Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
7-сынып
жылына 68 с, аптасына 2 c.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері | Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны | Оқу мақсаты | Cағат саны |
1-тоқсан | |||
7.1А VI – IX ғасырлардағы Қазақстан 18с | Кіріспе сабақ Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады? | Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу | 2 |
Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды? | 6.3.1.1 – оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау; 6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.3.2.2 – ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау ; 6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану | 4 | |
Ежелгі түріктердің жазуы Зерттеу сұрағы: Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі? | 6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.2.3.1 – көне түркі жазуының маңызын түсіндіру | 2 | |
Атлах шайқасы Зерттеу сұрағы: Неліктен Атлах шайқасын «халықтар шайқасы» деп атайды? | 6.3.2.3 – Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау; 6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау | 2 | |
Оғыз мемлекеті Зерттеу сұрағы: Қазақстанның орта ғасырлар тарихында Оғыз мемлекетінің алатын орны қандай? | 6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау | 1 | |
Қимақ қағанаты Зерттеу сұрағы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді? | 6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау; 6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау | 2 | |
Түріктер туралы тарихи деректер Зерттеу сұрағы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді? | 6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау; 6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау; 6.2.1.1 – түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру | 2 | |
Түркі әлемі қалыптасуының басталуы Зерттеу сұрағы: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді? | 6.3.2.1– тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру; 6.1.1.1 – түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық орналасуын көрсету | 3 | |
2-тоқсан | |||
7.2А X ғ. – XІІІ ғ. басындағы Қазақстан 14 с | X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер Зерттеу сұрағы: X ғ. – XIII ғ. басында саяси карта қаншалықты өзгерді? | 6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.3.1.7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау | 2 |
Қарахан мемлекеті Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады? | 6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.2.1.2 – ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау; 6.3.1.4 – тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру | 2 | |
Наймандар, керейіттер және жалайырлар Зерттеу сұрағы: Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлардағы саяси сахнадағы рөлі қандай болды? | 6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау | 1 | |
Қыпшақ хандығы Зерттеу сұрағы: Не себепті Еуразия даласы «Дешті Қыпшақ» деп аталды? | 6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау; 6.3.2.4 – қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау; 6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау; 6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану | 2 | |
Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме? | 6.4.2.2 – Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау | 2 | |
Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті? | 6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау; 6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау; 6.2.2.2 – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру | 2 | |
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті Зерттеу сұрағы: Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениеті қандай үлес қосты? | 6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау; 6.2.2.2 – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру; 6.2.3.2 – Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау; 6.2.2.4 – түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру; 6.2.3.3 – «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау | 3 | |
3-тоқсан | |||
7.3А XIII – XV ғасырдың I жартысын дағы Қазақстан 16 с | Моңғол империясының құрылуы Зерттеу сұрағы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? | 6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау; 6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру | 2 |
Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады? | 6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру 6.3.1.5 – Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау | 1 | |
Моңғол шапқыншылықтарының салдарлары Зерттеу сұрағы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген кімдер: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? | 6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; 6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау | 2 | |
Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы Зерттеу сұрағы: Моңғол ұлыстарының құрылуы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды? | 6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру; 6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; 6.3.1.7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау | 3 | |
Ақ Орда Зерттеу сұрағы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды? | 6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру; 6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау 6.3.2.5 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру | 2 | |
Моғолстан. Әбілқайыр хандығы Зерттеу сұрағы: Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді? | 6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру; 6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; 6.3.2.5 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру | 2 | |
XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті Зерттеу сұрағы: XIII – XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? | 6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау | 2 | |
Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері Зерттеу сұрағы: Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады? | 6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау; 6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау | 2 | |
7.3В Қазақ халқының қалыптасуы 2 с | Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы Зерттеу сұрағы: Ұлы Дала мұрагері – қазақ халқы қалай қалыптасты? | 6.1.1.3 – ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау; 6.1.1.4 – «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру | 2 |
6.3С Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы 2 с | Қазақ хандығының құрылуы Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады? | 6.3.1.9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау; 6.2.3.4 – М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру; 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану | 2 |
4-тоқсан | |||
7.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы 13с | Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды? | 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау | 2 |
Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты Зерттеу сұрағы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды? | 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау | 2 | |
Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы Зерттеу сұрағы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды? | 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау | 1 | |
Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы Зерттеу сұрағы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? | 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау | 2 | |
Жәңгір хан және қазақ-жоңғар қарсылығы Зерттеу сұрағы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай? | 6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау; 6.3.2.7 – Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау | 2 | |
Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі Зерттеу сұрағы: Неліктен А.Левшин Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады? | 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; 6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау | 2 | |
Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы Зерттеу сұрағы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды? | 6.1.2.1 – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау; 6.3.1.11 – қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау | 2 | |
7.4В XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет 3с | XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті Зерттеу сұрағы: XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады? | 6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау | 1 |
XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті Зерттеу сұрағы: Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады? | 6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау | 1 | |
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшелігі неде? | 6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау | 1 | |