«Геометрия» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар
8-сынып
Аптасына 2 сағат
Оқу жылында 68 сағат
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны |
1-тоқсан (16 сағ) | |||
7-сыныптағы геометрия курсын қайталау | 2 | ||
Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу (13 сағ) | Көпбұрыш. Дөңес көпбұрыш | 8.1.1.1 көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу; 8.1.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару; | 1 |
Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері | 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу; 8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару; | 4 | |
Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер | 8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану; 8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану; 8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу; 8.1.1.10 пропорционал кесінділерді салу; | 3 | |
Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері. Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары | 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу; 8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану; 8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану. | 3 | |
Үшбұрыштың тамаша нүктелері | 8.1.3.1 үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану; | 2 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
2-тоқсан (16 сағ) | |||
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар (15 сағ) | Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы | 8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу; 8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану; 8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану | 4 |
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер | 8.1.3.21 Пифагор теоремасын пайдаланып, 8.1.3.22 негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығару және қолдану; 8.1.3.23 және бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды білу және қолдану 8.1.3.24 , , және мәндерін олардың біреуінің 8.1.3.5 бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу; | 7 | |
Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу | 8.1.3.6 тікбұрышты үшбұрышты 300, 450, 600 -қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін табу үшін қолдану; 8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану; 8.1.3.8 берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу; | 4 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
3-тоқсан (20 сағ) | |||
Аудан (19 сағ) | Фигураның ауданы және оның қасиеттері | 8.1.3.9 көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу; 8.1.3.10 тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу; | 2 |
Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары | 8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану; 8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану; 8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану; | 17 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
4 тоқсан (16 сағ) | |||
Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі (9 сағ) | Жазықтықтағы координаталар әдісі | 8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу; 8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу; 8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу; 8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін білу; 8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу; 8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ; | 6 |
Мәтін есептерді шығару | 8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару ; | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
8-сыныптағы геометрия курсын қайталау (6 сағ) | 6 | ||