Ustazdyq

КТЖ · Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

КТЖ — Қазақ әдебиеті — 10 сынып — ЖМБ — қазақ тілінде

  • 10 сынып
  • Қазақ әдебиеті
  • КТЖ · Қазақша
  • ЖМБ

Файл өзгертусіз, түпнұсқа күйінде жүктеледі. Тіркелу қажет емес.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Онлайн қарау

Бұл құжаттың оқуға ыңғайлы көрінісі: түпнұсқаның безендірілуін жүктелген файлдан қараңыз.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

10-сынып

(жаратылыстану-математика бағыты)

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын өзі таңдап құрастырады немесе белгіленген оқулыққа сүйене алады. Таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады. Ұсынылып отырған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда тарау ішіндегі тақырыптар үлгі ретінде беріліп отыр.

Жылдық жүктеме 68 сағат, аптасына 2 сағат.

Бөлім

Оқытылатын шығармалар

Дағдылар

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан (16 сағат)

Қалың елім, қазағым

Абай шығармашылығы: «Сегіз аяқ», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері, Он жетінші қарасөз, Отыз екінші қарасөз, «Масғұт» поэмасы

Түсіну және жауап беру

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; 10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

Анализ және интерпрета

ция

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау; 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

Бағалау және салыстыру

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

10.3.4.1 ғылыми еңбектерге сүйене отырып әдеби сын жазу

Соның ішінде тоқсандық жиынтық бағалауға 1 сағат ұсынылады

2-тоқсан (16 сағат)

Қазақтың Қанышы

М. Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе

Түсіну және жауап беру

10.1.2.1. әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; 10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

Анализ және интерпрета

ция

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме) жазу

Бағалау және салыстыру

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру;

10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу

Соның ішінде тоқсандық жиынтық бағалауға 1 сағат ұсынылады

3-тоқсан (20 сағат)

Парасат пайымы

А. Кемелбаева «Шашты» әңгімесі,

Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі,

Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

Түсіну және жауап беру

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру

Анализ және интерпрета

ция

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

10.2.4.1 көркем шығармадада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

Бағалау және салыстыру

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру; 10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу

Соның ішінде тоқсандық жиынтық бағалауға 1 сағат ұсынылады

4-тоқсан (16 сағат)

Тарих тағылымы

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы,

Ж. Бөдеш «Жалғыз» поэмасы

Түсіну және жауап беру

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;

10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Анализ және интерпрета

ция

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау;

10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау;

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме ) жазу;

10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

Бағалау және салыстыру

10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу

Соның ішінде тоқсандық жиынтық бағалауға 1 сағат ұсынылады

Пән бойынша басқа жоспарлар

Сол сынып пен пәннің құжаттары: 10 сынып, Қазақ әдебиеті.

Барлық құжат: Қазақ әдебиеті, 10 сынып