«Геометрия» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар
7-сынып
Аптасына 2 сағат
Оқу жылында 68 сағат
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны |
1 тоқсан | |||
Геометрияның алғашқы мәліметтері (10 сағ) | Геометрияның негізгі ұғымдары. Аксиома. Теорема | 7.1.1.1 планиметрияның негізгі фигураларын білу: нүкте, түзу; 7.1.1.5 кесінді, сәуле, бұрыш, үшбұрыш, жарты жазықтық анықтамаларын білу; 7.1.1.2 нүктелер мен түзулердің тиістілік аксиомаларын білу және қолдану; 7.1.1.3 аксиоманың теоремадан айырмашылығын түсіну: теореманың шарты мен қорытындысын ажырату; 7.1.2.1 нүктелердің түзу мен жазықтықта орналасу аксиомаларын білу және қолдану (реттік аксиомасы); 7.1.1.6 кесінділер мен бұрыштарды өлшеу аксиомаларын білу және қолдану; 7.1.1.8 кесінділер мен бұрыштарды салу аксиомаларын білу және қолдану; 7.1.1.11 берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу; 7.1.2.2 түзулердің параллельдік аксиомасын білу; | 4 |
Фигуралар теңдігі | 7.1.1.7 тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану; | 1 | |
Теореманы дәлелдеу әдістері: тура дәлелдеу және «кері жору» әдісі | 7.1.1.4 теоремаларды дәлелдеу әдістерін білу: тура дәлелдеу және «кері жору» әдістері | 2 | |
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері | 7.1.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу; 7.1.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану; 7.1.1.32 перпендикуляр ұғымын біледі; | 3 | |
Үшбұрыштар (5 сағ) | Үшбұрыш және оның түрлері | 7.1.1.13 үшбұрыштардың түрлерін ажырату; | 2 |
Үшбұрыштың биссектрисы, медианасы, биіктігі және орта сызығы | 7.1.1.14 теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу; 7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу; 7.1.1.15 сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыру; | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
2 тоқсан | |||
Үшбұрыштар (15 сағ) | Үшбұрыштар теңдігінің белгілері | 7.1.1.21 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдеу; 7.1.1.22 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығару мен дәлелдеулерде қолдану; | 8 |
Теңбүйірлі үшбұрыш, оның қасиеттері және белгілері | 7.1.1.23 теңбүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін қолдану; 7.1.1.24 теңқабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану; | 7 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
3 тоқсан | |||
Түзулердің өзара орналасуы (19 сағ) | Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері | 7.1.2.3 екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу; 7.1.2.4 түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу; 7.1.2.5 түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану; 7.1.2.6 параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдеу; 7.1.2.7 параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану; | 5 |
Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы | 7.1.1.16 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын дәлелдеу; 7.1.1.17 үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану; 7.1.1.18 үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу; 7.1.1.19 үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану; | 5 | |
Үшбұрыш теңсіздігі | 7.1.1.20 үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану; 7.1.3.1 үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану; | 2 | |
Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілері. Тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттері | 7.1.1.25 тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдеу; 7.1.1.26 тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану; 7.1.1.27 тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін қолдану; | 3 | |
Перпендикуляр түзулер. Перпендикуляр, көлбеу және оның проекциясы | 7.1.2.8 Перпендикуляр, көлбеу және көлбеудің проекциясы ұғымдарын меңгеру; 7.1.2.9 нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың біреу ғана болуы туралы теореманы дәлелдеу және қолдану; 7.1.2.10 перпендикуляр түзулердің қасиеттерін білу және қолдану; | 4 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
4 тоқсан | |||
Шеңбер. Геометриялық салулар (13 сағ) | Шеңбер, дөңгелек, олардың элементтері мен бөліктері. Центрлік бұрыш | 7.1.1.31 нүктелердің геометриялық орнының анықтамасын білу; 7.1.1.28 шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу; 7.1.1.29 центрлік бұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану; 7.1.1.30 шеңбер диаметрі мен хордасының перпендикулярлығы туралы теоремаларды дәлелдеу және қолдану; | 3 |
Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы | 7.1.2.12 түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау; | 2 | |
Шеңберге жүргізілген жанама. Шеңберге жүргізілген жанамалардың қасиеттері | 7.1.2.11 шеңберге жүргізілген жанама мен қиюшының анықтамаларын білу; 7.1.2.13 есептер шығаруда шеңбер жанамасының қасиеттерін білу және қолдану; | 3 | |
Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер | 7.1.2.14 үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын білу; 7.1.2.15 үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің центрлерінің орналасуын түсіндіру; | 2 | |
Салу есептері | 7.1.2.16 берілген бұрышқа тең бұрыш салу, бұрыштың биссектрисасын салу, кесіндіні қақ бөлу; 7.1.2.17 кесіндінің орта перпендикулярын және берілген түзуге перпендикуляр түзу салу; 7.1.2.18 берілген элементтері бойынша үшбұрыш салу; | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
7-сыныптағы геометрия курсын қайталау | 2 | ||