«Геометрия» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар
10-сынып
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты
Аптасына 1 сағат
Оқу жылында 34 сағат
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны |
1-тоқсан (8 сағ) | |||
7-9-сыныптардағы геометрия курсын қайталау | 1 | ||
10.1А Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтар өзара орналасуы | Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары | 10.2.1 - стереометрия аксиомаларын, олардың салдарларын білу және оларды математикалық символдар арқылы жазып көрсету; | 1 |
Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы | 10.2.2 - кеңістіктегі параллель және айқас түзулердің анықтамаларын білу және оларды анықтау және кескіндеу; 10.2.3 - кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану; | 2 | |
Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы | 10.2.4 - түзу мен жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық белгілерін, қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану; | 1 | |
Екі жазықтықтың өзара орналасуы | 10.2.5 - жазықтықтардың параллельдігі мен перпендикулярлығының белгілерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану; | 2 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
2-тоқсан (8 сағ) | |||
10.2А Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық | Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш | 10.2.6 - кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу; | 2 |
Перпендикуляр және көлбеу | 10.3.5 – кеңістіктегі перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы анықтамаларын білу; | 2 | |
Үш перпендикуляр туралы теорема | 10.3.1 - үш перпендикуляр туралы теореманы білу және оны есептер шығаруда қолдану; | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
3-тоқсан (10 сағ) | |||
10.3А Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық | Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш | 10.3.2 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу; | 1 |
Екі жазықтық арасындағы бұрыш. Екіжақты бұрыш | 10.3.3 - жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу; | 1 | |
Кеңістіктегі арақашықтық. | 10.3.4 - нүктеден жазықтыққа дейінгі және айқас түзулер арасындағы арақашықтықтарды таба білу; | 2 | |
10.3В Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар | Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі | 10.4.1 - кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін жазықтықта кескіндей алу және оны сипаттау; | 1 |
Екі нүктенің арақашықтығы | 10.4.2 - кеңістіктегі екі нүкте арасындағы арақашықтықты таба білу; | 1 | |
Кесінді ортасының координаталары | 10.4.3 - кеңістіктегі кесінді ортасының координаталарын таба білу; | 1 | |
Сфера теңдеуі | 10.4.4 - сфера теңдеуін білу және оны есептер шығаруда қолдану; | 2 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
4-тоқсан (8 сағ) | |||
10.4А Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар | Кеңістіктегі вектордың координаталары | 10.4.5 - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу; | 1 |
Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы | 10.4.6 - кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу; | 1 | |
Векторларды қосу, векторды санға көбейту | 10.4.7 - векторларды қосу және азайтуды, векторды санға көбейтуді орындау; | 2 | |
Векторлардың скаляр көбейтіндісі | 10.4.8 - координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану; | 2 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
10-сыныптағы геометрия курсын қайталау | 1 | ||