Ustazdyq
Тегін, тіркелусізҰБТ · Қазақстан тарихы · Сұрақ 39/279

«Есім хан көбінесе ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін жорықтарда жүрді. Сол себепті де ол «Қасым ханның қасқа жолына» көп өзгертулер енгізген. Бізге келіп жеткен деректер бойынша Есім хан ердің…

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: XVII ғасыр

Жауап нұсқалары

  1. A.XVIII ғасыр
  2. B.XVII ғасырдұрыс
  3. C.ХІІІ ғасыр
  4. D.XIV ғасыр

Сұрақ

«Есім хан көбінесе ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін жорықтарда жүрді. Сол себепті де ол «Қасым ханның қасқа жолына» көп өзгертулер енгізген. Бізге келіп жеткен деректер бойынша Есім хан ердің құнына 100 жылқы, 6 түйе кесім белгілеген. Ол бай-кедей, жас-кәрі, қараша-сұлтан демей, бұл заңды еркек атаулының бәріне бірдей қолданған. Одан басқа үстеме, өнер құны, сүйек кұны деген болған. Егер өлген адам бай немесе ақын, балгер, жырау болса, сол өнері үшін үстеме құн алған. Сол сияқты егер өлген адамның денесі туысқандарына тимей, ит-құсқа жем болса, сүйегі үшін құн төлеген. Сонымен қатар қалыңдыққа берілер қалыңмал мөлшері де белгіленген. Есім хан жеті атаға толмай некелесу ғұрпына тыйым салған. Ел аузында «Есім ханның ескі жолы» деген аңыз сақталған. Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ел билеуде ұтымды пайдалана білді. Қазақ шежірелерінде Есім ханның қызметіне ерекше жоғары баға беріледі. Әйгілі Бұқар жырау Абылай ханға ренжіген кездерінде «Сенен бұрын жеті ханды жебедім, кешегі еңсегей бойлы ер Есімді де білемін...» деген». Мәтінде баяндалған «Есім ханның ескі жолы» заң ережелерінің шыққан мерзімін анықтаңыз:

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар