«Алгебра» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар
7-сынып
Аптасына 3 сағат
Оқу жылында 102 сағат
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері | Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны |
1 тоқсан | |||
5-6 сыныптардағы математика курсын қайталау | 3 | ||
Бүтін көрсеткішті дәреже (11 сағ) | Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері | 7.1.2.1 натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу; 7.1.2.2 санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау; 7.1.2.15 натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану; 7.4.2.3 шаршы мен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты олардың ауданы мен көлемі қалай өзгеретінін бағалау; | 2 |
Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері | 7.1.2.3 нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу; 7.1.2.4 бүтін көрсеткішті дәреженің санды мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету; 7.1.2.6 көрсеткіші нөлге тең дәреженің негізіндегі айнымалының мүмкін мәндерін табу; 7.2.1.1 санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану; | 3 | |
Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру | 7.1.2.5 алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану; 7.2.3.1 құрамында дәрежесі бар сандар тізбегінің заңдылығын және жетіспейтін мүшелерін анықтау; | 2 | |
Санның стандарт түрі | 7.1.1.1 сандарды стандарт түрде жазу; 7.1.2.7 стандарт түрде жазылған сандарға арифметикалық амалдар қолдану; 7.1.2.8 стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігін және ретін табу; 7.1.2.9 стандарт түрде жазылған сандарды салыстыру; 7.1.2.10 шамаларды бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлікке айналдыру және оны стандарт түрде жазу; 7.1.2.11 шамалардың жуық мәндерін табу және оларды стандарт түрде жазу; 7.1.2.12 жуық шамалардың абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу; 7.1.2.13 калькулятордың көмегімен жуықтап есептеулерді орындау; | 2 | |
Мәтінді есептерді шығару | 7.4.2.1 өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығару; | 2 | |
Көпмүшелер (9 сағ) | Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі | 7.2.1.2 бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу; 7.2.1.3 бірмүшені стандарт түрде жазу; 7.2.1.4 бірмүшелерді көбейтуді орындау және бірмүшені көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету; | 2 |
Көпмүшелер. Көпмүшенің дәрежесі және стандарт түрі | 7.2.1.5 көпмүше анықтамасын білу және оның дәрежесін табу; 7.2.1.6 көпмүшені стандарт түрге келтіру; | 1 | |
Көпмүшелерге амалдар қолдану | 7.2.1.7 көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау; 7.2.1.8 көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындау; 7.2.1.9 көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау; | 2 | |
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу | 7.2.1.12 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілдері арқылы көбейткіштерге жіктеу; | 2 | |
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру | 7.2.1.13 көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау; | 2 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
2 тоқсан | |||
Функция. Функцияның графигі (17 сағ) | Функция және функцияның графигі | 7.4.1.1 функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру; 7.4.1.2 функцияның берілу тәсілдерін білу; 7.4.1.3 функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу; | 2 |
Сызықтық функция және оның графигі | 7.4.1.4 функциясының анықтамасын білу, графигін салу, k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтау; 7.4.1.5 түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау; 7.4.1.6 сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу; 7.4.1.7 у = kx + b сызықтық функциясының графигінен k және b таңбаларын анықтау; | 3 | |
Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы | 7.4.1.8 сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу 7.4.1.9 графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табу; | 4 | |
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу | 7.4.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу; | 4 | |
у=ах2, у=ах3 және ( k≠0) түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері | 7.4.1.10 y функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу; 7.4.1.11 функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу; 7.4.1.12 функциясының графигін салу және оның қасиеттерін білу; | 4 | |
Статистика элементтері (6 сағ) | Вариациялық қатар | 7.3.3.1 басты жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, нұсқалық ұғымдарын меңгеру; | 1 |
Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік кестесі | 7.3.3.2 нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептеу; 7.3.3.3 статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету; 7.3.3.4 таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету 7.3.3.5 кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру; | 2 | |
Жиілік алқабы | 7.3.3.6 таңдама нәтижесін жиілік алқабы түрінде көрсету; 7.3.3.7 кесте немесе жиіліктер алқабы түрінде берілген статистикалық ақпаратты талдау; | 3 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
3 тоқсан | |||
Қысқаша көбейту формулалары (29 сағ) | Қысқаша көбейту формулалары | 7.2.1.10 қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану; 7.2.1.11 қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану; | 10 |
Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру | 7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану; 7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу; 7.2.1.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау ; | 14 | |
Мәтінді есептерді шығару | 7.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру; 7.4.2.2 мәтінді есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару; | 5 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
4 тоқсан | |||
Алгебралық бөлшектер (21 сағ) | Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті | 7.2.1.16 алгебралық бөлшектерді танып білу; 7.2.1.17 алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу; 7.2.1.18 алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану: ; | 9 |
Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану | 7.2.1.19 алгебралық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау; 7.2.1.20 алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлуді, дәрежеге шығаруды орындау; | 10 | |
Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру | 7.2.1.21 құрамында алгебралық бөлшектері бар өрнектерді түрлендіруді орындау; | 2 | |
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау | 1 | ||
7-сыныптағы алгебра курсын қайталау | 2 | ||