«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар
10-сынып
Жаратылыстану-математика бағыты
Аптасына 4 сағат
Оқу жылында 136 сағат
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны |
1-тоқсан (32 сағ) | |||
7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау | 2 | ||
10.1А Функция, оның қасиеттері және графигі | Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру | 10.4.1.1 - функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу; 10.4.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);. | 3 |
Функцияның қасиеттері | 10.2.1.3 - функция қасиеттерін анықтай алу; 10.4.1.4 - функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін: 1) функцияның анықталу облысы; 2) функцияның мәндер жиыны; 3) функцияның нөлдері; 4) функцияның периодтылығы; 5) функцияның бірсарындылық аралықтары; 6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары; 7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері; 8) функцияның жұптылығы,тақтылығы; 9) функцияның шектелгендігі; 10) функция үзіліссіздігі; 11) функцияның экстремумдары сипаттай алу; | 3 | |
Бөлшек-сызықты функция | 10.4.1.5 - , бөлшек-сызықты функциясының қасиеттерін анықтау және оның графигін салу | 3 | |
Күрделі және кері функция ұғымдары | 10.4.1.6 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу; 10.4.1.7 - f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру | 3 | |
10.1В Тригонометриялық функциялар | Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері | 10.2.3.1 - тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу | 4 |
Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу | 10.2.3.2 - тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу | 5 | |
10.1С Кері тригонометриялық функциялар | Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс | 10.2.3.3 - арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу; | 2 |
Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері | 10.2.3.4 - кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен қасиеттерін білу; 10.2.3.5 - кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу; 10.2.3.6 - кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендірулер орындау | 3 | |
Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер | 10.2.3.7 - кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шеше алу | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
2-тоқсан (32 сағ) | |||
10.2А Тригонометриялық теңдеулер | Қарапайым тригонометриялық теңдеулер | 10.2.3.8 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу; 10.2.3.9 - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шешу; | 4 |
Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері | 10.2.3.10 - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу; 10.2.3.11 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіру формулаларын қолдану арқылы шеше алу; 10.2.3.12 - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу; 10.2.3.13 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық функциялардың дәрежесін төмендету формулалары арқылы шеше алу; 10.2.3.14 - тригонометриялық теңдеулерді қосымша аргумент енгізу әдісі арқылы шеше алу; 10.2.3.15 - тригонометриялық теңдеулерді универсал алмастыру арқылы шеше алу; 10.2.3.16 - тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шеше алу | 6 | |
10.2В Тригонометриялық теңсіздіктер | Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу | 10.2.3.17 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу; 10.2.3.18 - тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу; | 6 |
10.1 С Ықтималдық | Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы | 10.3.1.1 - қайталанбайтын және қайталанбалы «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу; 10.3.1.2 - қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану; 10.3.1.3 - қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану; 10.3.1.4 - комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару; 10.3.1.5 - жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын (натурал көрсеткішпен) қолдану | 3 |
Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері | 10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру; 10.3.2.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу | 3 | |
Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері | 10.3.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану * P(A + B) = P(A) + P(B) * P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B); 10.3.2.4 - ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану * P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B) *P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A); | 3 | |
Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы | 10.3.2.5 - толық ықтималдық формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану; 10.3.2.6 - Байес формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану | 2 | |
Бернулли формуласы және оның салдарлары | 10.3.2.7 - Бернулли схемасын қолдану шартын және Бернулли формуласын білу; 10.3.2.8 - Бернулли формуласы мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану | 2 | |
Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық моделдері | 10.4.2.3 - нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін құру | 2 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
3-тоқсан (40 сағ) | |||
10.3А Көпмүшелер | Бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және олардың стандарт түрі | 10.2.1.1 - бірнеше айнымалысы бар көпмүшенінің анықтамасын білу және оны стандарт түрге келтіру, стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесін анықтау | 1 |
Біртекті және симметриялы көпмүшелер | 10.2.1.2 - симметриялы және біртекті көпмүшелерді танып білу | 1 | |
Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі | 10.2.1.3 - бір айнымалысы бар көпмүшелерді ажырата және оны стандарт түрге келтіре алу; 10.2.1.4 - бір айнымалысы бар көпмүшенің бас коэффициентін, дәрежесін және бос мүшесін табу | 1 | |
Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу | 10.2.1.5 - көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүшенің түбірлерін табу; 10.2.1.6 - көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін формулаларын қолдану | 1 | |
Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу | 10.2.1.7 - көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлуді орындау | 1 | |
Безу теоремасы, Горнер схемасы | 10.2.1.8 - Безу теоремасын және оның салдарларын есеп шығаруда қолдану; 10.2.1.9 - симметриялы және біртекті көпмүшелер түбірлерін табудың түрлі тәсілдерін қолдану; 10.2.1.10 - көпмүше түбірлерін табу үшін Горнер схемасын қолдану | 1 | |
Анықталмаған коэффициенттер әдісі | 10.2.1.13 - анықталмаған коэффициенттер әдісін білу және оны көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдану. | 2 | |
Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері туралы теорема | 10.2.1.11 - бір айнымалысы бар бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірі туралы теореманы оның түбірлерін табуда қолдану | 2 | |
Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер | 10.2.2.1 - жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде көбейткіштерге жіктеу әдісін қолдану; 10.2.2.2 - жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде жаңа айнымалы енгізу әдісін қолдану | 2 | |
Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы | 10.2.1.12 - жалпыланған Виет теоремасын білу және оны үшінші ретті көпмүшелерге қолдану | 2 | |
10.3В Функцияның шегі және үзіліссіздігі | Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі | 10.4.1.8 - функцияның нүктедегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу; 10.4.1.9 - функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу | 2 |
Функция графигінің асимптоталары | 10.4.1.10 - функция графигіне жүргізілген асимптотаның анықтамасын білу және асимптоталардың теңдеулерін құра білу | 2 | |
Сан тізбегінің шегі | 10.4.1.11 - функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табу; | 2 | |
Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі | 10.4.1.12 - функцияның нүктедегі үзіліссіздігінің және функцияның жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын білу; 10.4.1.13 - үзіліссіз функциялардың қасиеттерін білу және оларды функция үзіліссіздігін дәлелдеуде қолдану; | 2 | |
Шектерді табу. Бірінші тамаша шек | 10.4.1.14 - шектерді есептеуде және түріндегі анықталмағандықтарды ашу әдістерін қолдану; 10.4.1.15 - бірінші тамаша шекті қолданып шектерді есептеу; | 2 | |
10.3С Туынды | Туындының анықтамасы | 10.4.1.16 - аргумент өсімшесі мен функция өсімшесінің анықтамаларын білу; 10.4.1.17 - функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу; 10.4.1.18 - тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу; | 2 |
Функция дифференциалы ұғымы | 10.4.1.19 - функция дифференциалы анықтамасын және дифференциалдың геометриялық мағынасын білу; 10.4.1.20 - функция дифференциалын табу | 2 | |
Туынды табу ережелері | 10.4.1.21 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану | 1 | |
Күрделі функция туындысы | 10.4.1.22 - күрделі функцияның туындысын табу | 2 | |
Тригонометриялық функциялардың туындылары | 10.4.1.23 - тригонометриялық функциялардың туындыларын табу; | 2 | |
Кері тригонометриялық функциялардың туындылары | 10.4.1.24 - кері тригонометриялық функциялардың туындыларын табу | 2 | |
Туындының физикалық және геометриялық мағынасы | 10.4.2.1 - туындының геометриялық мағынасын білу; 10.4.2.2 - туындының физикалық мағынасын білу; 10.4.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару; 10.4.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару | 2 | |
Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі | 10.4.1.25 - берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру | 2 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
4-тоқсан (32 сағ) | |||
10.4А Туындының қолданылуы | Функцияның өсу және кему белгілері | 10.4.1.26 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу; 10.4.1.27 - функцияның өсу (кему) аралықтарын табу | 3 |
Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері | 10.4.1.28 - функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу; 10.4.1.29 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу | 3 | |
Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі. Функцияны дөңестікке зерттеу | 10.4.1.30 - функцияның екінші ретті туындысын табу; 10.4.1.31 - функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын және функция графигінің аралықтағы дөңестігінің (ойыстығының) қажетті және жеткілікті шартын білу, 10.4.1.32 - функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын таба білу | 3 | |
Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу. | 10.4.1.33 - туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу | 3 | |
Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері | 10.4.1.34 - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу; 10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару | 4 | |
10.4В Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары | Кездейсоқ шамалар | 10.3.2.9 - кездейсоқ шаманың не екенін түсіну және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіру | 1 |
Дискретті кездейсоқ шамалар | 10.3.2.10 - дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алу; 10.3.2.11 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру | 2 | |
Үзіліссіз кездейсоқ шама ұғымы | 10.3.2.12 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу | 3 | |
Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары | 10.3.2.13 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу; 10.3.2.14 - дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу; 10.3.2.15 - дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын | 3 | |
Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлері. Үлкен сандар заңы | 10.3.2.16 - дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлерін ажырата білу: биномдық үлестірім, геометриялық үлестірім, гипергеометриялық үлестірім; 10.3.2.17 - үлкен сандар заңының тұжырымдамасын білу | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау | 3 | ||