Ustazdyq
Тегін, тіркелусізҰБТ · Қазақстан тарихы · Сұрақ 141/279

«...§1. Орынбор шекара комиссиясы жанынан қырғыздардан 30 тәрбиеленушіге арналған мектеп ашылсын.§2. Мектепті ашудағы басты мақсат – қырғыздар арасында орыс тілі мен жазуын таратудан басқа, билеуші…

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Қазақтар арасында орыс тілін тарату

Жауап нұсқалары

  1. A.Мұсылман дінін ұстануға тиым салу
  2. B.Қазақтар арасында орыс тілін таратудұрыс
  3. C.Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту
  4. D.Қазақ балаларына тек жазу үйрету

Сұрақ

«...§1. Орынбор шекара комиссиясы жанынан қырғыздардан 30 тәрбиеленушіге арналған мектеп ашылсын.§2. Мектепті ашудағы басты мақсат – қырғыздар арасында орыс тілі мен жазуын таратудан басқа, билеуші - сұлтандар мен дистанция бастықтарының жанынан ордада басқару жөніндегі хатшылар комитетіне лайықты адамдарды және басқа да тек кырғыздар тағайындалатын орындарға қызметкерлер даярлау болып табылады.§3. Мектеп тікелей шекара комиссиясының басқаруында болады, оның жұмысын тікелей бақылау төрағаның жолдасына, ал ондай қызмет жоқ болса, не ол ұзақ уақыт орнында болмайтын жағдайда, төрағаның қалауы бойынша және Орынбор әскери губернаторының бекітуімен комиссия кеңесшілерінің біреуіне жүктеледі.§4. Мектепте мыналар жұмыс істейді: бақылаушысы (мектеп орналасқан үйде тұратын), орыс тілі, таза жазу және есеп мұғалімі, татар тілінің мұғалімі мен мұсылман дінінің үйретушісі.§5. Жоғарыда аталған қызметкерлерді тағайындау және жұмыстан шығару тәртібі Орынбор қырғыздарын басқару туралы ережеде белгіленген.§6. Мектепте бақылаушы және мұғалім қызметтерін орындау нағыз қызмет болып саналады.§7. Бақылаушыға мектепті тікелей басқару және шәкірттерді бақылау тапсырылады. Бұл қызметті атқаруға қажетті адамгершілік және басқа да қасиеттері бар отставкадағы офицерлер немесе азаматтық қызметтегі шенеуніктер таңдалынады…”.Ережені оқып, Орынбор шекара комиссиясы жанынан мектеп ашудың басты мақсатын анықтаңыз:

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар