Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Шілікті
Жауап нұсқалары
- A.Берел
- B.Аралтөбе
- C.Есік
- D.Шіліктідұрыс
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Шілікті
Жауап нұсқалары
«Обаның биіктігі 8 м, диаметрі 100 метрге жуық. Ол үш қабаттан тұрады. Үстіңгі қабаты топырақпен, астыңғы қабаты тастан үйілген. Тас үйіндінің ішінде ағаштан салынған сағана-қабірхана орналасыпты. Оның қабырғалары ұзынынан екі қатар етіп қойылған жуан самырсын бөренелерден тұрғызылған. Осындай алып ғимараттың ішінде бір ғана ер адам жерленген. Оны сом алтыннан құйылған қаптырма, әшекей түймешіктермен безендірілген киімімен жерленген. Киімнің алтын қаптырма-түймешіктерінің барлық саны 4303 данадан тұрады. Оның көпшілігі дала аңының бейнесінде құйылған. Аңдардың көзінің, құлағының, тұмсығының, тұяғының орнына көк ақық тастан «бирюза» көз орнатылған. Оның ішінде барыстың, арқардың, бұғының, таутекенің, аюдың, қасқырдың, бүркіттің бейнелері бар. Аса бір қызықтысы алтын бесжұлдыз табылды. Оның тіні алтын, жұлдызшалары көк лазурит тасынан жасалған, айналасы сүйекпен көмкеріліп, ортасына томпақ мүйіз орнатқан. Бесжұлдыз сол заманда да биліктің белгісі саналған. Қабірхананың ішінен майлы бояумен бұғының суреттері салынған тақтай қалдықтары табылды. Өкінішке қарай, оба ертеде бір рет тоналған». ㅤМәтінде сипатталған обаны анықтаңыз: