Ustazdyq

ББЖМ 4-сынып: оқу сауаттылығы — мәтіндері бар онлайн жаттықтырғыш

4-сыныпқа арналған оқу сауаттылығы жаттықтырғышы (ББЖМ/МОДО): мәтін, сұрақтар, бірден талдау. Әр жолы сұрақтардың жаңа жинағы.

Жаңартылды: 2026 ж. 21 қазан8 қаралым

1-сұрақ, барлығы 8

Тапсырма мәтіні
...Сонау Ертіс жағасында Болған біреу «Саржан» атты. Жұбайы да өзіне сай, Аты - «Айсұлу», ақ маралдай. ...Дүниеге бір бала келді, Отыз күндік мерекені Естен кетпес берекені Сол ауылға ала келді. Ақсақалдар қол көтеріп, Жас бөбекке бата беріп, «Толағай «деп қойыпты атын... Жеті жаста садақ тартты, Атқан оғы тасты уатты, Жай отынан кейін емес. Темірден де өткізеді. Жылдар өткен... Жазғытұрым. Басталды бір жаман ырым, Жаумай жауын жалғыз тамшы, Ерте солды гүл-бәйшешек, Еркін өспей қурады шөп, Етке тиді ауыр қамшы. Еккен егін өнбей жерге, Еткен еңбек ұшты желге, Ел күйзелді ем таба алмай. Жабырқаған жарлы қауым Жалбарынды тілеп жауын, Көк жиектен көзін алмай. Сезген мұны Толағайда Сабырсыздық болды пайда, Ойланады ұзақ түндер: «Қайтсем жауын жаудырамын, Ел сусынын қандырамын. Адал ақыл айтар кімдер?..» Көп өтпеді. Бір күндері Шешесіне еркеледі. - Тағы да бар бір сұрауым: Көп жауады қайда жауын? Білсең, апа, айтшы, - деді. Айғақ ете үлкендерді Апатайы жауап берді: - Деген сөз бар: «Тауда тандыр», Қарлы, шыңды тау жерінде, Тарбағатай өңірінде Үзілмейді жылда жаңбыр. Екі беті гүл-гүл жанды, Кідірмеді, жүріп кетті. Асқар тауға келіп жетті. Таңдап жүріп тау жотасын Талғай қарап орман, тасын Көңілі сүйген бір шатқалды Ұзақ ырғап бөліп алды... Арқасына салды дағы, Келген ізбен қайта оралды. Арқалады ауыр тауды, Жаншып бара жатыр жанды, Маңдайдан тер көл боп ақты.

Мәтінде басталған қиыншылықты көрсетіңіз:

Жаттықтырғыш туралы

Оқу сауаттылығы тапсырмаларында алдымен мәтін, содан кейін оған сұрақтар беріледі: ақпаратты табу, қорытынды жасау, негізгі ойды анықтау. Мұнда сұрақтар нақты жұмыстағыдай өз мәтінімен бірге беріледі, ал жауаптан кейін дұрыс нұсқа бірден көрсетіледі.

Сұрақтар «Тест жауаптары» бөлімінен алынған және әр ашқан сайын араласады; «Тағы» батырмасы жаңа жинақты көрсетеді. Жауаптар еш жерде сақталмайды.

Кеңестер

— Алдымен сұрақтарды, содан кейін мәтінді оқыңыз: нені іздеу керегін білесіз. — Жауапты мәтіннен іздеңіз, есте сақтаудан емес: оны растайтын сөйлемді табыңыз. — Екі нұсқа да дұрыс көрінсе, мәтінге оралып, оларды мәтіндегі айтылғанмен салыстырыңыз.

Әрі қарай

— Осы бөлімнің барлық сұрақтары жауаптарымен — Сынып үшін онлайн тест құрыңыз

Басқа жаттықтырғыштар

— ББЖМ 4-сынып: математика — талдауы бар онлайн жаттықтырғыш — ББЖМ 4-сынып: жаратылыстану-ғылыми сауаттылық — жаттықтырғыш

Платформада тағы:Тест жауаптарыБасып шығаруға арналған жинақтар
Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram