«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша 9-сыныпқа арналған
күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ескертпе: әр тақырып бойынша ұсынылып отырған сағаттар саны ұсыныс ретінде берілген; күнтізбенің кезеңдерімен байланысты олар өзгертілуі мүмкін
Бөлім | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары. |
1-тоқсан – 8 сағат | ||
1-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің саяси картасы | 1-сабақ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің саяси картасы қалай өзгерді? (1 сағат) | 9.3.2.8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау; 9.3.2.4 «қырғи қабақ соғыстан» кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 8.3.2.3 Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипаты мен салдарын талдау |
2-3-сабақ. ХХ ғасырдың екінші жартысында отарсыздандыру процесі неліктен күшейді? (2 сағат) | 9.1.1.1 социалистік даму жолынан бас тартуға байланысты әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді анықтау; 9.3.1.3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9.3.2.1 отаршылдық жүйе күйреуінің себептері мен салдарын талдау | |
4-сабақ. Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты? (1 сағат) | 9.3.2.2 «қырғи қабақ соғыс» ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау; 9.3.2.3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9.3.2.8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау | |
5-6-сабақ. 1946-1963 жж. қырғи қабақ соғыстың ерекшелігі неде? (2 сағат) | 9.3.2.2 «қырғи қабақ соғыс» ұғымын түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдау; 9.3.2.3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау | |
2-бөлім. Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы | 7-сабақ. Неліктен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясын жариялады? (1сағат) | 9.2.3.2 адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне ықпалын сипаттау; 9.3.1.2 Еуропа мен Азияның жетекші мемлекеттеріндегі конституциялық-құқықтық идеологияның қалыптасу жолдарын талдау (Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясы, ЕҚЫҰ, Еурокеңес, Гаагадағы Халықаралық сот) |
8-сабақ. Соғыстан кейінгі уақыттағы еуропалық интеграцияның себептері қандай? (1 сағат) | 9.2.3.2 адам құқықтарын қорғау идеяларының қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қызметіне ықпалын сипаттау; 9.3.2.4 «қырғи қабақ соғыстан» кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау | |
2-тоқсан – 8 сағат | ||
3-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемдік экономиканың дамуы | 9-сабақ. Неліктен XX ғасырдың екінші жартысында «әл-ауқатты мемлекеттер» экономикалық дағдарысқа ұшырады? (1 сағат) | 9.3.1.1 «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын 1970 - 1980 жж. әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану; 9.4.1.1 XX ғасырдың 70-жылдарындағы жұмыссыздықтың себеп-салдарын талдау; 9.4.1.2 «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау |
10-сабақ. XX ғасырдың 60-70- жылдарында КСРО қандай экономикалық қиыншылықтарға тап болды? (1 сағат) | 9.4.1.2 «инфляция», «дағдарыс», «стагнация» ұғымдарын пайдалана отырып, XX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттердің экономикалық дамуын интерпретациялау; 9.4.1.4 себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау; 9.4.2.1 экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу | |
4-бөлім. Екі полюсті әлемнен көп полюсті әлемге | 11-сабақ. 1979-1985 жылдар аралығындағы «қырғи-қабақ соғысы» оқиғаларының ерешеліктері қандай? (1 сағат) | 9.3.2.3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9.3.2.5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау; 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау |
12-сабақ. Саманта Смиттің КСРО-ға сапары неге мүмкін болды? (1 сағат) | 9.3.2.4 «қырғи қабақ соғыстан» кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | |
13-сабақ. Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуының себептері қандай болды? (1 сағат) | 9.3.2.4 «қырғи қабақ соғыстан» кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 9.3.1.3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау | |
14-сабақ. Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуымен әлемдегі қауіпсіздік артты ма? (1сағат) | 9.3.2.4 «қырғи қабақ соғыстан» кейін әлемдегі интеграциялық және дезинтеграциялық процестерді айқындау; 9.3.2.8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді айқындау; 9.3.2.5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау | |
5-бөлім. Аумақтық мәселелерді шешудегі халықаралық ұйымдар | 15-сабақ. БҰҰ Таяу Шығыстағы дағдарысты шешудің қандай бейбіт жолдарын ұсынады? (1сағат) | 9.3.2.5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау; 9.3.2.6 халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау |
16-сабақ. «Араб көктемінің» себептері мен салдары қандай? (1сағат) | 9.3.2.5 аймақтық шиеленістердің себептері мен салдарын тұжырымдау; 9.3.2.6 халықаралық шиеленістерді реттеудегі БҰҰ-ның қызметін бағалау; 9.1.2.4 қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау | |
3-тоқсан – 10 сағат | ||
6-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы батыс елдерінің даму ерекшеліктері | 17-18 сабақ. Неліктен Ұлыбританияда консерватизм жаңа консерватизммен ауысты? (2 сағат) | 9.3.1.3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9.1.2.2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау |
19-сабақ. Социализмнің «шведтік моделінің» белгілері қандай? (1 сағат) | 9.1.2.1 батыс және шығыс мемлекеттеріндегі әлеуметтік құрылымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, мобильділікке тігінен және көлденеңінен мысал келтіру; 9.1.2.2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; 9.3.1.1 «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын 1970 1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану | |
20-сабақ. Германдық «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» ерекшеліктері қандай? (1 сағат) | 9.3.1.3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9.1.2.2 әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау; 9.3.1.1 «әл-ауқатты мемлекеттер» ұғымын 1970 1980 жылдардағы әлеуметтік саладағы өзгерістерді сипаттау үшін қолдану | |
7-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерекшеліктері | 21-22-сабақ. 1949 жылғы коммунистік партия жеңісі нәтижесінде Қытай қалай өзгерді? (2 сағат) | 9.4.1.4 себеп-салдарлық байланыстарды талдау арқылы социалистік шаруашылық жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау; 9.3.1.3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау |
23-24-сабақ. «Азиялық серпіліс» неліктен мүмкін болды? (2 сағат) | 9.4.2.1 экономикалық жүйелердің тиімділігін интерпретациялау және негіздеу; 9.4.1.5 Оңтүстік - Шығыс Азия мемлекеттерінің қарқынды экономикалық дамуына ықпал ететін негізгі факторларды талдау; 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін анықтау | |
25-сабақ. Тәуелсіз Үндістанның қандай мәселелері отарлық өткенімен байланысты? (1 сағат) | 9.2.1.2 қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану; 9.3.1.3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | |
26-сабақ. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы қалай айқындалды? (1 сағат) | 9.3.1.3 мемлекеттердің тарихи даму заңдылықтарын анықтау; 9.2.1.3 тарихи процестің сабақтастығын орнату арқылы адамзаттың өркениетті даму жолдарын қалыптастырудағы әлемдік діндердің рөлін анықтау; 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | |
4-тоқсан – 8 сағат | ||
8-бөлім. Қазіргі әлемнің жаһандануы | 27-сабақ. Жаһанданудың негізгі ерекшеліктері қандай? Жаһандану саясат пен әлемдік экономиканың дамуына қаншалықты ықпал етеді? (1 сағат) | 9.1.2.3 қоғамның тарихи даму бағытын үлгілей отыра, жаһандану процесіне байланысты қазіргі әлемдегі әлеуметтік өзгерістерді (еңбек миграциясы, әлеуметтік интеграция) бақылау; 9.1.2.4 қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау 9.4.1.3 жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңызын бағалау; 9.4.2.2 постиндустриалды қоғамның басты экономикалық ресурсы ретінде ақпараттың рөлін анықтау |
28-сабақ. Адамзат үшін лаңкестік несімен қауіпті? (1 сағат) | 9.3.2.7 қазіргі кездегі халықаралық лаңкестік және экстремизм проблемасын талдау; 9.2.1.1 қоғам өміріндегі дәстүрлі және деструктивті діни ұйымдардың іс-әрекетіне баға беру; 9.2.1.2 қазіргі қоғамдық-саяси мәселелерді түсіну және интерпретациялау үшін дін туралы білімдерін пайдалану | |
29-сабақ. Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті қалай сақтауға болады? (1 сағат) | 9.2.3.3 жаһандану жағдайында ұлттық мәдени құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын дәлелдеу; 9.2.2.2 ХХ ғасырдың екінші жартысы - ХХI ғасырдың басындағы бұқаралық мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалау | |
30-сабақ. АҚШ тағы Ғылыми техникалық революцияның қазіргі әлемдегі елдердің дамуына әсері қандай? (1 сағат) | 9.2.4.1 ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалау және интерпретациялау; 9.2.4.3 ғылыми жаңалықтардың (генетика, микробиология, ақпараттық технологиялар, нано технологиялар, ядролық физика) қоғам дамуына ықпалын талдау; 9.2.4.2 адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау | |
9-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы- ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология | 31-сабақ. Әлемдік ғылымның дамуында Байқоңыр ғарыш айлағының маңызы қандай? (1 сағат) | 9.2.4.1 ғылыми-техникалық революцияның әлеуметтік және экологиялық салдарын бағалау және интерпретациялау; 9.2.4.2 адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау |
32-сабақ. Қазіргі әлемдегі білімнің маңызы неде? (1 сағат) | 9.2.4.2 адамзат өркениетінің дамуын үлгілеу арқылы жаһандық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің маңызы туралы қорытынды жасау | |
33-сабақ. ХХ ғасырдағы мәдениет қайраткерлері адамзаттың рухани дамуына қандай ықпал жасады? (1 сағат) | 9.2.2.1 танымал өнер қайраткерлерінің қоғамның дамуына ықпалын талдау және олардың қызметіне дүниежүзілік тарих контекстінде өзіндік баға беру; 9.2.2.3 ақпараттық қоғам жағдайындағы көркем шығармашылықтың жаңа түрлерінің қалыптасуын талдау; 9.2.3.1 түрлі философиялық көзқарастардың қазіргі қоғамдық өмірге ықпалын бағалау; 9.3.1.4 тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау | |
10-бөлім. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы- ХХI ғасырдың басындағы мәдениет | 34-сабақ. Қоғамның рухани дамуына бұқаралық мәдениеттің әсері қандай? (1 сағат) | 9.2.2.2 ХХ ғасырдың екінші жартысы - ХХI ғасырдың басындағы бұқаралық мәдениеттің қоғамның рухани дамуына ықпалын бағалау; 9.1.2.4 қоғамдық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін анықтау |