Жаңартылған оқу бағдарлама негізіндегі «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша
6 сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Бөлімдер | Тақырыптыр | Сағат саны | Оқу мақсаттары |
I тоқсан (8 с.) | |||
1-бөлім - Рим империясының құлауы | Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады? | 1 | 6.3.1.1 – «ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу; 6.3.2.1 – Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу |
Рим империясы Шығыста неліктен сақталды? | 1 | 6.3.2.3 – Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу | |
Түрік қағаны Истемиге 568 жылы Византия неліктен елші жіберді? Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? | 1 | 6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау | |
2 бөлім -Феодализм | Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? | 1 | 6.4.2.1 – экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау; 6.1.1.1 – феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау 6.1.2.1 – үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын сипаттау |
Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? | 1 | 6.4.1.1 – қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау; 6.2.2.2 – өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау | |
3-бөлім – Ислам тарихы | Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? | 1 | 6.3.2.5 – ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру |
Неліктен VIII-XII ғасырды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды? | 1 | 6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау; 6.2.2.4 – Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау; 6.2.3.1 – Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын бағалау | |
Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) | 1 | I тоқсан бойынша оқу мақсаттары | |
II тоқсан (8 с.) | |||
4- бөлім - Крест жорықтары | Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды? | 1 | 6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау |
Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? | 1 | 6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау 6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау; | |
5- бөлім - Моңғолдар | Монғолдар әлемдік империяны қалай құрды? Моңғолдардың жорықтары Еуразияның саяси картасын қалай өзгертті? | 1 | 6.3.2.5 - ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау |
6-бөлім XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам | «Қара індет» не себепті жылдам таралды? | 1 | 6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру |
«Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? | 1 | 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау; 6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату | |
Еуропада орталықтандырылған мемлекеттер қалай құрылды? | 1 | 6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату | |
Неліктен Жанна д̓ Арк бүгінгі күнге дейін француз халқының есінде? | 1 | 6.3.1.4 – феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату | |
Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) | 1 | II тоқсан бойынша оқу мақсаттары | |
III тоқсан (10 с.) | |||
7- бөлім Абсолютизм: Батыс пен Шығыс | XIV Людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды? | 2 | 6.3.1.3 - феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін сипаттау; 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату; 6.3.1.6 - «парламент», «Бас штаттар», «сейм», «кортес», «Боярлар Думасы» ұғымдарын түсіндіру |
Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілерінің билігіндей шексіз болды ма? | 2 | 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату; 6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әр түрлі елдердің билеушілерінің қызметін салыстыру | |
Неліктен І Карл мен ІІ Осман шексіз билеуші монарх бола алмады? | 1 | 6.3.1.2 - Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату; 6.3.1.5 - саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі елдердің билеушілерінің қызметін салыстыру | |
8- бөлім Сауда, қолөнер және әлемді игеру | Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды? | 1 | 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру |
Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? | 2 | 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру; 6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау | |
Ұлы географиялық ашулар әлемді қалай өзгертті? | 1 | 6.2.4.3 - картадан XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау; 6.3.2.7 - «отаршылдық саясат» ұғымын түсіндіру (Испания және Португалияның жаулап алуының мысалында) | |
Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) | 1 | III тоқсан бойынша оқу мақсаттары | |
IV тоқсан (8 с.) | |||
9-бөлім Қайта өрлеу дәуірі | Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? | 2 | 6.2.2.3 - Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау; 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау; |
Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? | 1 | 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау; 6.2.2.4 - Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау | |
10-бөлім Реформация | Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? | 2 | 6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау; 6.2.1.2 - тарихи процестердің контекстінде «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютеранство», «кальвинизм», «контр- реформация», «кезуиттер ордені» ұғымдарын түсіндіру |
11-бөлім Ғылыми революция | Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды? | 2 | 6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау; 6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру |
Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) | 1 | IV тоқсан бойынша оқу мақсаттары | |
Жылына барлығы: | 34 с. | ||