Ustazdyq

КТЖ · Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

КТЖ — Алгебра — 10 сынып — ҚГБ — қазақ тілінде

  • 10 сынып
  • Алгебра
  • КТЖ · Қазақша
  • ҚГБ

Файл өзгертусіз, түпнұсқа күйінде жүктеледі. Тіркелу қажет емес.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Онлайн қарау

Бұл құжаттың оқуға ыңғайлы көрінісі: түпнұсқаның безендірілуін жүктелген файлдан қараңыз.

«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар

10-сынып

Қоғамдық-гуманитарлық бағыты

Аптасына 3 сағат

Оқу жылында 102 сағат

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар

бөлімінің мазмұны

Оқу мақсаттары

Сағат саны

1-тоқсан (24 сағ)

7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау.

2

10.1А Функция, оның қасиеттері және графигі

Функция және оның берілу тәсілдері

10.3.1.1 - функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;

1

Функциялардың графиктерін түрлендіру

10.3.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);

2

Функция қасиеттері

10.1.1.3 - функция қасиеттерін анықтай алу;

10.3.1.4 - функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:

1) функцияның анықталу облысы;

2) функцияның мәндер жиыны;

3) функцияның нөлдері;

4) функцияның периодтылығы;

5) функцияның бірсарындылық аралықтары;

6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;

7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;

8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;

9) функцияның шектелгендігі;

10) функция үзіліссіздігі;

11) функцияның экстремумдары сипаттай алу;

4

Кері функция ұғымы

10.3.1.5 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;

2

Күрделі функция

10.3.1.6 - f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру;

2

10.1В Тригонометриялық функциялар

Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері

10.1.3.1 - тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу;

10.1.3.2 - тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу;

5

Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс

10.1.3.3 - арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу;

10.1.3.4 - құрамында кері тригонометриялық функциялары бар өрнектердің мәнін табу;

5

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1

2-тоқсан (24 сағ)

10.2А Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер

Қарапайым тригонометриялық теңдеулер

10.1.3.5 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

2

Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері

10.1.3.6 - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шеше алу;

10.1.3.7 - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.1.3.8 - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

6

Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

10.1.3.9 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу

5

10.2В Ықтималдық

Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері

10.2.1.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.2.1.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;

5

Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері

10.2.1.3 - ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелерін:

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B);

* P(A + B) = P(A) + P(B);

* P(A +B) = P(A)+P(B)- P(A∙B) түсіну және қолдану;

5

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1

3-тоқсан (30 сағ)

10.3А Туынды

Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі

10.3.1.7 - функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу;

1

Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі

10.3.1.8 - үзіліссіз функцияның анықтамасын білу;

1

Туындының анықтамасы

10.3.1.9 - функция туындысының анықтамасын білу білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;

1

Туындыны табу ережелері

10.3.1.10 - тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;

10.3.1.11 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану;

2

Туындының физикалық және геометриялық мағынасы

10.3.2.1 - туындының геометриялық мағынасын білу;

10.3.2.2 - туындының физикалық мағынасын білу;

10.3.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;

10.3.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару;

3

Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі

10.3.1.12 - функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін құрастыру;

2

Күрделі функцияның туындысы

10.3.1.14 - күрделі функцияның анықтамасын білу және оның туындысын табу;

2

Тригонометриялық функциялардың туындылары

10.3.1.13 - тригонометриялық функциялардың туындыларын табу;

2

10.3В Туындының қолданылуы

Функцияның өсу және кему белгілері

10.3.1.15 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу және қолдану;

2

Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері

10.3.1.16 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерінің анықтамаларын және экстремумының бар болу шартын білу;

10.3.1.17 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу;

3

Туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу

10.3.1.18 - туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу;

5

Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері

10.3.1.19 - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу;

10.3.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару;

5

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1

4-тоқсан (24 сағ)

10.4А Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары

Кездейсоқ шамалар

10.2.1.4 - кездейсоқ шаманың не екенін түсіну және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіру;

2

Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар

10.2.1.5 - дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алу;

10.2.1.6 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;

6

Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары

10.2.1.7 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу;

10.2.1.8 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу;

10.2.1.9 - дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу;

10.2.1.10 - дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын қолдану арқылы есептер шығару;

7

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1

10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

8

Пән бойынша басқа жоспарлар

Сол сынып пен пәннің құжаттары: 10 сынып, Алгебра.

Барлық құжат: Алгебра, 10 сынып