Қазақтілді емес сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша
күнтізбелік-тақырыптық жоспар
1-сынып
Апталық жүктеме – 2 сағат, жылдық жүктеме – 66 сағат.
Қазақтілді емес сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді.
Осы күнтізбелік-тақырыптық жоспар (КТЖ) «Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына (оқыту қазақ тілінде емес) арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасында» белгіленген ұзақ мерзімді жоспар (ҰМЖ) негізінде оқу мақсаттарының әр тоқсанда қамтылу жолын белгілейді.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеу кезінде әр мұғалім өзі қолданатын оқулық пен оқу-әдістемелік кешенге сүйене отырып, ұзақ мерзімде белгіленген оқу мақсаттарын тақырып бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілейді.
Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 2-3 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.
Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспарды оқушылардың тілдік ортасына, аймақтық, деңгейлік ерекшеліктеріне байланысты күрделендіріп немесе жеңілдетіп құруына болады. Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгі ретінде беріліп отыр.
№ р/с | Ортақ тақырып | Оқу мақсаттары | Сағ саны | Күні | ||||||
Тыңдалым | Айтылым | Оқылым | Жазылым | Тілдік нормалардың қолданысы | ||||||
1-тоқсан | ||||||||||
1 2 | Өзім туралы Менің отбасым және достарым | 1.1.1.1 - хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану) 1.1.2.1 - баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну 1.1.3.1 - тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау | 1.2.1.1 - сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер менсөз тіркестерін дұрыс қолдану 1.2.3.1 - сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру 1.2.6.1 - мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау | 1.4.1.1 - мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа негізделген суреттерді қолданып, шағын мәтін құрастыру | 1.5.1.1 - мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану 1.5.1.2 * - мұғалімнің қолдауымен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану 1.5.1.3* - сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымды/болымсыз етістікті қолдану 1.5.1.4 - сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерінмұғалімнің қолдауымен дұрыс қолдану 1.5.1.5 * - мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану | |||||
2-тоқсан | ||||||||||
3 4 | Менің мектебім Менің туған өлкем | 1.1.1.1 - хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану) 1.1.2.1 - баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну 1.1.3.1 - тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау 1.1.4.1 - мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну 1.1.5.1 - мәтіннің тақырыбын иллюстрациясы арқылы болжау | 1.2.1.1 - сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану 1.2.2.1 - сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем) 1.2.3.1 - сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру 1.2.4.1 - фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып шағын мәтінді мазмұндау 1.2.6.1 - мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау | 1.3.1.1 - жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу 1.3.4.1* - мәтін немесе иллюстрация/постер бойынша мұғалімнің қолдауымен қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру | 1.5.1.1 - мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану 1.5.1.2 * - мұғалімнің қолдауымен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану 1.5.1.4 - сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерінмұғалімнің қолдауымен дұрыс қолдану 1.5.1.5 * - мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану | |||||
3-тоқсан | ||||||||||
5 6 | Дені саудың жаны сау Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті | 1.1.3.1 - тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау 1.1.1.1 - хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану) 1.1.2.1 - баяу және анық айтылғанжиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну 1.1.5.1 - мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау 1.1.4.1 - мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну | 1.2.2.1 - сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем) 1.2.3.1 - сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру 1.2.4.1 - фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып шағын мәтінді мазмұндау 1.2.5.1 - оқыған/тыңдаған материал туралы «дұрыс/дұрыс емес», «ұнайды/ұнамайды» үлгісінде қарапайым пікірін білдіру 1.2.6.1 - мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау | 1.3.2.1 - шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну 1.3.3.1 - мәтіннің жанрын (санамақ, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі ) ажырату 1.3.4.1* - мәтін немесе иллюстрация/постер бойынша мұғалімнің қолдауымен қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру 1.3.5.1 - иллюстрациялы шағын мәтіннен мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпаратты табу | 1.4.1.1 - мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа негізделген суреттерді қолданып, шағын мәтін құрастыру 1.4.2.1 - оқыған/ аудио/бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу 1.4.4.1 - бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс байланыстырып, көркем жазу 1.4.5.1 - ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазу | 1.5.1.1 - мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану 1.5.1.2 * - мұғалімнің қолдауымен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану 1.5.1.4 - сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерінмұғалімнің қолдауымен дұрыс қолдану 1.5.1.3 - сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымды/болымсыз етістікті қолдану | ||||
4-тоқсан | ||||||||||
7 8 | Қоршаған орта Саяхат | 1.1.4.1 - мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну 1.1.5.1 - мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжау 1.2.2.1 - сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем) 1.2.3.1 - сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру 1.2.5.1 - оқыған/тыңдаған материал туралы «дұрыс/дұрыс емес», «ұнайды/ұнамайды» үлгісінде қарапайым пікір білдіру 1.2.6.1 - мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау | 2.2.1.1 - өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін қолдану 2.2.2.1 - сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем) 2.2.4.1 - суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау 2.2.6.1 - ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау | 1.3.1.1 - жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу 1.3.2.1 - шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну 1.3.3.1 - мәтіннің жанрын (санамақ, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі ) ажырату 1.3.5.1 - иллюстрациялы шағын мәтіннен мұғалімнің қолдауымен қажетті ақпаратты табу | 1.4.1.1 - мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа негізделген суреттерді қолданып, шағын мәтін құрастыру 1.4.2.1 - оқыған/ аудио/бейнематериалдарда кездескен таныс атауларды жазу 1.4.3.1 - жай сөйлемнің тыныс белгілерін мұғалімнің қолдауымен қолдану 1.4.5.1 - ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазу 1.4.5.2 - мұғалімнің қолдауымен бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі есімдері, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген ат) ажырату | 2.5.1.2 * - мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану 1.5.1.3 * - сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымды/болымсыз етістікті қолдану 1.5.1.5 * - мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану | ||||