«Алгебра» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар
8-сынып
Аптасына 3 сағат
Оқу жылында 102 сағат
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны |
1-тоқсан (24 сағ) | |||
7-сыныптағы геометрия курсын қайталау | 3 | ||
8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек (20 сағ) | Нақты сандар | 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру; | 2 |
Квадрат түбір | 8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату; 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану; 8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау; | 8 | |
Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру | 8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу; 8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту; 8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау; 8.1.2.6 нақты сандарды салыстыру; | 7 | |
функциясы, оның графигі және қасиеттері | 8.4.1.1 функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу; 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу; | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
2-тоқсан (24 сағ) | |||
8.2А Квадрат теңдеулер (23 сағ) | Квадрат теңдеу | 8.2.2.1 квадрат теңдеудің анықтамасын білу; 8.2.2.2 квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату; | 3 |
Квадрат теңдеулерді шешу | 8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу; 8.2.2.4 Виет теоремасын қолдану; | 7 | |
Квадрат үшмүше | 8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру; 8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу; 8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу; | 5 | |
Теңдеулерді шешу | 8.2.2.5 түріндегі теңдеулерді шешу; 8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешу; 8.2.2.7 квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу; | 8 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
3-тоқсан (30 сағ) | |||
8.3А Квадрат теңдеулер (6 сағ) | Мәтінді есептерді шығару | 8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу; 8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу; | 6 |
8.3В Квадраттық функция (16 сағ) | Квадраттық функция және оның графигі | 8.4.1.2 түрдегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу; 8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу; 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу; | 9 |
Мәтінді есептерді шығару | 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану; 8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру; | 6 | |
8.3С Статистика элементтері (8 сағ) | Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы | 8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру; 8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру; | 3 |
Орта мән. Дисперсия. Стандартты ауытқу | 8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу; 8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау; 8.3.3.5 дисперсия, стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын білу; | 5 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
4 тоқсан (24 сағ) | |||
8.4А Теңсіздіктер (17 сағ) | Квадрат теңсіздік | 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу; | 5 |
Рационал теңсіздік | 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу; | 6 | |
Теңсіздіктер жүйелерін шешу | 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу; 8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу; | 6 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
8-сыныптағы алгебра курсын қайталау | 6 | ||