Ustazdyq

КТЖ · Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

КТЖ — Қазақ тілі — 10 сынып — ЖМБ — қазақ тілінде

  • 10 сынып
  • Қазақ тілі
  • КТЖ · Қазақша
  • ЖМБ

Файл өзгертусіз, түпнұсқа күйінде жүктеледі. Тіркелу қажет емес.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Онлайн қарау

Бұл құжаттың оқуға ыңғайлы көрінісі: түпнұсқаның безендірілуін жүктелген файлдан қараңыз.

«Қазақ тілі» пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

10-сынып

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын өзі таңдап құрастырады немесе белгіленген оқулыққа сүйене алады. Таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда тарау ішіндегі тақырыптар үлгі ретінде беріліп отыр.

Жылдық жүктеме 34 сағат, аптасына 1 сағат.

Лексика- грамматикалық бөлім

Граммати-калық материал

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан (8 сағат)

1. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

Сөз мәдениеті

Кітаби тіл.

Сөйлеу тілі

Тыңдалым және айтылым

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;

10.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық- саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру

Оқылым

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері);

10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

Жазылым

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Әдеби тіл нормалары

11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Соның ішінде тоқсандық жиынтық бағалауға 1 сағат ұсынылады

2-тоқсан (8 сағат)

2. Индустрия

ландыру: ұлттық өндіріс.

Сөз мәдениеті

Сөз дәлдігі

Тыңдалым

және айтылым

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

Оқылым

10.2.1.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;

10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Жазылым

10.3.2.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;

10.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау

Әдеби тіл нормалары

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу

Соның ішінде тоқсандық жиынтық бағалауға 1 сағат ұсынылады

3-тоқсан (10 сағат)

3. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері.

Тілдік жүйе және норма

Сөз қолданы

сындағы ерекшеліктер және стиль.

Ғылыми әдебиет тілінің ерекшеліктері

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

Оқылым

10.2.3.1 көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

Жазылым

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу;

10.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу

Әдеби тіл нормалары

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

4. Адам өмірін сақтау.

Тілдік жүйе және норма

Сөз тазалы

ғы. Көркем әдебиет стилінің ерекше

ліктері

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

Оқылым

10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

Жазылым

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе);

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу;

10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

Әдеби тіл нормалары

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

Соның ішінде тоқсандық жиынтық бағалауға 1 сағат ұсынылады

4-тоқсан (8 сағат)

5. Сәулет өнері.

Тілдік жүйе және норма

Жаңа қолданыс

тағы сөздер.

Ғылыми әдебиет атаулары

ның ерекшелігі

Тыңдалым және айтылым

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

Оқылым

10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Жазылым

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу;

10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу

Әдеби тіл нормалары

10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Соның ішінде тоқсандық жиынтық бағалауға 1 сағат ұсынылады

Пән бойынша басқа жоспарлар

Сол сынып пен пәннің құжаттары: 10 сынып, Қазақ тілі.

Барлық құжат: Қазақ тілі, 10 сынып