Ustazdyq
Тегін, тіркелусізҰБТ · Қазақстан тарихы · Сұрақ 165/279

Мәтінде сипатталған ортағасырлық қаланы анықтаңыз. «Қала Бату хан тұсында Дешті Қыпшақтың, яғни Алтын Орданың негізгі ірі әкімшілік орталықтарының бірі болды. Өзбек хан тұсында (1312-1342 жж.) және…

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Сығанақ

Жауап нұсқалары

  1. A.Сығанақдұрыс
  2. B.Түркістан
  3. C.Баласағұн
  4. D.Сауран

Сұрақ

Мәтінде сипатталған ортағасырлық қаланы анықтаңыз. «Қала Бату хан тұсында Дешті Қыпшақтың, яғни Алтын Орданың негізгі ірі әкімшілік орталықтарының бірі болды. Өзбек хан тұсында (1312-1342 жж.) және оның баласы Жәнібек хан заманында Алтын Орда керемет күшейді. Сол кезде Өзбек ханның ұлы Тыныбек бұл қалада хан болды. «Қала аймағының өрісі мен шүйгін шөпті жайлауы заң бойынша маған тиісті, себебі менің атам Ұрыс хан бұл қалада көптеген ғимараттар тұрғызды», – деді ол өктем түрде. Әмір Темір ұрпағы Ұлықбек әскерін ойсырата жеңген Барақ бұл қаланы және Сыр бойының барлық қалаларын өзіне қаратты. 1446 жылы қала Әбілқайыр хан иелігіне кірді. Ол өлгеннен кейін оның ұрпағы Шайбани хан осы қалада үстемдік жүргізді. Алайда көп ұзамай бұл қала Қазақ хандығының құрамына енді. Бірнеше шайқастан соң қазақ ханы Мұрындық пен Жәнібек хан ұрпақтарына мықтап жеңілген Шайбани қаладан кетуге мәжбүр болды. Осы кезден бастап қала Қазақ хандығының иелігінде қалды. Рузбихан Исфаханидің тарихи мәліметтеріне қарағанда бұл қала ертеден-ақ гүлденген әдемі қалалардың бірі. Оның әсем ғимараттары мен қорғаны үлкен мәдени орталық сипатына лайық. Суармалы егістік жерлері қалаға әртүрлі ауыл шаруашылық өнімдерін беріп тұрады».

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар