«Алгебра» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар
9-сынып
Аптасына 3 сағат
Оқу жылында 102 сағат
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны |
1-тоқсан (27 сағ) | |||
8-сыныптағы алгебра курсын қайталау | 2 | ||
9.1А Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер, және олардың жүйелері | Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері | 9.2.2.1 екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату; 9.2.2.2 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу; 9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару; 9.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру; | 11 |
Екі айнымалысы бар теңсіздіктер | 9.2.2.3 екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешу; | 3 | |
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйелері | 9.2.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу; | 3 | |
9.1В Комбинаторика элементтері | Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері) | 9.3.1.1 комбинаториканың ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері); 9.3.1.2 cанның факториалы анықтамасын білу; 9.3.1.3 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру анықтамаларын білу; 9.3.1.4 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын білу; | 2 |
Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шешу | 9.3.1.5 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару; | 2 | |
Ньютон биномы және оның қасиеттері | 9.3.1.6 Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану; | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
2-тоқсан (21 сағ) | |||
9.2А Тізбектер | Сандар тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері | 9.2.3.1 сандар тізбегі туралы түсінік болу; 9.2.3.2 тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы:; 9.2.3.3 математикалық индукция әдісін білу және қолдану; | 3 |
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар | 9.2.3.4 сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату; 9.2.3.5 арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану; 9.2.3.6 геометриялық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану; 9.2.3.7 арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару | 12 | |
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия | 9.2.3.8 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін қолдану; | 2 | |
Мәтінді есептерді шығару | 9.2.3.9 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын есептер шығаруда қолдану; 9.4.2.2 геометриялық және арифметикалық прогрессияларға байланысты мәтінді есептерді шығару; | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
3-тоқсан (30 сағ) | |||
9.3А Тригонометрия | Бұрыш пен доғаның градустық және радиандық өлшемдері | 9.1.1.1 бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру; 9.1.2.1 градусты радианға және радианды градусқа айналдыру; 9.1.1.2 бірлік шеңбердің бойында сандарын белгілеу; | 2 |
Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі. Бұрыш синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің мәндері | 9.2.4.1 тригонометриялық функциялардың анықтамаларын білу; 9.2.4.2 бірлік шеңбердегі нүктелердің координаталары () мен тригонометриялық функциялардың өзара байланысын білу; | 2 | |
Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері | 9.2.4.5 бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың анықталу облысы мен мәндер жиынын табу; 9.2.4.6 бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын , бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын түсіндіру; | 4 | |
Тригонометрия формулалары | 9.2.4.3 бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану; | 10 | |
Тригонометрия формулалары | 9.2.4.4 келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану; | 11 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
4-тоқсан (24 сағ) | |||
9.4А Тригонометрия | Тригонометрия формулалары | 9.2.4.7 тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және көбейтіндісін қосындыға немесе айырымға түрлендіру формулаларын қорытып шығару және қолдану; | 6 |
Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру | 9.2.4.8 тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау; | 6 | |
9.4В Ықтималдықтар теориясының элементтері | Ықтималдықтар теориясының негіздері | 9.3.2.1 оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама-қарсы оқиғалар ұғымдарын меңгеру; 9.3.2.2 элементар және элементар емес оқиғаларды ажырату; 9.3.2.3 ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және есептер шығару үшін оны қолдану; 9.3.2.4 ықтималдықтың статистикалық анықтамасын білу; | 7 |
Мәтінді есептерді шығару | 9.3.2.5 геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда қолдану; | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
7-9 сыныптардағы алгебра курсын қайталау | 1 | ||