызды рөл атқарған жағдай:
Дұрыс жауап: Керей- Жәнібек сұлтандардың Жетісу жеріне көшіп келуі
Қазақ қоғамының басқа мүшелерімен салыстырғанда, құқықтық артықшылықтарға ие болды
Дұрыс жауап: Сұлтандар
XIV ғасырдың ортасына қарай мұсылмандық жазба деректерде Шығыс Дешті Қыпшақтың халқы аталды:
Дұрыс жауап: Өзбектер
Рудың көшіп-қону аймағы:
Дұрыс жауап: Атажұрт
Ер адам жағынан ата-бабаларын ауызша немесе жазбаша санамалайтын туыстық қатынастар тізбегі:
Дұрыс жауап: Шежіре
Ақсүйек адамдардың бірінші тобына жататындар:
Дұрыс жауап: Шыңғысхан ұрпақтары
Махмұд Қашқаридың еңбегі:
Дұрыс жауап: “Диани лұғат ат-түрік”
Қазақ даласындағы барлық Шыңғыс хан ұрпағының ортақ таңбасы мен ұраны
Дұрыс жауап: Арқар
Туыс адамдардың үйленуіне тыйым салу:
Дұрыс жауап: Экзогамия
XV - XVIIIғ қазақ қоғамындағы иерархиялық әлеуметтік құрылымның басында тұрды:
Дұрыс жауап: Хан
Теле тайпаларының ата – бабалары, шығу тегі:
Дұрыс жауап: Ғұндар
Орта жүз аумағының оңтүстік аумағын мекендеген ру:
Дұрыс жауап: Қоңырат
Түрік қағанатының негізін қалаған Бумын шыққан ру-тайпа:
Дұрыс жауап: Ашина
Көшпелілер мәдениетін қалыптастыру және қазақтар этногенезінің басталуына негіз болды:
Дұрыс жауап: Көшпелі малшылық
Рулар мен тайпалардың басшылары:
Дұрыс жауап: Билер
1960-70 жылдары электрохимиялық әдіс бойынша катализаторларды зерттеуді ұйымдастырған академик:
Дұрыс жауап: Д.Сокольский
XX ғасырдың 70-80 жылдары есімі әлемге әйгілі болған әнші:
Дұрыс жауап: Ә.Дінішев
КСРО дәуірінде тарихқа "алтын бесжылдық" ретінде кірген бесжылдық:
Дұрыс жауап: Сегізінші
Қазақ КСР-ның соңғы Конституциясы қабылданған жыл:
Дұрыс жауап: 1978 ж.
1979 жылы ұлтаралық қатынастарда орын алған келеңсіз құбылыс:
Дұрыс жауап: Неміс автономиялық облысын құру туралы шешім
1954 жылдан бастап республикада ашылды:
Дұрыс жауап: техникалық училищелер
"Тоқырау кезеңі" деп аталатын уақыт:
Дұрыс жауап: Брежнев дәуірі