Ustazdyq

КТЖ · Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

КТЖ — Қазақстан тарихы — 6 сынып — қазақ тілінде

  • 6 сынып
  • Қазақстан тарихы
  • КТЖ · Қазақша

Файл өзгертусіз, түпнұсқа күйінде жүктеледі. Тіркелу қажет емес.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Онлайн қарау

Бұл құжаттың оқуға ыңғайлы көрінісі: түпнұсқаның безендірілуін жүктелген файлдан қараңыз.

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІНЕН 6-СЫНЫПТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

жылына 68 с, аптасына 2 c.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаты

Cағат саны

1-тоқсан (16 с.)

6.1А

VI – IX ғасырлардағы Қазақстан 16с

Кіріспе сабақ

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?

Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу

1

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы: VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

6.3.1.1 – оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.3.2.2 – ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау ;

6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану

3

Ежелгі түріктердің жазуы

Зерттеу сұрағы: Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі?

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.2.3.1 – көне түркі жазуының маңызын түсіндіру

2

Атлах шайқасы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Атлах шайқасын «халықтар шайқасы» деп атайды?

6.3.2.3 – Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау;

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау

2

Оғыз мемлекеті

Зерттеу сұрағы: Қазақстанның орта ғасырлар тарихында Оғыз мемлекетінің алатын орны қандай?

6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

1

Қимақ қағанаты

Зерттеу сұрағы: Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді?

6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау; 6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау

2

Түріктер туралы тарихи деректер

Зерттеу сұрағы: Қытай және араб деректері түркілер туралы қандай ақпарат береді?

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;

6.2.1.1 – түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру

2

Түркі әлемі қалыптасуының басталуы

Зерттеу сұрағы: Түрік тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?

6.3.2.1– тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру;

6.1.1.1 – түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық орналасуын көрсету

2

Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)

I тоқсан бойынша оқу мақсаттары

1

2-тоқсан (16 с.)

6.2А

X ғ. – XІІІ ғ. басындағы Қазақстан

16 с

X ғ. – XIII ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үдерістер

Зерттеу сұрағы: X ғ. – XIII ғ. басында саяси карта қаншалықты өзгерді?

6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.3.1.7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау

2

Қарахан мемлекеті

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады?

6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.2.1.2 – ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау;

6.3.1.4 – тарихи ұғымдарды қолданып, Қарахан мемлекетіндегі жер иелену ерекшеліктерін түсіндіру

2

Наймандар, керейіттер және жалайырлар

Зерттеу сұрағы: Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлардағы саяси сахнадағы рөлі қандай болды?

6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

2

Қыпшақ хандығы

Зерттеу сұрағы: Не себепті Еуразия даласы «Дешті Қыпшақ» деп аталды?

6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

6.3.2.4 – қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау;

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану

2

Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың дамуына ықпал етті ме?

6.4.2.2 – Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

2

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы

Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?

6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

6.4.1.1 – көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау;

6.2.2.2 – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру

2

Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Әлем өркениетінің дамуына түрік мәдениеті қандай үлес қосты?

6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау;

6.2.2.2 – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру;

6.2.3.2 – Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау;

6.2.2.4 – түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру;

6.2.3.3 – «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау

3

Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)

II тоқсан бойынша оқу мақсаттары

1

3-тоқсан (20 с.)

6.3А

XIII – XV ғасырдың

I жартысын дағы Қазақстан 16 с

Моңғол империясының құрылуы

Зерттеу сұрағы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру

1

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру

6.3.1.5 – Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау

1

Моңғол шапқыншылықтарының салдарлары

Зерттеу сұрағы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген кімдер: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма?

6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау

2

Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы

Зерттеу сұрағы: Моңғол ұлыстарының құрылуы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;

6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6.3.1.7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау

3

Ақ Орда

Зерттеу сұрағы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Ақ Орданың рөлі қандай болды?

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;

6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау

6.3.2.5 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

2

Моғолстан. Әбілқайыр хандығы

Зерттеу сұрағы: Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай саяси өзгерістерге әкелді?

6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру;

6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6.3.2.5 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

2

XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті

Зерттеу сұрағы: XIII – XV ғасырлардағы өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді?

6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау

2

Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері

Зерттеу сұрағы: Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады?

6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;

6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау

2

6.3В Қазақ халқының қалыптасуы

2 с

Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы

Зерттеу сұрағы: Ұлы Дала мұрагері – қазақ халқы қалай қалыптасты?

6.1.1.3 – ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау;

6.1.1.4 – «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру

2

6.3С Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы

2 с

Қазақ хандығының құрылуы

Зерттеу сұрағы: Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады?

6.3.1.9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;

6.2.3.4 – М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру;

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала» ұғымын қолдану

2

Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)

III тоқсан бойынша оқу мақсаттары

1

4-тоқсан (16 с.)

6.4А

Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы 12с

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі

Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды?

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

2

Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты

Зерттеу сұрағы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды?

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

2

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы

Зерттеу сұрағы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

1

Есім хан билігі кезіндегі Қазақ хандығы бірлігінің нығаюы

Зерттеу сұрағы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды?

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

1

Жәңгір хан және қазақ-жоңғар қарсылығы

Зерттеу сұрағы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай?

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;

6.3.2.7 – Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау

2

Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі

Зерттеу сұрағы: Неліктен А.Левшин Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады?

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

2

Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы

Зерттеу сұрағы: Әлеуметтік топтар қазақ қоғамында қандай рөл атқарды?

6.1.2.1 – Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау;

6.3.1.11 – қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау

2

6.4В

XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет 3с

XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті

Зерттеу сұрағы: XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады?

6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі

маңыздылығын айқындау

1

XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады?

6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау

1

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшелігі неде?

6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау

1

Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)

IV тоқсан бойынша оқу мақсаттары

1

Барлығы жылына

68 c.

Пән бойынша басқа жоспарлар

Сол сынып пен пәннің құжаттары: 6 сынып, Қазақстан тарихы.

Барлық құжат: Қазақстан тарихы, 6 сынып