Ustazdyq

Оқу сауаттылығы: PIRLS

395 сұрақ · 7-бет, барлығы 8 бет

  1. Кейіпкерлерді сипаттамасымен сәйкестендір

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    ҚожаӘңгіме кейіпкері
    Сүттібайдың баласыСыныптағы екінші Қожа
    ЖантасӘдейі келемеждеп «Қара Көже» дейді
    ҚадырҚожаның әкесі
  2. Гүлдің суреті салынған оқиға бөлігін табыңыз: Бұл бөлікте Джун туралы не айтылған?

    Дұрыс жауап: оның дԥнді мұқият отырғызғаны туралы

  3. Неліктен Джун императорға «Кешірім сұраймын» деді?

    Дұрыс сөйлем: Дұрыс жауапты көрсетіңіз: императордың көңілін қалдырдым деп ойлағандықтан

    Бос орындағы сөздер: императордың көңілін қалдырдым деп ойлағандықтан

  4. Неліктен өзге балалардың құмыраларында өсімдік өсті?

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Дұрыс жауап:Олар басқа дԥнді отырғызды.
  5. Сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Жылтыр сабан басқа қасқырлар аулай алмайтын қандай жануарды аулады?қояндарды
  6. Мәтінде қазақ әскерін басқарған ханның аты кім?

    Дұрыс жауап: Абылай

  7. Баянауылдағы «Қалмаққырылған» жерінің атауы қай батырға байланысты?

    Дұрыс жауап: Олжабай

  8. Аңға шыққанда Жылтыр сабан «сары шөптердің арасында мысықтай тығылып» жататын. Бұл оның оңай аң аулауына қалай көмектесетін?

    Дұрыс жауап: Ол жасырынады.

  9. «Құсқанаты» амалының пайда болуы қандай табиғи өзгерістермен байланысты?

    Дұрыс жауап: Жыл құстарының ұшып келуі және көктемгі салқын жаңбырдың болуы

  10. Наурыз айының соңында жыл құстары ұшып келіп, қар аралас жаңбыр жауатын кезең қалай аталады?

    Дұрыс жауап: Құсқанаты

  11. Ай аспанда екі күн көрінбей кететін кезеңді қазақтар қалай атайды?

    Дұрыс жауап: Өліара

  12. Атауларды мағынасына сәйкестендір

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Қара ҚожаҚожаның өңіне байланысты қойылған ат
    Сары ҚожаЕкінші Қожаның аты
    ҚожабергенҚожаның толық аты
    ҚадыровҚожаның фамилиясы
  13. Қыркүйек айында болатын жылы әрі шуақты күзгі мезгіл қалай аталады?

    Дұрыс жауап: Мизамшуақ

  14. Сіздің ойыңызша, неліктен Джунның ата-анасы император сарайына бос құмыраны апаруға кеңес берді?

    Дұрыс жауап: Ол қолынан келгеннің бәрін жасады.

  15. Дұрыс жауаптрамен байланыстырыңыз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Неліктен император Джунға күлімсіреп қарады?Джун байқауда жеңіске жетті.; Джун дәнін алмастырмаған жалғыз адам болды.; Джун жалғыз адал қатысушы болды
  16. Сіздің ойыңызша, император адамның қандай қасиетін бəрінен жоғары бағалады?

    Дұрыс сөйлем: Дұрыс жауапты көрсетіңіз: адалдықты

    Бос орындағы сөздер: адалдықты

  17. Мәтінді қорытындылап тұрған мақал

    Дұрыс жауап: Ер есімі - ел есінде

  18. Көлге Жасыбай атауының берілу себебі

    Дұрыс жауап: Батыр ерлігіне орай

  19. Қожаны келемеждеп қалай атайды?

    Дұрыс жауап: Қара Көже

  20. Қожаның атына байланысты сезімдері:

    Дұрыс жауап: Ұялады; Кейде ренжиді; Өзгерткiсi келеді

  21. Қожа туралы дұрыс мәліметтер:

    Дұрыс жауап: Оның фамилиясы Қадыров; Әкесі майданға кеткен; Әкесі соғыстан оралмаған

  22. Бос орынға тиісті сөзді жаз

    Дұрыс сөйлем: Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе Қожабергеннің « құйрығы » үзіліп түсіп қалыпты.

    Бос орындағы сөздер: Қожаберген, Туу, құйрығы

  23. Сұраққа жауап жаз.

    Дұрыс жауап: Қадыров

  24. Амалдарды олардың болатын уақытымен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    БесқонақНаурыз айының ортасы
    Құралайдың салқыныМамыр айының соңы
    Қырық күн шілдеШілде айындағы ыстық кезең
    МизамшуақҚыркүйек айындағы жылы күндер
  25. Кішкентай ханзада қай жұлдыздан келген?

    Дұрыс жауап: Б-612

  26. Неліктен Жылтыр сабан басқа қасқырларға қарағанда жақсы аңшы болды?

    Дұрыс жауап: Ол анағұрлым жүйрік болатын және оның сезу қабілеттері жақсы дамыған.

  27. Жауабын көрсетіңіз

    Дұрыс сөйлем: Жоңғарлармен шайқаста ерлігімен көзге түскен батырдың аты Жасыбай .

    Бос орындағы сөздер: Жасыбай

  28. Бірінші азатжолда не туралы айтылған?

    Дұрыс жауап: Жасыбай көлінің географиялық сипаттамасы

  29. Мəтінге сүйеніп, жауабыңызды түсіндіріңіз.

    Дұрыс жауап: Оның дәні өспеді, ал басқалардың дәні өсіп шықты.

  30. Жауабын көрсетіңіз

    Дұрыс сөйлем: Ондаған аңыз-әңгімелерге сенсек, бұл көлдің бұрынғы атауы Шойынкөл екен.

    Бос орындағы сөздер: Шойынкөл

  31. Амал атауларын олардың сипаттамасымен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    БесқонақНаурыздың 17–21 күндеріндегі жауын-шашынды, суық мезгіл
    ӨліараАй аспанда екі күн көрінбей кететін кезең
    ҚұсқанатыЖыл құстары ұшып келіп, қар аралас жаңбыр жауатын кезең
    АласапыранҚар күрт еріп, жер лайсаң болатын көктем мезгілі
  32. Автор не сатып алды?

    Дұрыс жауап: Түрлі-түсті қарындаштар мен бояулар

  33. Автор досын қанша жылдан кейін еске алады?

    Дұрыс жауап: 6 жыл

  34. Оқиға барысында Джун әртүрлі сезімде болды. Мəтінге сүйеніп, неліктен Джун осы сезімдердің әрқайсысын сезінгенін түсіндірініз.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    үміттендіОл өзін ең үздік бағбан деп ойлады.
    абдырап қалдыОл ең үздік болды, бірақ оның дәні өспеді.
    жеңілдіТек оның өсімдігі ғана өспеді
  35. Дәні өспеген соң, Джун ең алдымен не істеді?

    Дұрыс жауап: Дәнін басқа құмыраға отырғызды.

  36. Амалдарды олардың табиғи құбылыстарымен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Тобылғы жарғанӨсімдіктер бүршік жарып, алғашқы көк шығатын кезең
    Құралайдың салқыныКиіктер төлдейтін кезде болатын салқын мезгіл
    Қызыл жұмыртқаМамыр басындағы қысқа мерзімді суық
    Қырық күн шілдеЖаздағы ұзаққа созылатын аптап ыстық
  37. Үлкендер нені жақсы көреді?

    Дұрыс жауап: Есеп-сандарды

  38. Неге кішкентай бөлтірікті Жылтыр сабан деп атады?

    Дұрыс жауап: Оның терісінің түсі алтын нұрдай сары болды.

  39. Үлкендер жаңа дос туралы көбіне не сұрайды?

    Дұрыс жауап: Оның жасы қанша екенін

  40. Автор досын ұмытпау үшін не істегісі келеді?

    Дұрыс жауап: Сурет салу

  41. Үлкендерге нені түсіндіру қиын?

    Дұрыс жауап: Әдемі үйді сипаттау; Гүлдерді айту; Көгершіндерді айту

  42. Дұрыс жауабын белгілеңіз:

    Дұрыс сөйлем: Наурыздың соңында жыл құстары ұшып келіп, қар аралас жаңбыр жауатын кезең халық арасында құсқанаты деп аталады.

    Бос орындағы сөздер: жыл құстары, құсқанаты

  43. Автор не үшін сурет салуға тырысты?

    Дұрыс жауап: Досын ұмытпау үшін; Ханзаданы бейнелеу үшін; Естелік сақтау үшін

  44. Сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Көк бөрі Жылтыр сабанның қашуына көмектесу үшін істеген екі амалы қандай?Ол торды/арқанды тістеді.; Ол оттан/торға қарай секірді
  45. Кішкентай ханзада туралы дұрыс жауаптарды белгіле.

    Дұрыс жауап: Ол кішкентай планетада тұрған; Ол дос іздеген; Ол қошақан сұраған

  46. Дұрыс жауабын белгілеңіз:

    Дұрыс сөйлем: Халық есепшілері Үркер батты деп есептеген кезде, жер қыза бастайды.

    Бос орындағы сөздер: Үркер

  47. Неліктен Жылтыр сабан оңай мүмкіндіктерді жіберіп алатын?

    Дұрыс сөйлем: Дұрыс жауапты таңдаңыз: Оның көңілі басқа нԥрселерге ауып кететін.

    Бос орындағы сөздер: Оның көңілі басқа нԥрселерге ауып кететін.

  48. Аңщылар Жылтыр сабанмен не істеді?

    Дұрыс жауап: торға қамап қойды

  49. Көк Бөріге анасының «Адам баласы – коллекционер» деген сөздерін түсінуіне не ықпал етті?

    Дұрыс жауап: Ол хайуанаттар бағында оянды.

  50. Дұрыс жауабын белгілеңіз:

    Дұрыс сөйлем: Мамыр айының соңында киіктер желдің өтінде құралайларын аяқтандырып, өргізеді.

    Бос орындағы сөздер: құралайларын