Ustazdyq

Математикалық сауаттылық: ҰБТ

107 сұрақ · 2-бет, барлығы 3 бет

  1. Екі бала бөренені екі бөлікке бөлгенде 4 минут уақыт жұмсайды. 6 м бөренені бір метрлік шөркелерге бөлетін уақытты табыңыз.

    Дұрыс жауап: 20 минут

  2. 24, 12, 48, 16, 80, 20, 120, ?, 168. Белгілі бір ережеге сәйкес құрылған сан тізбегіндегі ? белгісі қойылған санды табыңыз.

    Дұрыс жауап: 24

  3. Екі санның арифметикалық ортасы 13-ке тең. Егер сандардың бірі 19-ға тең болса, екіншісі неге тең екенін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 7

  4. Кестеде бастапқы сөзді сәйкестендірген теңсіздіктің бүтін шешімі бойынша түрлендіру берілген. «Тазалық-таза» түрлендіруіне сәйкес теңсіздікті табыңыз. жала 3 < x < 5 жал жарақат 3 < x < 8 жар жақсылық ? жақсы

    Дұрыс жауап: 5 < x < 9

  5. Бөлмедегі тіктөртбұрыш пішінді бір теледидардың бетінің ұзындығы мен ені 80 см және 60 см-ге тең. Сол теледидарға ұқсас пішінді екінші теледидардың диагоналі 50 см болса, екінші теледидардың ауданы неге тең?

    Дұрыс жауап: 1212 м2м^2

  6. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы сыртқы бұрышының шамасы 150°. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 30°; 30°; 120°

  7. Қорапта 5 ақ, 13 қара шар бар. Қораптың ішіне қарамастан бір ақ және бір қара шар шығарғанына нақты сенімді болуы үшін, қораптан кем дегенде қанша шар алуы қажет болатынын көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: 14

  8. Куб пішіндес қораптың ішін радиусы 1 см-ге тең 216 шармен толтыруға болады. Осы қорапты радиусы 2 см болатын қанша шармен толтыруға болады?

    Дұрыс жауап: 27

  9. 1-ден 100-ге дейін нөмірленген таратпа қағаздардың ішінен біреуін алайық. Оның нөмірі 6-ға еселі болу ықтималдығы қандай?

    Дұрыс жауап: 425\frac4{25}

  10. Құрылыс фирмасы үш жеткізушінің біреуінен 40м340 м^3тақтай сатып алу керек (жеткізу шарты және бағалары кестеде келтірілген). Жеткізумен бірге ең арзан болатын құнды табыңыз. Жеткізуші Тақтай бағасы (теңге 1м31 м^3 үшін…

    Дұрыс жауап: 891000 теңге

  11. Сыныпта оқушылар саны 25. Партаға екі оқушыдан неше тәсілмен отырғызуға болатынын табыңыз (партаға қалай отыру маңызды емес).

    Дұрыс жауап: 300

  12. Қорапта қабырғасы 20 см болатын шаршы тәрізді 12 дана паркет бар. Еденнің өлшемдері 4 м x 3 м болатын тік төртбұрыш тәрізді бөлмені паркеттеп шығу үшін қанша паркет қажет болатынын табыңыз

    Дұрыс жауап: 25

  13. Тізбектес бес натурал санның қосындысы 85-ке тең. Осы сандардың медианасын табыңыз

    Дұрыс жауап: 17

  14. Өз цифрларының көбейтіндісіне бөлінетін барлық екі таңбалы сандар қанша екенін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 5

  15. nn-нің қандай мәнінде 3n−1⋅2n+1=8643^{n-1}\cdot2^{n+1}=864 теңдігі орындалатынын анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: 4

  16. Арман мен Марат ағашты 6 сағатта кеседі, ал Асан мен Үсен олардан 2 есе жылдам кеседі. Барлығы бірігіп ағашты қанша уақытта кесетінін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 2 сағ

  17. Әмір дүйсенбі күні таңертең жүгіруді 1 км-ден бастады. Ол әр күн сайын алдыңғы күнге қарағанда 255 метр артық жүгіріп отырса, онда жексенбі күні неше метр жүгіретінін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: 2 530 м

  18. Жәшікте 6 қызыл шар, 4 ақ шар, 3 көк шар бар. Кездейсоқ алынған шарлардың ішінде екі ақ шар болу үшін жәшіктен кем дегенде неше шар алу керектігін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 11

  19. 0, 1, 2, 3 цифрларынан қанша екітаңбалы сан жазуға болатынын табыңыз

    Дұрыс жауап: 12

  20. Егер А оқиғасының тұрақты ықтималдығы р = 0,9, тәуелсіз тәжірибе саны n = 6 болса, онда А оқиғасының үш рет түсу ықтималдығын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 0,01458

  21. xx –6x–– \frac6x – 4=04 = 0 берілген. x2+36x2x^2 + \frac{36}{x^2} неге тең?

    Дұрыс жауап: 28

  22. Футбол командасындағы 11 ойыншының орта жасы 22-де. Ойын кезінде 1 ойыншы ойыннан шығып қалғаннан кейін, қалған ойыншылардың орта жасы 21 болды. Ойыннан шыққан ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз

    Дұрыс жауап: 32

  23. Ойын сүйегін (жақтары 1-ден 6-ға дейін нөмірленген кубик) лақтырғанда үшке еселік сан түсу ықтималдығын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 13\frac13

  24. Балмұздақтың 70% су, 12% сары май, қалғаны қант. 3,5 кг балмұздақ дайындау үшін неше грамм қант кесек керек екенін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 630

  25. Үш қыз 48 гүл жинады. Бірінші қыз екінші қызға қарағанда 2 есе кем, ал үшінші қыздың жинаған гүлдері бірінші және екінші қыздардың жинаған гүлдерінің қосындысына тең. Қыздардың әрқайсысы неше гүлден жинаған?

    Дұрыс жауап: 8, 16, 24

  26. Бақжанның 1-ші күні оқыған кітап бетінің 2-ші күні оқыған кітап беті санына қатынасы 8:5, ал 2-ші күнгісінің 3-шісіне қатынасы 10:7. Егер Бақжан 1-ші күні 3-ші күнге қарағанда 45 бет көп оқыған болса, онда екінші күні қа…

    Дұрыс жауап: 50

  27. Жәшіктегі тоғыз парақшада мынадай цифрлар жазылған: 56; 86; 43; 14; 91; 45; 49; 52 және 87. Қарамай бір парақшаны алып шыққанда, ондағы цифрлардың қосындысы 7-ге еселі сан болуы ықтималдығы қандай болады?

    Дұрыс жауап: 13\frac13

  28. Үй мен мектептің арасы 1050 м. Ағасының адымы інісінің адымынан 20 см артық болғандықтан, ол үйден мектепке дейін інісінен 600 адым кем аттайды. Інісі мектепке дейін неше адым аттайтынын анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: 2100

  29. Бір жәшікте 6 ақ шар, 4 жасыл шар бар. Осы жәшіктен кездейсоқ үш шар алынады. Шарлардың екеуі ақ, біреуі жасыл болуы ықтималдығын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 12\frac12

  30. Волейбол секциясына баратын оқушылардың орташа жасы 11. Капитан 17 жаста, ал қалғандарының орташа жасы 10. Секцияда қанша оқушы бар екенін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 7

  31. Келесі тұжырымдардың қайсысы қате?

    Дұрыс жауап: Кез-келген санды 0-ге бөлуге болады.

  32. 3 және 4 санына еселік болатын, 12 < x < 69 теңсіздігін қанағаттандыратын x-тің неше мәні бар екенін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: 4

  33. Цифрлары әртүрлі 5-ке және 10-ға еселік болатын ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сандар айырмасының модулін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 860

  34. 8 оқушы 60 алманы сандары әртүрлі етіп бөліп алды. Ең аз алған оқушы 4 алма алды. Ең көп алған оқушы неше алма алды?

    Дұрыс жауап: 11

  35. Жәшікке 150 бірдей детальдар салынған, алынған кезде кез келген детальдің жарамсыз болуының ықтималдығын 0,02-ге тең. Жәшікте қанша жарамсыз деталь бар.

    Дұрыс жауап: 3

  36. Үш қыз 48 гүл жинады. Бірінші қыз екінші қызға қарағанда 2 есе кем, ал үшінші қыздың жинаған гүлдері бірінші және екінші қыздардың жинаған гүлдерінің қосындысына тең. Қыздардың әрқайсысы неше гүлден жинаған?

    Дұрыс жауап: 8, 16, 24

  37. Бірінші жұмысшы жұмысты 4 сағатта бітіреді, ал екінші жұмысшы жұмысты 12 сағатта бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше сағатта бітіретінін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 3 сағат

  38. Тізбектелген алты жұп санның қосындысы 174 болса, олардың соңғы үшеуінің қосындысын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 96

  39. Су қоймасында қаздар мен үйректер жүзіп жүр. Ондағы қаздар үйректердің 50%-іне тең. Су қоймасында жүзіп жүрген үйректер қаздардың неше проценті?

    Дұрыс жауап: 200%

  40. 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандар жазылған 100 карточка берілген. Кездейсоқ бір карточканы алғанда, ондағы санның 6-ға еселі болып шығуының ықтималдығы қандай екенін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: 425\frac4{25}

  41. Көркем әдеби кітаптың парағын нөмірлеу үшін 963 цифр қажет. Кітап қанша беттен тұратынын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 357

  42. 5, 6, 7, … 33 сандарынан кез келген бір сан алынды. Осы санның жай сан болуы ықтималдығын табыңыз.

    Дұрыс жауап: 929\frac9{29}

  43. Нұрәлиде 750 тг ақша, ал Мадиде 600 тг ақша бар еді. Нұрәли Мадиге қарағанда ойынға 2 есе көп ақша жұмсағанда, Нұрәлиде Мадиге қарағанда 2 есе аз ақша қалды. Олар ойынға барлығы қанша ақша жұмсағанын табыңыз

    Дұрыс жауап: 900 тг

  44. Екі санның қосындысы 30, ал олардың ең кіші ортақ еселігі 36 болса, осы сандарды табыңыз.

    Дұрыс жауап: 12; 18

  45. 5 үздік оқушының үшеуіне ғана әртүрлі үш жолдама келді. Жолдамаларды неше тәсілмен оларға бөліп беруге болатынын анықтаңыз

    Дұрыс жауап: 60

  46. Қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару амалдарының кейбіреуі ▽;◇ белгілерімен алмастырылған. Сұрақ белгісінің орнындағы санды анықтаңыз 3▽5◇2=?

    Дұрыс жауап: 0

  47. 13*26915# тоғыз таңбалы саны 72-ге бөлінетіндей *, # символдардың орнына сәйкесінше қойылатын цифрларды табыңыз

    Дұрыс жауап: 7 және 2

  48. Туристтік компанияның офисінде үш азамат жұмыс істейді. Әрқайсысы тек өз елінің тілінде ғана сөйлейді, яғни не неміс, не орыс, не ағылшынша ғана сөйлейді. Сол компанияға жұмысқа келген Мұрат осы офистің бір қызметкерімен…

    Дұрыс жауап: 13\frac13

  49. Егер (x2–x+2)(x–1)2x2+1=0\frac{(x^2–x+2)(x–1)}{2x^2+1}=0 болса, онда x3+x33+x333+x3333x^3+x^{33}+x^{333}+x^{3333} өрнегінің мәнін табыңыз.

    Дұрыс жауап: 44

  50. 7! – 5! Есептеңіз.

    Дұрыс жауап: 4 920